400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:

Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілік, ынтасын арттыру, ана тілімізді құрметтеуге , тіліміздің қыр-сырын білуге ,рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты , ар ожданы мол азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сайыстың тақырыбы, нақыл сөздер, тапсырмалар ,тірек -сызбалар , сұрақтар жинағы

Барысы

Жүргізуші: Біздің Отанымыз байтақ та бай ел.Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар.Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп , бойға тарайды.Сол бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі орындылығында , өрлігінде , орасан зор байлығында.

Олай болса ,қымбатты ұстаздар , оқушылар бүгін біздің мектебіміздің

7 «А», 7 «Ә»,7 «б», 7 «в» сыныптардың қатысуымен «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты зияткерлік сайыс өткізгелі отырмыз. Сайысымыздың атынан белгілі болып тұрғандай қай сыныптың оқушылары білімді , жүйрік те дарынды ,озық ойлы екенін анықтау.

Сайыс бес турдан тұрады.

1-тур.Топты таныстыру.

Ақыл-көрік бойларында жетеді

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршамызға өздерін,

Сайыскерлер таныстырып өтеді

Әр топтың топ басшылары өз топтарын, топ мүшелерін таныстырып өтеді.

2-тур. «Жеті жұрттың тілін біл»

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық.Мұнда сіздер берілген жұмбақтың шешуін табумен қатар орысша ,ағылшынша, тілді дұрыс сөйлеумен жазуларыңыз тексеріледі. Барлығыңызға табыс тілеймін!

1.Күн мен ай теңелетін жыл мезгілі

(көктем-весна-spring )

2.Мұрты бар ,иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң.

Далаға кіріп-шығар сапары жоқ.

(мысық-кот-cat)

3.Жүз тенгең болғанша

Жүз.... болсын.

(дос-друг-friend)

4.Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы

(ит-собака- dog)

5.Ұшқан .....,жүгірген аң

Бәрі тамақ. (құс-птица-birk)

6.Әр адамның шағын Отаны.

(отбасы-семья-family)

7.Футболшының алаңдағы ойын заты.

(доп –мячь-ball )

8.Қабат –қабат қаттама ,

Ақылың болса аттама

(кітап-книга-book)

3-тур. «Бәйге»

Бұл кезеңде сіздер берілген сұрақтарға бірінші болып жауап беруге тырысасыздар. Жауаптарыңыз дұрыс болмаса, келесі топ жауап береді.

Әр дұрыс жауап үшін он балл алуға болады. Сонымен барлығыңызға сәттілік тілеймін !

1-сұрақ: Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қашан қабылданды?

Жауап:

2-сұрақ: Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің?

Жауап: (Асық, аударыспақ, көкпар, орамал тастамақ,ақсүйек,т.б.)

3-сұрақ : Қазақта қуанышты хабар жеткізушінің алғашқы сөзі қалай басталады? (Сүйінші! )

4-сұрақ: Қазақтың ұлттық аспабында ойналатын әуен? (Күй)
5-сұрақ: Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?

(Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді)

6-сұрақ: Елтаңбаның авторы кім?

(Шот-Аман Уалиханов және Жандарбек Мәлібеков).

7-сұрақ: Ата тегі бірдей қазақ ақын жазушыларын ата

(Жұбан Молдағалиев ,Тұманбай Молдағалиев)

8-сұрақ: Ең көп шығарма жазып қалдырған қандай қазақ жазушысын білесің?

(М.Әуезов. 50 томдық шығармалар жинағы)

9-сұрақ: Ақан серінің тұлпарының аты.

(Құлагер)

10-сұрақ: Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма

(М.Әуезов «Абай жолы»)

4-тур. «Тапқыр болсаң , тауып көр»

Бұл кезең «Ойлы болсаң тауып көр « деп аталады. Мұнда сіздерге берілген мәтелді топпен бірге қимыл іс-әрекетпен көрсетесесіздер .сіздердің қарсылас топтарыңыз сол мәтелді тауып айтады. Мұнда сіздер актерлік шеберліктеріңізді көрсете аласыздар.Барлығыңызға сәттілік тілеймін!

1.Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас.

2.Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті

3.Батыр бір өледі

Қорқақ мың өледі

4.Өзің су ішетін құдығыңа түкірме

5.Қонақ қойдан жуас

6.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

7.Батаменен ел көгерер

Жаңбырменен жер көгерер

8. Бала жетіге толғанша , жерден таяқ жейді

5-тур. «Жас тілші» ораторлық сайыс

Бұл кезеңде әр топтың бір мүшесі ілінген суретке қарап сурет бойынша әңгімелейді. Мұнда сіздердің сөйлеу мәнерлеріңіз, тіл байлықтарыңыз,қаншалықты ұтымды ой айта білдіңіз , сол бағаланады.Орыс,

ағылшын тілдерінде де айта алсаңыз жоғары ұпайға ие боласыздар.Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

-Жеңімпаздарды анықтауды әділ қазы алқаларының еншісіне бере отырып,сіздердің бүгінгі сайыста көрсеткен жан-жақты білімдеріңізге, , ұтымды жауаптарыңызға өнерлеріңізге үлкен алғысымызды білдіреміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
961
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі