жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сайыс сабақ
Сабақтың тақырыбы:География әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға географиялық картаны меңгерту, нысандарды дұрыс табуға үйрету. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру. Шапшаңдық, ойлау, тапқырлық қасиеттерін дамыту. Ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, ойын айта білуге үйрету. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, сұрақтар
Сабақтың әдісі: География, әдебиет, музыка
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: География пәні – өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық- жер бетін, планетамызды, табиғатты, ондағы тіршілік ететін өсімдік, жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. Геогафия пәнінің бір ерекшелігі оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әртүрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Олай болса осы мектептің 6 сынып оқушылары арасында «География әлеміне саяхат» атты географиялық интелектуалдық сайысымыз бастаймыз.
Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
-
Таныстыру
-
Кім жылдам?
-
Ойлы болсаң озып көр
-
Өнер
-
Кім тапқыр?
-
Картамен жұмыс
-
Географиялық сергіту
1.Таныстыру кезеңі
Әр топ атын, ұранын, төсбелгісін таныстыру
Қазағым мақтанады ұрпағымен
Көрінсін ұландарым бар қырымен
Танытсын кім екенін мына көпке
Аты-жөнін ата-баба жолыменен
2. Кім жылдам?
1-топ
-
Ғылым нешеге бөлінеді?
-
Атмосфера жердің қандай қабаты?
-
Жер бетінде нәсілдің неше түрі бар?
-
Материк деген не?
-
География қай елде пайда болды?
2-топ
1) Жұлдыз дегеніміз не?
2) Жер бетінің ауданы қанша?
3) Гидросфера жердің қандай қабығы?
4) Глобусты алғаш болып жасаған кім?
5) Масштабтың неше түрі бар?
3-топ
-
Галактика дегеніміз не?
-
Литосфера жердің қандай қабығы?
-
Табиғатты бақылаудың қанша әдісі бар?
-
Географияның атасы кім?
-
Жер шары қашан пайда болды?
4-топ
1)Орбита дегеніміз не?
2) Жердің ішкі құрылысын ата
3) Биосфера дегеніміз не?
4) Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?
5)Мұхитардың ауданы қанша?
3.Ойлы болсаң озып көр
1. Үйге кірдің қара жер
Назарыңды сала көр
Шыр үйіріп үңіліп
Іздегеніңді таба бер (глобус)
2.Барма жоқ па оны
білмейсін,
Ол жоқ жерде өмір сүрмейсін( ауа)
3.Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жасы тамып барады. (Бұлт)
4.Әуеден күбі түсті
Күбінің түбі түсті (Күн күркіреу )
5.Аралайық әлемді
Берем дерек, дәлелді
Табыңдаршы өздерің
Жұмбақтадым қай елді
Айтыңдаршы ал енді
Ұлы қорған бар елді
6.Қараңғыда жымындайды ,
жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады.(жұлдыз)
7. Құлағы мен көзі
жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды. (қырау)
8.Көтеріп орман тоғай , тастын
бәрін,
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым (Тау)
9.Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың. (Жаңбыр)
10. Бір нәрсе етегі кең, найзасы бар,
Қосылған адамзатқа айласы бар.
Мекені жерде емес, көлде емес,
Адамға әр уақытта пайдасы бар.
(Найзағай)
4. Өнер. Әр топ өз өнерлерін көрсету.
Ән салу, би билеу, өлен оқу т.с.с.
Ұстазы шәкіті үшін қуанады
Өнерін кім жасырып тұра алады
Сайысқа түсуге даярланған
Өнер сүйер өрендер сөз алады.
5.Кім тапқыр?
Қайсысы епті,қайсысы мықты
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кімдер жылдам
Таланттарын табайық.
Бұл кезеңде оқушыларға логикалық тапсырмалар беріледі.
Бір елдің сипаттамасы беріледі, сол бойынша елді картадан тауып көрсетулері керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.
І
топқа:
Бұл өсімдікті орта ғасырларда
ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде
қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі
Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын
беріп тұрған.
Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.
Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл
өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.
Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: Сарымсақ
ІІ
топқа:
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда
болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан
монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын
жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде
қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық
Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде
пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана
бастады.
Бірінші көмек: Отаны - Қытай
Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда,
Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.
Жауабы: Шай
ІІІ топқа
:
Бұл дамушы елдің аумағы екі
дүние бөлігінде орналасқан.
Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзеннің аңғары мен
атырауында тұрады. Ел астанасы - материктегі аса ірі
агломерациялардың бірі. Тарихи - мәдени ескерткіштер мен
рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық
дәрежеде дамыған. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық
негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта - ел экспортының
маңызды бөлігінің бірі.
Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан.
Екінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.
Үшінші көмек: Пирамидалар елі.
Жауап: Египет
ІV
топқа:
Бұл елдің атауы өз тілдерінен
аударғанда "төмен жатқан жер"
деген мағына береді. Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан. Ел
аумағында халық өте тығыз орналасқан. Өнеркәсіптегі жоғарғы
технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін
2 орын алады. Ауыл шаруашылығының басты саласы - көкөніс және жеміс
- жидек өсіру. Мал шаруашылығының негізі - сүтті сиыр өсіруге
маманданған. Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы
өсіріледі.
Бірінші көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған.
Екінші көмек: Бұл елді гүлдердің отаны деп атайды.
Үшінші көмек: Бұл елді екінші атауымен Голландия деп те
атайды.
Жауап: Нидерланды
6. Картамен жұмыс
Еуразия материгінің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа канша км екенін анықта.
Африка материгінің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа канша км екенін анықта.
Солтүстік Америка материгінің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа канша км екенін анықта.
Аустралия материгінің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа канша км екенін анықта.
Табиғаттың қайталанбас құбылыстары туралы.
1.Ең үлкен материк.(Еуразия)
2.Ең ұзын өзен.(Ніл)
3.Ең биік тау. (Гималай)
4.Ең суық материк. (Антарктида)
5.Ең үлкен мұхит. (Тынық мұхит)
9.Ең ыстық материк. (Африка)
10.Ең биік сарқырама. (Анхель)
11.Ең үлкен шөл.(Сахара)
12.Ең терең шұңғыма.(Мариана)
Осымен жаратылыстану пәндері апталығының «География әлеміне саяхат» атты сайыс сабағымыз өз мәресіне жетті.Келесі сөз кезегін әділқазыларға берейік. Әділқазылар жеңіске жеткен топты анықтап, мақтау қағаздарын табыстайды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген