Материалдар / Сайыс сабақ 8-10-сынып Миллион кімге бұйырады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ 8-10-сынып Миллион кімге бұйырады

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмегі тиер деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2020
1928
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Миллион кімге бұйырады

(интеллектуальды ойыны)

(8-10 сынып аралығы)

Мақсаты: Ойы жүйрік,танымдық деңгейі жоғары,интеллектуальды оқушылардың дарынын ашу,белсенділігін көтеру.Химия пәнінен білімдерін жетілдіру.Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып «Миллион кімге бұйырады» атты интеллектуальды ойынымызды бастаймыз. Сайысқа 8 - сынып оқушыларынан құралған 2 оқушы «Алғырлар» топ басшысы Жантуғанов Нұрсұлтан мен Мешітбаев Ернұр,

« Тапқырлар » тобы топ басшысы Құдайбергенова Гүлдана мен Ниязова Шаттық қатысып отыр.
Сайысымыздың шарты: Сайыс үш кезеңнен тұрады. 1кезең-500 тг ұтыс (ойланбай бірден жауап береміз), 2-кезең -1000 тг ұтыс (1 минут ойлануға уақыт беріледі), 3-кезең 1500 тг ұтыс ( 2 минут ойлануға уақыт беріледі). Ойынға қатысушылар екі жеңілдікке ие, ол залдан көмек, досынан көмек.

Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына дей келе сайыскерлерімізге сәттілік тілей отыра «Алғырлар» тобын ойын алаңына шақырамыз.

Сұрақтар:
- Бүгінгі ойында қанша ақшамен қайтамыз деген үміттесіздер?
- Бай, миллионер болғыларыңыз келе ме?
- Миллионер болу үшін бүгінгі таңда ең қажеттісі не деп ойлайсыздар?
- Ойын шарты сіздерге түсінікті ме?
Ойын шарты түсінікті болса назарларыңыз экранда болсын.

1 топ: «Алғырлар»

1-кезең
100 теңге Натрий гидрокарбонатының тұрмыстық атауы? Ас содасы
200 теңге Темірде қанша нейтрон бар? 30
300 теңге Қанның құрамына кіретін металл? Темір

400 теңге Адам алақанында балқитын металл? Цезий
500 теңге Д.И. Менделеев қай қалада дүниеге келген? Тобольск

1 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба, әлде бес жүз теңгені аламыз ба? Егер сіздер миллионды ұтып алсаңыздар қалай бөлісер едіңіздер?

2 кезең
600 теңге Көміртек (ІV) оксидінің тарихи қалыптасқан атауы? Көмірқышқыл газы
700 теңге Оттегіні ашқан ғалым? Пристли

800 теңге Галоген, оның қосылысы жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсер береді? Бром
900 теңге Қандай сүтті ішпейді? Әк
1000 теңге Жалғыз сұйық металл? Сынап

2 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба, әлде барға қанағат тұтамыз ба?
Ата-аналарың қалта шығынына күнделікті ақша бере ме, қанша?
Ата –аналарың берген ақшаны үнемдейсіңдер ме?

3 кезең
1100 теңге Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар?Оксидтер
1200 теңге Бірінші
дүниежүзілік соғыс кезінде, химиялық қару ретінде пайдаланылған газ? Хлор
1300 теңге Қай елде, ең көп ашылған химиялық элементтер? Швеция
1400 теңге Рубин, гранат, сапфир, бирюза құрамына кіретін металл? Алюминий
1500 теңге Қай елдің ұсталары бірінші рет фарфорды ойлап тапты? Қытай
Егер сіздер миллионды ұтып алсаңыздар ең бірінші әрекеттеріңіз қандай?

Көңілді тапқыштар, білгірлер
Бар білімін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де химия
Ауырсаң ішетұғын дәрі де химия
Химиясыз сүрген өмір мазмұнсыз-ау
Дүниенің бар тұлғасы химия десек дей келе « Тапқырлар » тобын ойын алаңына шақырамыз.

Сұрақтар:
- Көңіл күйлеріңіз қандай?
- Егер сіздер миллионды ұтып алсаңыздар қалай бөлісер едіңіздер?
- Қолдарыңа ұстап , жұмсаған ең көп ақша саны қандай?
- Ойын шарты сіздерге түсінікті ме? Ойын шарты түсінікті болса назарларыңыз экранда болсын

2 топ: «Тапқырлар тобы»
1 –кезең
100 теңге Төгілген сынапты бейтараптандыру үшін нені қолданады? Күкірт
200 теңге Теңіз орамжапырағы қандай химиялық элементке бай? Иод
300 теңге Айдаһар кейпіне құсайтын элемент? S
400 теңге Қоспаға жатпайды? Тұз
500 теңге Ең ауыр газ?Аргон

1 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба, әлде бес жүз теңгені аламыз ба?
- Оңай жолмен ақша табу дегенді қалай түсінесіздер?
- Жолдан ақша таптыңыздар ма? Сіздердің іс-әрекеттеріңіз қандай болды?

2 кезең
600 теңге Күміс элементінің оқылуы? Аргентум
700
теңге Натрий гидроксидінің техникалық атауы? Күйдіргіш натр
800 теңге Электронды қосып алу процесі? Тотықсыздану
900 теңге Ғарыштағы ең көп таралған элемент? Сутек
1000 теңге «Химиялық жыртқшыш» деп аталатын химиялық элемент? Қалайы

2 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба, әлде барға қанағат тұтамыз ба?
- Қаражатты үнемдеп ұстау қажет пе?
- Қалай үнемдеуге болады?
- Ақша табу оңай ма әлде қиын ба?

3 кезең
1100 теңге Қандай элемент ежелгі Грекия қаласымен атанды? Магний
1200 теңге Адам ағзасының бір клеткасында бір мезгілде қанша химиялық реакциялар жүреді? 2000

1300 теңге Химиялық элементтердің қазіргі заманғы мағынасын енгізген химик? Берцелиус
1400 теңге Зат массасының сақталу заңын ашқан кім? Ломоносов
1500 теңге Қандай элемент түбектің атымен аталған? Скандий

Ғалымдардың пікірі бойынша Англияда миллионерлердің пайызына байлық мұрагерлік жолмен берілген екен, ал қалған пайызы қандай жолмен айла –тәсілмен байыған деп ойлайсыңдар?
Ақшаның қандай жолмен келгенін қалайсыздар?

Көрермендерге сұрақ:

1.Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Медет

2. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы

3. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? Жауабы: 53

4. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: екі сағат

5. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары

Қорытынды шығару:
Бір-біріне тілек айту.

Алтындай ардақты, күмістей салмақты, суға жүзген балықтай бүгінгі кеш қонақтары, көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын.

Сіздерге темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық, көмірдей қара көздеріңіз бен, алмаздай өткір сөздеріңізбен жанды жадыратып. Өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпін.
Көңіл бөліп бұл кешке ,
Келгендерге көп рахмет,
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет...









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!