400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
“Білгірлер бәйгесі”
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Арыс қаласы

М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы











Сайыс сабақ





Тақырыбы: “Білгірлер бәйгесі”

10 а,б сыныптары















Пән мұғалімі:Муталиева Фарида Бегалықызы

Арыс қаласы 2020 ж



Сайыс сабақ



Тақырыбы: «Білгірлер бәйгесі»

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылыққа, өзіндік даму мен жалпы өмірлік ситуацияларға дайын болуға, көзқарасын қалыптастыру, өздігінен ізденуге, тұжырымдар жасауға баулу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушының ойлау қабілетін дамыту, біліктілігін арттыру, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыны ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, приборлар, сызбалар, қанатты сөздер.

Пән аралық байланыс: әдебиет,алгебра,тарих.

Сабақтың барысы: «Білгірлер бәйгесі» білім сайыс сабағын ашу

Жоспар

  1. «Болашақ» және «Жарқын ұрпақ» топтарының өзін-өзі таныстыруы, эмблемаларын қорғау;(1-5 ұпай)

  2. «Бәйге» сайысы. Сұрақ – жауап;(1 ұпай)

  3. Таңдаулы тақырыптар (физика, салт – дәстүр, Қазақстан тарих);

  4. «Кім жылдам?» Формула сайсы;(5 ұпай)

  5. Тәжірибелер сайысы;(5 ұпай)

  6. Шығармашылық жұмыс;(10 ұпай)

  7. Капитандар сайысы; ;(1-10 ұпай)

  8. Қорытындылау.

Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін Әділ қазы мүшелерімен таныстыру.







Мұғалім:

Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтыай да жарқырай береді.

Қаныш Сәтбаев

Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой

Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой.

Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,

Артыңнан қалмайды екен тірі де ол.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Ғарыштың кемелері, атылған тас.

Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр,

Бәрінің бағынары физика ғой!-деп І-ші айналымды бастаймыз.

І-айналым

«Болашақ» және «Жарқын ұрпақ» топтарының өзін-өзі таныстыру және эмблемаларын қорғау;

«Болашақ» тобы 10 «А»

Ұраны: Болашақпен бірлікте

Жеңеміз бәрін біз бірге.

«Жарқын ұрпақ» тобы 10 «Б»

Ұраны «Жарқын ұрпақ» тобымыз

Ашық болсын жолымыз

Шаршамаймыз талмаймыз

Қарсыластан қалмаймыз

Физиканы меңгеріп

Биіктерге самғаймыз.

ІІ-айналым

Бәйге сайысы "Сұрақ - жауап"

Дұрыс жауапға 1 ұпай беріледі



1. Ғылыми гипотеза дегеніміз не?

Ж: Ғылыми деректермен негізделген жорамал - болжам гипотеза деп аталады.

2. 1,5 минутта неше секунд бар?

Ж:1,5 мин = 90с

3. Табиғатты зерттеудің негізгі әдістерін ата?

Ж: Бақылау, эксперимент тәжірибе,теориялық әдіс

4. Дененің инерттілігін сипаттайтын қандай шама?

Ж: масса

5. Айдың Жерді айналу периоды нешеге тең?

Ж: Т = 27,3 тәу =2,4*106с

6 .Марс планетасының табиғи серігі?

Ж:Фобос

7. Параболалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық?

Ж:ІІ ғарыштық жылдамдық Shape1 Shape2

8. Фотон дегеніміз не?

Ж: тыныштық массасы жоқ, электр заряды жоқ бөлшек, бірақ оның m мен энергиясы, импульсі бар.

9. Атомдық және ядролық физикада масса бірлігіне не алынады?

Ж: м.а.б = 1,66*10-27кг = 931,5 МЭВ

10. Ядроны жеке нуклондарға ыдырауға жұмсалатын энергия қалай аталады?

Ж: Байланыс энерг ∆Е = (ZМH + Nmn - Ма)с2

11.Ядро құрамындағы нейтронды ашқан қай ғалым?

Ж: Д.Чэдвиг

12. Нуклондар дегеніміз не?

Ж:Ядро құрамындағы протон мен нейтрон

13. Тұтас ядроны не деп атаймыз?

Ж: Нуклид

14.Жылу берілудің қандай түрлерін білесің?

Ж: Жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару

15.Жылу алмасусыз жүретін процесті ата?

Ж: Адиабаталық процесс деп аталады Q = 0

16. ІЖҚ - тың бір жұмыстық циклінде қанша жүріс бар?

Ж: сору, сығу, жұмыстық жүріс, шығару

17.Заттың мольдік массасы дегеніміз не?

Ж:бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасын айиамыз. М=m= m0*NА

18. Мұздың еру температурасы қайнау

1) Фарангейт шкаласы 320F 212 F

2)Реомюр шкаласы 00 Р 800 Р

19.Заттың кризистік температурасы дегеніміз не?
Ж:Сұйық тығыздығы мен оның қаныққан буының тығыздығы бірдей болатын кездегі температураны айтады

20.Сублимация дегеніміз не?

Ж:Қатты дененің булануын айтамыз

21.Бойль- Мариотт заңында қандай шама тұрақты?

Ж: Т =соnst

22.Электрон заряды мен массаның мәні нешеге тең?

Ж: е=1,6*10-19Кл mе =9,1-10-31кг

23. Тәуліктің төрттен бір бөлігі неше сағат?

Ж: 6 сағ

24. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі

Ж:Ғасыр

25. Өткізгіштерді параллелль қосқанда қандай шама тұрақты болады?

Ж: U-кернеу















ІІІ-айналым Таңдаулы тақырыптар

Физика

10

20

30

40

50

Физика және салт дәстүр

10

20

30

40

50

Қазақстан тарихы

10

20

30

40

50

Физика:

10. Ұшқанда қайсысы қанатын жиірек қағады, маса ма әлде шыбын ба?Себебін түсіндіріңдер? Жауабы: Маса m<0 V>0

20. Абсолют температураның шкаласы бойынша дені сау адам денесінің температурасы неге тең? Жауабы: t=36,5◦C=309,5К t =37◦C=310К

30. Тұлғадан сұрақ. Мүтәлі Айдана

Францияда өте мықты көпір болған. Оның үстінен сап түзеген әскер өткенде, көпір ойламаған жерден опырылып, 200 адам апатқа ұшырайды. Апаттың себебі неде? Физикалық мазмұнын түсіндіріңдер? Жауабы: резонанс

Жауабы: Саны көп майда кристалдардан тұратын қатты денені поликристал дене деп атайды. Жекелеген кристалдарды монокристалдар деп атайды.

40. Экранға призма және спектрді қою керек. Ақ жарықтың спектрге жіктелуін қай ғалым анықтады? Жауабы: И.Ньютон

50. Адамның көз бұршағының диаметрі шамамен нешеге тең?

Жауабы: Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене- көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағы – диаметрі 8 – 10 мм болатын кішкентай

Физика және салт- дәстүр

10 .Айлы түні үйден неге сүтті алып шығуға болмайды? Себебін түсіндіріңдер.

Жауабы:Сүтке ай сәулесі түсуіне байланысты, малдың желіні ісіп кетеді. Малдың желіні ауруына ұшырауы мүмкін.

20. Мына мақалдардың тәрбиелік және физикалық мәнін түсіндіріңдер ?

« Кемені суға дария батырмайды, дауыл батырады» Жауабы:Архимед күші

30. Неліктен газ пешінің , самаурынның , керо газдың тағы басқа тамақ дайындауға арналған приборлардың ПӘК – і 100%- ға тең болуы мүмкін емес?Себебін түсіндіріңдер? Жауабы:. Энергия шығыны болуына байланысты

40Мына өлең шумақтың физикалық мағынасын түсіндір. М Мақатаев



Күзде



Күзі келіп, өмірдің жазы қайтып

Қазы қайтып, аттанар назын айтып

Айдың көлдің бетінде сызат қалар ,

Қазы қайтып келгенше жазылмайтын.

Ж. Термодин. II заңы . Бүкіләлемдік тартылыс күші

50. Бес жаратылысты атаңдар? Жауабы:. Күн, Ай, Жұлдыз, Күндіз, Түн.





Қазақстан тарихы

10. Қазақстан (ЕҚЫҰ) Европа Қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымына қай жылы төрағалық етті. Жауабы: 2010 ж

20. Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы қашан және қай қалада өткізілді?

Жауабы: 1992 ж Алматы қаласы 29 қыркүйек 33 елден келді

30. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? Жауабы: Туркия

40. Қазіргі таңда әлемнің қанша мемлекетімен сыртқы сауда байланысы орнатылған. Жауабы: 145

50. Тұлғадан сұрақ Сейілбек Нұрдәулет

Не себепті Шығыс Қазақстан облысы Шілікті ауданында табылған 3-ші алтын киімді жерледі? Жауабы: Себебі жергілікті жерде бұрын соңды болмаған жұқпалы аурулар, қуаңшылық бола бастайды. Адамның қолымен бірдей бұршақ жауды, сондықтан ауыл ақсақалдары сақ патшасының киелігі деп санап, қайта көмеді.

















ІV-айналым «Кім жылдам?»

Мұғалім: Адам мақсатына өзін – өзі

жетілдіру арқылы жетеді.

Әбу Нәсір әл -Фараби

Ойла-ойла тереңнен

Жақсы емес көп бөгелген

Формуланы білмесең

Өте алмайсың көпірден

Әр топтан 2-2 оқушыдан шығып белгіленген уақытта формула жазады. Жазған формулалардың дұрыстығын тексеріп,қай топтың көп және дұрыс жазғанына қарай бағаланып, қорытындысын шығарамыз.

V-айналым Тәжірибелер сайысы

Білім - бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді, не істесе де келістіріп істейді.

Қазақтың тұңғыш тілші ғалымы:Ахмет Байтұрсынұлы

Әр топтың қатысушылары үйден дайындап келген тәжірибелерін көрермендердің алдында жасап оның физикалық мазмұнын түсіндіріп береді.



VІ-айналым Шығармашылық жұмыс

Білімнің сөзі –ем,

Мейірімі –көп, өзі – кең

Мағжан Жұмабаев

Оқушылар үйден дайындап келген жұмыстарын ұстаздар алдында қорғайды.



VІІ-айналым Капитандар сайысы

Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман Н.Ә.Назарбаев

10 а «Болашақ»тобы

  1. Заттың магниттік қасиетін сипаттайтын шама? Жауабы: Ортаның магнит өтімділігі

  2. Гидравликалық машинаның жұмыс істеу принципі негізделген заң? Жауабы: Энергияның сақталу заңы

  3. Антипрононның заряды Жауабы: теріс

  4. Идеал газдың жұмысы нөлге тең болатын процесс Жауабы: Изохоралық процес А=0

  5. Мұздың еру температурасы Жауабы: 0◦C Цельсий шкаласы

  6. Магнит индукциясының өлшем бірлігі Жауабы:Тесла

  7. Қозғалысқа түскен зарядталған бөлшекке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күш? Жауабы:Лоренц F=qVBsin

  8. Жылжымайтын блок күштен ұтыс бере ме? Жауабы:Ұтыс бермейді

  9. Оқушы 200м қашықтықтағы мектепке барып, қайта оралды. Орын ауыстыру нешеге тең? Жауабы: 0

  10. Планк тұрақтасының шамасы неге тең? Жауабы: h=6,02*10-34Дж*с

10 б«Жарқын ұрпақ»тобы



  1. Зымыранның реактивті қозғалысын түсініретін заң? Жауабы: Импульстың сақталу заңы

  2. Қума механикалық толқындар тарала алатын орта? Жауабы:қатты,сұйық,газ

  3. Адамның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін аспап? Жауабы: психрометр

  4. Гамма сәулелерінің зарядының шамасы? Жауабы: Заряды жоқ

  5. Электр қозғаушы күштің өлшем бірлігі? Жауабы: Вольт

  6. Қысым тұрақты болғанда өтетін процесс? Жауабы: Изобаралық процесс

  7. Термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамасын жасаған қай галым? Жауабы: Клаузиус

  8. Бір атомды идеал газдарға қандай газдар жатады?Жауабы:гелий,неон,аргон

  9. Линзаның оптикалық күшінің өлшем бірлігі? Жауабы: дптр

  10. Больцман тұрақтысы? Жауабы: 1,38*10-23Дж/К



Қорытындылау: Сайысымыздың соңында әр топтың жинаған ұпайларын қорытындылаймыз.

Білім деген биік шың,

Бақатқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер-деп сайысымызды аяқтап, жеңімпазды марапаттаймыз.















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 мамыр
969
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі