400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәлімгерлерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-сынып
Сайыс сабағы
: Алғырлар алаңы
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: слайд, шарлар, суреттер
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Сайысқа үш сыныптан алынған 3 топ, әр топта 5 оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды.  Әділ қазылар алқасымен таныстырамын.
«Алғырлар алаңы» атты білім сайысымыз негізінен 7 кезеңнен тұрады: 
1 кезең. «Ұшқыр ой» топ басшысына викториналық сұрақтар
2 кезең. «Мағынаны таны» тұрақты тіркестердің мағыналарын табу.
3 кезең. Бұл кезең «Ойлы болсаң, озып көр! «» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген логикалық тапсырмаларға жауап беру.
4 кезең. «Ойлан, тап!» деп аталады. Бұл кезеңде суреттегі атауды қимылмен топтағы мүшелерге көрсету.
5 кезең. «Сөз ойла, тез ойла» деп аталады, яғни бір сөзден бірнеше сөз құрастрыу керек.
6 кезең. «Жаңғырған салт - дәстүрлер»деп аталады.. 

1 кезең. «Ұшқыр ой» топ басшысына викториналық сұрақтар
І топтың сұрақтары

1. ҚР Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
2. Тұңғыш қазақ ғарышкер? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Жыл мезгілдерін ретімен ата? (Қыс, көктем, жаз, күз)
4. Мысықтың неше аяғы бар?(4)
5. Мал жайылатын орын?(Өріс)
6. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (Дауысты және дауыссыз)
7. Алфавиттегі таңбаларды ата? (ъ,ь)

8.Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)
9.Қыс мезгілінің екінші айы  (қаңтар)
10.Абайдың шын аты (Ибраһим)

ІІ топтың сұрақтары: 
1. Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс? (У)
2. Сөйлем неден құралады? (Сөзден)
3. ҚР рәміздерін ата? (Гимн, Ту, Елтаңба)
4. Күз айларын ата? (Қыркүйек, қазан, қараша)
5. Бағдаршамның неше көзі бар? (3)
6. Бір таңбалы сандарды ата? (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9)
7. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
8. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
9. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? (3)
10. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)

ІІІ топтың сұрақтары: 
1. Тұңғыш ғарышкер кім? (Юрий Гагарин)
2. Түйенің сүті? (Шұбат)
3. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)
4. Ауаның температурасын өлшейтін құрал? (Термометр)
5. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
6. Шөлге шыдамды жануар? (Түйе)
7. Мемлекеттік туда қандай құс бейнеленген? (Қыран)
8. Адамның бір қолында неше саусақ бар? (5)
9. Жылқының сүті? (Қымыз)
10. Қандай сөздер бас әріппен жазылады? (Кісі, жер-су аттары)

II кезең. «Мағынаны тап»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау, әр дұрыс жауапқа 3 ұпай )

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)

III кезең. «Ойлы болсаң, озып көр!»
Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топқа логикалық 3 тапсырмалар беріледі. (Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай.)

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

1. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

IV кезең. «Ойлан,тап!»
(Топ ойыншылары өз топтарына суреттегі кескінді қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)

1 топқа:
Ат

Той
Жол
Сәби
Ту
Туфли


2 топқа:
Киіз үй

Жұлдыз
Кітап
Көгершін
Балмұздақ

3 топқа:

Боран
белдемше
шаш
бантик
шұлық

Ү кезең. “Cөз ойла, тез ойла”
(Әр топтың жетекшілері
шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)

VIкезең. «Жаңғырған салт – дәстүрлер.
Топ мүшелері ұмыт бола бастаған салт дәстүрлерге жылдам шапшаң жауап береді. Әр сұраққа 1 ұпайдан жауап береді.
Сұрақтар: І топқа
 
1. Нағашы деген кім? 
2. Құдайы тамақ беру деген не? 
3. Ұлттық киімдерді атап бер. 
4. Бет ашар туралы не білесің? 
6. Ұлттық ойындарды атап бер. 

ІІ топқа 
1. Айт мейрамы туралы не білесің? 
2. Құда, құдағи дегендер кімдер? 
3. Ұлттық тағамдарды ата? 
4. Шілдехана деген не? 
5. Қымыз қалай жасалады?
6. Қандай салт-дәстүрл ерді білесің? 

ІІІ топқа 
1. Бата беру дегенді қалай түсінесіңдер? 
2. Құда шақыру деген не? 
3. Ақсүйек қандай ойын? 
4. Тұсау кесу деген не? 
5. Қандай туыстық атауларды білесің? 
6. Ораза деген не? 
Осымен біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайысқа қатысып өз білімдеріңмен атсалысқандарың үшін үлкен рахмет! Ендігі сөз кезегін әділ қазыдар алқасына берейік.
( Әділ қазылар сөз сөйлеп жеңімпаз топтарды марапаттайды)









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 маусым
1048
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі