жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сайыс сабақ 4 сынып
Тақырыбы: «Шыдамды еңбек,алғыр ой, нағыз досың біліп қой»
Мақсаты:Қолөнерден үйренгендерін көпшілікке көрсету. Оқушылардың өз ойларын еркін, ашық айта білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету,оқушылардың іскерлігін және дағдыларын ойын үлгісінде көрсету.
Дамытушылық:
Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау,
өнерге ынтасын дамыту,
ұлттық
мақтанышын, сезімін ояту.
Тәрбиелік
мақсаты:
Эстетикалық
талғамын ұштап, өнерге, шығармашылыққа,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
1.Кіріспе бөлім.
Сайыстың мақсатымен таныстырып өту. Оқушыларға өз мақсаттарын қойғызу.
Сайыс кезеңдері:
1.«Сөз анасы-сәлем» таныстыру топ аты,ұраны.
2. «Кім жылдам» (түйме қадау, тігіс тігу)
3. Мақал-сөздің мәйегі.Мақалдың жалғасын табу.(өнерге,еңбекке,шеберге байланысты 10
мақал)
4. Үй тапсырмасы.(үйден бұйым әзірлеп әкеліп таныстыру жасалу жолын айту.)
5. «Анаграммалар» сайысы.
6.«Қалтадан шыққан сый» полиглот сайысы.
7. Қорытындылау..
Сабақтың түрі: сыныптан тыс сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, бүктемелер, кеспе қағаздар, сайыс тапсырмалары, слайд.
Пәнаралық байланысы: әдебиет, бейнелеу, өзін-өзі тану, орыс тілі, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Кіріспе.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Халық қолқнері асыл-қазына үйірмесінің» қыздарының қатысуымен өтетін «Шыдамды еңбек,алғыр ой, нағыз досың біліп қой» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымыздың барысымен таныстырып өтейін.
Енді, сайыс сабағымыздың әділ-қазылар алқасын сайлап таныстырып өтейін.
ІІІ.
Негізгі бөлім.
Мұғалім:
Гүл
өсірсең терлеп, мұның аты – еңбек,
Кесте
тіксең зерлеп, мұның аты – еңбек.
Сабағыңа
жөндеп, әзірленсең – еңбек,
Қиындықтың
бәрін еңбек қана жеңбек – дей келе,
сайысқа қатысушы қыздар тобымен
таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.«Сөз анасы-сәлем» таныстыру топ аты,ұраны.
2-сынып
Дарханқызы Балауса
Шерниязқызы Іңкәрсезім
Қонақбай Алтынай
3-сынып
Сұлтан Інжу
Айбекқызы Асылай
Қонақбай Әдемі
Серікқызы Айназым
Жансұлтан Рысжан
4-сынып
Алшынбекқызы Сағыныш
Амангелдіқызы Сымбат
Рысқали Алтынгүл
Қайратқызы Амангүл
Серікбай Жанбота
Ал
кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге
біреулер өнер салыпты,
Терме ұстап,
енді бірі ши тоқыса.
Оюдан түйін түйіп
тамсанып – дей келе, кезекті сайыскерлердің
өз топтарын таныстыруына берейік.
2
- жүргізуші: Әділ қазылардан сайысымыздың
1 - шартының бағаларын
сұрайық.
Ұққаның
жақсы болса,
Жақының көбейеді.
Ұстазың
жақсы болса,
Ақылың көбейеді.
ІІ-тур Қыздарымыздың шеберлігін іскер,шапшаңдықтарын байқау«Кім жылдам» (түйме қадау, тігіс тігу) Қыздар матаға түйме мен тігіс түрін тігіп өздерінің шеберліктерін көрсетеді.
ІІІ-тур. Мақал-сөздің мәйегі.Мақалдың жалғасын табу.(өнерге,еңбекке,шеберге байланысты 10 мақал)
-
Олай болса келесі «Мақал - мәтел» сайысына
кезек берейік. Бұл сайысымызда әділ
қазылардың алдындағы конвертке салынған
мақал - мәтелдердің жалғасын табулары
керек. Әр конвертте 3 мақал - мәтелден,
әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Ендеше сайысымызды бастаймыз. Қатысушы
топтарға сәттілік тілеп, қошеметтеп
қояйық.
Мақал -
мәтелдер:
1. Ою
ойғанның ойы ұшқыр
2. Өнерлінің қолы
алтын, өлеңшінің сөзі алтын
3. Ер
қадірін ер білер, зер қадірін зергер
білер
4. Қол өнері - кілемде, сөз өнері
– өлеңде
5. Шешеннің сөзі мерген,
шебердің көзі мерген
6. Қыз еркем,
кестесімен көркем
7. Жақсыдан үйрен,
жаманнан жирен
8. Шебердің қол алтын
9.
Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
10.Өнерлі
өрге жүзеді.
1.Өнерді үйрен де жирен.
2.Өнерлі бала сүйкімді.
3.Шеберден іс қалмайды.
4.Кедеймін деп қысылма, өнерің болса қолыңда.
5.Өсер халықтың қанаты - оның өнері.
6.Өнер - бұлақ, білім – шырақ.
7.Ісмердің байлығы қолында.
8.Өмірдің сәні – еңбек.
9.Еңбек етсең ерінбей,
(тояды қарнын тілінбей).
10.Өнерлінің қолы алтын,
(өлеңшінің сөзі алтын).
1.Еңбектің наны тәтті,
(жалқаудың жаны тәтті).
2.Еңбексіз елге (сыймас).
3. Істеу қиын,
(сынау оңай)
4.Еңбекшіге әр күн сәт,
(еңбексізге бір күн сәт.)
5.Ерінбесең еңбегің (өнеді).
6.Еріншекке бүгіннен (ертең оңай).
7.Қыз өссе елдің көркі,( гүл өссе жердің көркі)
8.Түздегі гүлден үйдегі( гүл ұзақ жасайды)
9.Жалқаудың
жаны тәтті( еңбектің наны тәтті)
ІV-тур.
Шебер
біздің әжеміз
Шебер біздің атамыз.
Шебер
болған бабамыз
Бізде шебер боламыз.
-
Келесі кезекте сайыскерлеріміз үйге
берілген қолөнер бұйымдарын қорғайды.
Үй
тапсырмасы.(үйден бұйым әзірлеп әкеліп
таныстыру жасалу жолын айту.) Қыздар
өздерінің топтарымен бірігіп және жеке
де үйден жасап келген бұйымдарымен
таныстырып өтеді.
V-тур.«Анаграммалар» сайысы. Бұл сайыста 3 топқа 5 минут уақыт беріледі.
Интер белсенді тақтадағы берілген сөздерді дұрыс жазулары керек.
1.ЫНАҚДЙЫД (дайындық)
2.ҰМЙЫБ (бұйым)
3.НЕИ (ине)
4.ЛАҒБА (балға)
5.ААР (ара)
6.АШЙЫҚ (қайшы)
VІ-тур.«Қалтадан шыққан сый» полиглот сайысы.
Ұяшықтағы суреттердің атын қазақша, орысша, ағылшынша нұсқада айтады.
1. қайшы
2. жіп
3. мата
4. ыдыс
5. қол
6. киім
7. Қорытындылау.
Құрметті
көрермендер, қатысушылар енді жалпы
ұпай санын есептеп жарыста жеңген
жеңімпаз топты марапаттау үшін
әділқазыларға сөз береміз.
Сіздер
біздің шебер іскер және қиыннан қиыстырар
тапқыр оқушылар өнерін тамашаладыңыздар.
Өнер құдіретті күш, адамның жан серігі,
рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды,
талапты, өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке
шығады. Талант пен өнер атауларының
көтерілер шыңы - дарындылық. Осындай
сайысқа жиі қатысып, талаптарымыз
талмай, дарындылық қасиеттеріңіз арта
берсін.
Мұғалім сөзі.
Халқымның
қолөнері өрістесін.
Әрқашан Алла
берсін берекесін.
Осымен сайысымыз
аяқталып,
Өнерлі жастарымыз өсіп -
өнсін.
Технология
Тақырыбы: «Көңілді жәрмеңке»
Мақсаты білімділік: оқушылардың іскерлігін және дағдыларын ойын үлгісінде көрсету.
Дамытушылық: кәсіптік ой- өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, жұмысқа қызығушылықпен қарату.
Іс-шараның барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізушінің сәлемдесуі
Қайырлы күн, балалар және құрметті қонақтар!
Бүгін мен сіздерді «Көңілді жәрмеңке» ойынына шақырамын, бұл жерде ұлдар арасында бар күшімізді, ақылымызды салып көңілді және пайдалы жұмыстарды көрсетуіміз керек.
«Көңілді жәрмеңке» тоғыз кезеңнен тұрады
1.Таныстыру
2.«Мақалды жалғастыр» сайысы
3.«Анаграммалар» сайысы
4.«Керісінше ойын» сайысы
5.«Артық болмас білгенің» сұрақ-жауап сайысы
6.«Сорғыштар» әзіл сайысы
7.Қорытынды кезең
Екі командалардың әділ шешімін шешу үшін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1.Абильдина Салтанат Сәрсенбайқызы
2.Хамитова Сауле Берікқызы
Әділқазылар алқасы жауаптарды он балдық жүйемен бағалайды.
Сонымен І кезеңді бастайық «сәлемдесу» кезеңі
(Сәлемдесу, топтын атауы, ұраны)
ІІ. «Мақалды жалғастыр» сайысы. Мақалдың екінші бөлігін табу.
1.Еңбек етсең ерінбей,
(тояды қарнын тілінбей).
2.Өнерлінің қолы алтын,
(өлеңшінің сөзі алтын).
3. Еңбектің наны тәтті,
(жалқаудың жаны тәтті).
4. Еңбексіз елге (сыймас).
5. Істеу қиын,
(сыңау оңай)
6.Еңбекшіге әр күн сәт,
(еңбексізге бір күн сәт.)
7.Ерінбесең еңбегің (өнеді).
8.Еріншекке бүгіннен (ертең оңай).
ІІІ. «Анаграммалар» сайысы. Бұл сайыста 2 топқа 5 минут уақыт беріледі.
Интер белсенді тақтадағы берілген сөздерді дұрыс жазулары керек.
1.ЫНАҚДЙЫД (дайындық)
2.ҰМЙЫБ (бұйым)
3.НЕИ (ине)
4.ЛАҒБА (балға)
5.ААР (ара)
6.АШЙЫҚ (қайшы)
ІҮ. «Керісінше ойын» сайысы
Бұл сайыста топтардан бір-бір ұлдан ортаға шығу керек. Бұл сайыстың «Керісінше ойын» аталу себебі , ұлдар жереби алады қыздар орындайтын тапсырманы жасайды. ( Түйме қадау және жастықша тігу)
Ү. «Артық болмас білгенің» сұрақ-жауап сайысы
5-сыныпқа арналған сұрақтар
1.Металдар неше түрге бөлінеді , ата (қара металл және түсті металл)
2.Ағашты жону дегеніміз не? (ағашты кесіп өңдеу)
3. қоларамен жұмыс істеген кездегі техникалық қауіпсіздік ережелерін атаңыздар.
1.Дайындаманы кесер алдында оны Верстакқа дұрыстап бекіту:
2.Араны жұлқыламай, майыстырмай жұмыс істеу:
3.Араның жүзін саусақпен бағыттауға болмайды. Ол үшін ағаш брус арнайы тіреуіштерді пайдалану керек.
4.Сол қолынды араның жүзіне жақын ұстауға болмайды.
5.Столяр верстагының бетіндегі жанқаны ағаш ұнтағын щетка сыпырғышпен жинау керек.
4.Желіммен, сырмен істеген кездегі техникалық қауіпсіздік ережелерін атаңыздар.
1.Бөлшектерді желімдегенде астына тақтай салу керек.
2. Жұмыс істеген кезде желімнің қолдарыңның терісіне тиіп кетпеуінен сақтану керек.
3. Жұмыс істеп болғаннан соң, қолдарыңды жуу керек, бөлменің әйнектерін ашып таза ауа жіберу керек
6-сыныпқа арналған сұрақтар
1.Металдың қасиеттерін ата (физикалық және механикалық)
2. Ағаштан бұйым жасағанда қандай аспаптар қолданылады.(балта, қол ара, балға, сүргі, қашау, ағаш балға, қолбұрғы, тістеуік пен қысқыш, бұрыштық, струло)
3.балғамен жұмыс істеген кездегі техникалық қауіпсіздік ережелерін атаңыздар.
1.Құрал-сайманды өз орнымен пайдалану керек:
2.Балғаны жұмыс істеген кезде,оның сабының бос шетінен 20-30 мм. (2-3 сұрақ) қашықтықта ұстау керек.
3.Балғаны верстагтың үстіне қоюға болмайды:
4.Балғамен жұмыс істеген кісінің артында, алдында тұруға болмайды.
4.Есінен танып қалған жағдайда не істеу керек?
(зақымданушы жауырынымен тегіс жатқызып, басын бір жағына қарату керек)
ҮІ. «Сорғыштар» әзіл сайысы
Топ басшылары ортаға шығады. Бөтелкеге құйылған шырынды соска арқылы ішіп жылдам тауысу керек. Кім жылдам тауысады, сол жеңімпаз аталады.
ҮІІ. Қорытынды: Әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Екі топқа қатысқаны үшін сыйлықтар таратылады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген