

«Тапқыр
болсаң,
озып
көр!»
Дайындаған
Сайыс: «Тапқыр болсаң, озып көр!»
- Армысыздар, құрметті ұстаздар, қатысушылар және
көрермендер!
«Тапқыр болсаң, озып көр!» сайысын ашық деп
жариялаймыз!
Әрқашанда білім көптік
етпеген,
Талапсыз жан мұратына
жетпеген,
Сәлем бердік ұландарға
талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ
ниетпен – демекші, бүгінгі сайыста қатысушы топтардың жолдамдығы
мен ептілігін, тапқырлығы мен алғырлығы додаға түседі.
- Баға берер топтарға,
Қара қолды қылышпен қақ
жаруға.
Әділқазы алқасын біз салайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға – деп әділқазылар
алқасын сайлап алайық.
1)
2)
3)
- Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен
танысайық:
1.
Ширату
2. Өнер сайысы (үй жұмысына
дайындап келген тапсырма)
3. Жеті жұрттың тілін
біл.
4. Тапқырлар
сайысы.
5. Капитандар
сайысы.
6. Ептілер
сайысы.
-
кезең «Ширату» 5
мин
Балқарағай, қолшатыр –
сөздеріндегі әріптерді пайдаланып сөздер құрау. Әр сөзге 1
ұпай.
-
кезең «Өнер сайысы»
8-10мин
«Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Үшінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең» - деп өнер сайысын
бастайық.
Үй тапсырмасы өлең шумақтарын «Мозайка әдісі»
арқылы құрастыру.
-
кезең «Жеті жұрттың
тілін біл» 5 мин
Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып,
оның орыс тілінде аудармасы айтылса, 20 ұпай беріледі. Тек қазақша
жауабы үшін 10 ұпай беріледі.
|
1) Аяғы біреу, қолы жоқ
Шиыр – шиыр жолы көп
Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді (Қалам-ручка)
2) Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған (Бор-мел)
3) Сағат сайын қағылады
Тек мектептен
табылады (
Қоңырау-звонок)
4) Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық қулығы (Түлкі-лиса)
5) Қыста ғана болады
Ұстасаң қолы тоңады (Қар-снег)
6) Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны
(Теледидар-телевизор)
7) Өзі кірді ашады
Суға
салсаң қашады (Сабын-мыло)
|
8) Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (Пияз-лук)
11)Қабат-қабат қаттама
Ақылын болса аттама (Кітап-книга)
12.Құштар болып оқу
менен бiлiмге,
Бiз
барамыз қыркүйектiң
бiрiнде.
|
-
кезең «Тапқырлар сайысы»
2 топқа 2 түрлі ребус беріледі
сайыскерлер жылдам ребустың шешуін табу керек. Әр дұрыс шешілген
ребусқа 5 ұпай.
-
кезең «Капитандар
сайысы»
Әр топ командирін шақырамыз.
1 минут ішінде қойылған сұраудың дұрыс жауабы 1
ұпайдан есептеледі.
1. Республикамыздың басты қаласы
(Астана)
2. Кітапты неден жасайды? (Ағаштан)
3. Білім күні қай күн? (1-қыркүйек)
4. Анаңның аты кім (...)
5. Қазақша жыл басы (Наурыз)
6. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
7. Сыныбыңда қанша оқушы бар?
8. Аспан сөзінде неше әріп бар?
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім (Т.
Әубәкіров)
10. Бір өркешті түйе (Нар)
11. Апрель айының қазақша
атауы. (Сәуір)
12. ТОбыңның аты
13.Биыл тәуелсіздігіміздің орнағанына неше
жыл?
14.Жасың нешеде
15.Мемлекеттік рәміздер
16.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
17.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған
ақын
18.Оқу жылы қашан аяқталады?
19.Киелі құс
20. «Көз қорқақ – қол ...»
6.кезең. «Кім жылдам» . Әр
ұпайға 3 балдан беріледі.
1. Ғылым таппай мақтанба
өлеңінің авторы кім?
2. 1 дм қанша см
бар?
3.Жазбаша сөйлеуге не
жатады?
4. Диалог дегеніміз
не?
5. – Есіктен күзде аттап
едім,
Онда
өзім аппақ едім.
Сапар
келіп жайғасты.
Содан
бірер ай
да
асты; қай өлеңнен
үзінді?
-
Сөйлем дегеніміз
не?
-
Денеміз сымбатты болу үшін
не істейміз?
-
Үзіліс кезінде қандай
ережені басшылыққа алу керек?
-
Ең үлкен бұлшық
ет?
-
1ц қанша кг бар?
Тамамдадық біз
бүгін,
Әділқазы береді
Дұрыс, әділ
шешімін.
- Құрметті көрермендер, әділқазылар алқасы өз
шешімін шығарғанша, сайыскерлерге арналған шашуымызды қабыл
алыңыздар!
- Болмасын ешбір сын өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке! – демекші, сөз кезегін
әділқазылар алқасының төрайымына береміз!