Сайыс
сабақ
«Ғажайып
математика»

Орындаған:Басқабаева.Г
Тақырыбы: Ғажайып
математика
Білімділік:Балалардың
математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету,
есептеу дағдыларын жетілдіру. Шығармашылық ізденістерін ұштау.
Дамытушылық: Оқушылырдың логикалық ой - өрісін, есте сақтау
қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік;Оқушылардың білімін өмірде қолдана
білуге үйрету. Пәннің керектігін сезінуге баулу. Ұйымшыл болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: топ тапсырмалары, суреттер,
нақыл сөздер, логикалық есептер, ұпай
көрсеткіштері.
Сабақтың
түрі: Топтық
сайыс
Сабақ
типі: Ойын
түрінде
Жоспары:
1. Топтардың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. «Бәйге» (тапқырлық сайыс)
3. Білімпаздар еліне саяхат. (арнайы тапсырма)
4. «Ойлы болсаң озып көр» (логикалық тапсырмалар)
5. Мақалдың жалғасын табу
6. Жұмбақтар шешу
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Көңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ есеп бәрі бар,
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық
Кім білімді табайық - дей келе ортаға сайысқа қатысушы екі топты
шақырайық.
Сайысқа қатысушы топтардың аты «Тапқырлар» және «Алғырлар» тобы.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып
өтейік.
Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады
1. «Бәйге»
2. Білімпаздар еліне саяхат.
3. «Ойлы болсаң озып көр»
4. Мақалдың жалғасын табу
5. Жұмбақтар шешу.
Таныстыру.
1 топ: Тапқырлар
Сәлемдесу:
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді.
2 топ: Алғырлар
Сәлемдесу:
Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш санасып көрейік,
Жеткенінше әліңіз.
1кезең:
«Бәйге»
Тапқырлар тобына:
1. 1 метрде неше сантиметр бар? /100см
2. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? /айырманың мәні
3. 1 сағатта неше минут бар? /60мин.
4. Қарама - қарсы қабырғалары өзара тең фигура қалай аталады?
/төртбұрыш 5.Масса өлшем бірліктерін ата/мг.г.кг.ц.т.
6. 1кг
400г *
800г
7. Тәуліктің 3тен 1 бөлігі неше сағатқа тең? / 8сағ.
8. Екі нүктенің арасындағы түзу қалай аталады? /кесінді
9. 1 тоннада неше центнер бар? /10ц
10. Қыс пен көктемде неше ай бар? /6 ай
Алғырлар тобына:
1. 1 килограмда неше грамм бар? /1000г
2. Қосудың нәтижесі қалай аталады? /қосындының мәні
3. Барлық қабырғалары тең фигура қалай аталады? /шаршы
4. Ұзындық өлшем бірліктерін ата/ см, дм, м, км
5. Кез келкен санды о - ге көбейткенде не шығады? /0
6. 1м 14см* 90см
7. Ең кіші натурал сан/1
8. 1дециметрде неше сантиметр бар? /10см
9. 100 жыл неше ғасырға тең?/1ғ
10. 2 тәулікте неше сағат бар? /48сағ.
2 кезең. Білімпаздар еліне
саяжат.
2 топтың қатысушыларына
карточкалар 1 тапсырма:өрнектің мәнін тап 2 тапсырма: теңдеуді
шеш
3 кезең: «Ойлы болсаң озып
көр» (логикалық
тапсырмалар)
Тапқырлар тобына:
1. Төрт қойдың неше аяғы бар?/16
2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3кг болады, ал егер екі аяғымен
тұрса, оның салмағы неше?/3кг
3. Ағаш бұтағында100 торғай отырады, аңшы 10 торғайды атып алады.
Торғайдың қаншасы қалды?/10
4. 1т. мақта ауыр ма, 10центнер темір ауыр ма?/тең
5. Қарындасы 4 жаста, ағасы 6 жаста. Қарындасы 6 толғанда ағасы
неше жаста?/8
6. Шөпте қояндар тығылып отыр. Тек 10 құлағы ғана көрініп
тұр. Шөпте неше
қоян тығылып отыр?/5 қоян
7. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік
боран соқты?/4 тәулік
8.
Бір адам қалаға бара жатыр еді. Жолда оған
үш танысы қарсы жолықты. Қанша адам қалаға барды?/1
адам
Алғырлар тобына:
1. Бес тырнаның неше аяғы бар?/10
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?/3
минутта
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындасы
бар. Жанұяның қанша баласы бар?/6
4. 1 кг тұз ауыр ма, 1000 гр мақта ауыр
ма?/тең
5. Егер 1кг алманың бағасы100теңге болса, жарты
килограмм алманың бағасы қанша
болады?/50теңге
6. Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. Олардың 4 -
еуі кетіп қалды. Нешеуі қалды?/ жазда сырғанақ
болмайды. 7. Ағашта 8 торғай отыр еді. Аңшы 1 еуін атып тусірді.
Қанша торғай қалды?
8. Жыл он екі ай ішінде 30 және31 сандары ауысып келіп отырады. Ал
28 саны қай айда кездеседі?/ барлық
айда
4 кезең. Мақалдың
жалғасын табу
Тапқырлар
тобына:
1. Жеті жұрттың тілін біл,
(жеті түрлі ілім біл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)
Алғырлар тобына:
1. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарар)
2. Бір кісі қазған құдықтан, (отыз кісі су ішер)
3. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, (төртеу түгел болса төбедегі
келеді)
4. Жеті рет
өлшеп, (бір рет кес)
5 кезең. Жұмбақтар
шешу.
Тапқырлыр тобына:
1. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс/ сызғыш
2. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс жуғышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды, қолда бары? /6
Алғырлар
тобына:
1. Бір - бірімен жарысқан,
4 аю, 1 арыстан.
2 қой мен 1 түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? /8
3. Екі қатар тал шыбық,
Күндіз алыспайды, қабыспайды,
Түнде қабысады. /кірпік.
Жүргізуші:
Сайысының қорытындысын айту үшін, сөз қазылар
алқасына беріледі.
Алдыңызда жайнаған
жүздер әні,
Сіздерменен кездесеміз біздер әлі.
Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі!