Өзін-өзі тану елінің көсбасшылары
Сайыс сабақ
Мақсаты: 1. Өзін – өзі тану пәнінен алған білімдерін жинақтау;
2. Жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту
3. Өзін және өзгені сыйлай білуге тәрбиелеу
Мұғалім:Құрметті оқушылар мен мұғалімдер бүгінгі біздің «Өзін-өзі тану елінің көсбасшылары» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер. Бүгін мектебімізде Өзін өзі тану пәнінен алған білімдерін жинақтау, және адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер, жақсылық жасау туралы білімдерін көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Олай болса ең бірінші топқа бөлініп алайық. Бүгінгі сайыскерлеріміз «Талап» тобы, «Ақыл» тобы.
Сайыс бағдарламасымен танысайық.
-
Біз осындай оқушымыз (таныстыру бөлімі)
-
Сөз тапқанға қолқа жоқ
-
Ойлан, тап достар
-
Шығармашылық жұмыс
-
Табиғатты сүйемін
-
Нағыз адам болғым келеді.
-
Ән айту
-
Таныстыру.Олай болса бірінші өзімізді таныстырып алайық. Мұның өзін қызықты сауыққа айналдыруға болады. Отырғандар алдымен өз атын айтып, содан соң жанындағы жанға мадақ сөз айтылады.
-
Сөз тапқанға қолқа жоқ
Шарты: Командаларға үш әріп беріледі.Әріптерді байланыстырып сұрақтарға жауап беру.(мысалы Ж,А,Қ әріптері)
Талап тобына (Ж,А,Қ әріптері)
1сұрақ: Адамның аты? (Жадыра, Айгерім, Қарақат)
2сұрақ: Кімге еркелейміз? (жолдасыма, анама, қызыма)
3сұрақ: Отбасы тату болу үшін не қажет? (жақсы көру,адал, қамқор болу)
4сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдары?(жал-жая, айран, қазы-қарта)
5сұрақ: Адам бойындағы қасиеттер? (жақсы болу, адамгершілік, қамқор)
6сұрақ: Тілек айтыңыз? (жаман болма, қатты болма,ақ жол болсын)
Ақыл тобына (Т,Б,С әріптері)
1сұрақ: Адамның аты? (Талғат, Болат, Серік)
2сұрақ: Арманыңыз не? (білім алу, табысты болу,)
3сұрақ: Мұғалімдерге тілек? (табыс, Сәттілік, Бақыт)
4сұрақ: Наурыз мейрамының ерекшелігі неде? (таң тез атады, Бүршік жарады, Су ағады)
5сұрақ: Адам бойындағы жақсы қасиеттер? (тәртіпті, Байсалды, сабырлы)
6сұрақ: Үнемі айтатын ақыл-кеңестер? (тәртіпті бол, Бақытты бол, сыйлы бол)
-
Кім көп сөз табады? Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді табу.

-
Ойлан, тап достар. Мақал-мәтелдірді жалғастыру
«Талап» тобына
-
Әке- асқар.................(тау)
-
Үлкенге құрмет, ..............(кішіге ізет)
-
Дені саудың- ..........(жаны сау)
-
Әкеден ақыл,............(анадан мейір)
-
Адамгершілік болмай,..........(Әділдік болмас)
-
Әдептіліктің белгісі-......(иіліп сәлем бергені)
-
Атаның көңілі балада,.....(Баланың көңілі далада)
-
Доссыз адам,....(тұссыз тағам)
-
Ынтымақ жүрген жерде,.....(ырыс бірге жүреді)
-
Табиғат жер байлығы, ....(Батырлар ел байлығы)
Ақыл тобына
-
Су ішкен құдығына ....(түкірме)
-
Ұяда не көрсең,.....(Ұшқанда соны ілерсің)
-
Әке балаға .....(сыншы)
-
Дос басқа,....(Дұшпан аяққа қарайды)
-
Адамның ұяты бетінде,.....(Адамгершілігі ниетінде)
-
Кішіпейілділік -......(кісінің көркі)
-
Ана алдында –құрмет, .....(Ата алдында қызмет)
-
Күлме досыңа-..(келер басына)
-
Кәріге құрмет, .....(балаға міндет)
-
Нан тамақтың атасы, ....(Ынтымақ – көптің батасы)
-
Шығармашылық жұмыс. Эссе жазғызу.
Тапсырма: Талап тобына: «Мен үшін жаны сұлу адам» тақырыбынды эссе жазу.
Ақыл тобына: «Жанында жүр жақсы адам» тақырыбында эссе жазу
-
«Табиғатты сүйемін» Топтың ішінен бір оқушы келіп қоржыннан төрт түрлі заттың аты жазылған қағазды алады. Әр топ осы төрт затты пайдалана отырып, табиғатқа пайдалы іс жасау жолын табуы тиіс.
1-қағазда жазылған заттар: Күрек, тырна, сыпырғы, дән
Күтілетін жауаптар: Егер мен бұл заттарды алсам, табиғатқа тазалық жұмыстарын жүргізер едім.Күрекпен бұлақ көзін ашар едім, арық қазып өсімдіктерді суарып, тырмамен жер жыртып, дән себер едім, ағаш, гүл отырғызатын едім.
2-қағазда жазылған заттар: Топырақ, су, гүл тұқымы, тақтай.
Күтілетін жауаптар: Егер мен бұл заттарды алсам,топыраққа тұқымды егіп, суды гүлге құяр едім . т.б.
-
Жағдаятты шешу.
Талап тобыны: Айгүл мен Айман – дос. Бір күні қоңырау кезінде Айгүл байқамай Айманның аяғын басып кетті. Айман оған ашуланып бірден Айгүлдің де аяғын басты. Екі дос бір-біріне ренжіп, сол күні сөйлеспеді.
Сенің әрекетің қандай?
Ақыл тобына: Берік өзінің досы Арманның «Менің атым - Қожа» кітабын сұрап алған еді. Берік үйіне келген соң, кітапты үстел үстіне қойып кете барды. Кенет басқа бөлмеден үш жасар кішкентай қарындасы Нұрия жүгіріп келді. Кітапты қызыға қарап, байқаусызда бетін жыртып алды.
Сенің әрекетің қандай?
-
Нағыз адам болғым келеді туры.
«Талап тобы» талап қояды: 1.Жақсы оқушы болғаның дұрыс
2.Бастаған ісіңді соңына дейін аяқтауға тырыс
3.Мақсатқа жетуге шыдамдылық танытқан жөн
4.Үлкендерді құрметтеуге,мәдениеттілікке үйрен
«Ақыл тобы» ақыл айтады: 1. Әрқашан сыйлы болыңдар
2.Жасаған жақсылғың алдыңнан шығады
3.Ерінбей еңбек етсең мақсатыңа жетесің
4.Адамгершілігі мол азаматболыңдар
Қорытынды: Балалар, сендердің жауаптарың, пікірлерің,ойларың, әрекеттерің «Өзін – өзі тану» пәні арқылы көп адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді ұғынғандарыңды көрсетіп тұр.Бәрің де «Өзін – өзі тану елінің» көшбасшылары болуға лайықсыңдар.Осы үйренгендеріңді өмірде пайдаланып, олардың сендерге нағыз адам болып қалыптасу жолында көмектесетініне көздеріңді жеткізіңдер. Бүгінгі сайыс өз мәресіне жетті. Биік-биік асулардан көрініп, жетістіктерге жете беріндер. Рахмет.
Бүгінгі сайыс қорытындысы шыққанса «Бала тілегі» әніне кезек берейік
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сайыс сабақ 5-6 сынып

шағым қалдыра аласыз