400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сайыс сабақ 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптас тыс іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сәлеметсіздер ме оқушылар! «Квант» бірлестігінің онкүндігіне орай ұйымдастырылып отырған «Информатика әлеміне саяхат» атты сайыс сабағымызды бастаймыз.

Жарыс кезеңдері:
І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады.Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі)

ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).
ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).
ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
V. Марапаттау

Алдағы біз баратын бағыт анық,
Ұшқыр ойлы екендігіңді тағы таныт.
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық.

І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады.
Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).

1. Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды? (1946 ж.АҚШ Пенсильвин университетінде)
2. 1 байт неше биттен тұрады? (8 бит)
3. Компьютердің ең негізгі құрылғыларын ата (Жүйелі блок, монитор)
4. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)
5. Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель (шина)
6. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі. (блок схема)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
8. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан?(Латын түсіндіру, баяндау)
9. Екілік санау жүйесінің сандары (0-1)
10. Ақпаратты кері кодтау қалай аталады?(декодтау)


Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
30 ұпай, шәкіртім саған несібе.

ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 5 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).

1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)
3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)
4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)
5. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)

Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік.

ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай)
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
- 4 -
2. Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды? 6
3. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? 12 құс. (Тордан ұша алмайды)

4. 1 бұқа 5 литр сүт беретін болса, 5 бұқа қанша литр сүт береді? (Бұқа сүт бермейді)
5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы –

6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? - 8 –

Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен.

ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
Нимотор ----------- Монитор

Пьюромтек ------- Компьютер
Енрепатқат -------- Пернетақта
Лайф ---------------- Файл
Рльоукятакл ------ Калькулятор
Атқсуа -------------- Сақтау
Аэкторикелн ----- Электроника
Дңеөу -------------- Өңдеу
Млтогира ---------- Алгоритм


Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «Үздік информатик» сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!





«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» кмм



















«Информатика әлеміне саяхат»

атты сайыс сабақ





Пән мұғалімі: Мұқажанова М.Т.



















2020-2021 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26.04.2021
1325
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі