жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сайыс сабақ. Ал, қанекей қыздар!
Ал, қанеки,кыздар! атты сайыс
Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту,өнерді түсініп,бағалап,меңгеруге бағыт-бағдар беру. Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру. Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілет- терін,эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу,әдептілікке,парасаттылыққа тәрбиелеу. Әдісі: ойын сауық, жарыс. Пән аралық байланыс:ана тілі,көркем еңбек, бейнелеу өнері. Жоспар
І Ұйымдастыру кезеңі
Сайыстың тақырыбымен таныстыру.
Сайыска қатысушы топтермен таныстыру
Әділқазы алқаларымен таныстыру.
Сайыстың кезеңдерімен таныстыру
ІІ Сайыстың барысы
ІІІ Сайыс қорытындысы
Жүргізуші
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп, Өнер- білімге икемді болсын деп, Бәйтеректей бойшаңдансын деп, Жақсы жолды таңдайық. Жамандық тәлім алмайық,
Дарынды мектеп дәстүрін Жаңалайық ,жалғайық, Ары адал, жаны жаз, Арулар жолын таңдайық,-деп
«Ал,қанеки,қыздар» атты сайысымызды бастайық.
Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін,білімі мен парасатын тамашалауға баршаңыздар қош келдіңіздер дейміз. Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І-кезең «Сәлем-сөздің атасы-»деп аталады,(әр топ атымен,ұранымен эмблемасымен таныстырады).
ІІ-кезең «Бәйге» (сұрақ-жауап сайысы).
ІІІ-кезең «Кім жылдам?» (әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін,жылдамдықтарын көрсетеді).
1-тапсырма «Ою ойғанның ойы ұшқыр»(қағаздан ою ою).
2-тапсырма Инені сабақтап түйіндеу
3-тапсырма Түйме қадау
4-тапсырма Картоп аршу
5-тапсырма Қамыр илеу
ІІІІ-кезең «Тіл өнері»(мақал-мәтелдердің жалғасын табу,жұмбақтардың жауабын табу).
ІІІІІ-кезең «Ас адамның арқауы».(салат түрлерін дайындау).
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын Өнерліге өз басым, таң қаламын Өнерді әділдікпен бағалайтын Таныстырайық әділқазы алқаларын.
І-кезең «Сәлем -сөздің атасы-»деп аталады,әр топ атымен,ұранымен,эмблемасымен таныстырады.
ІІ-кезең Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәріде санасады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты-дей отырып,келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
1 Қамырдың негізгі шикізаты? ұн
2 Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам? құрт
3Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? 3сағат
4Көкөністен дайындалған салқын тағам? салат
5 Тамақ әзірлеу өнері? кулинария
6Ауыз сүртуге арналған орамал? салфетка
7Бидайдан әзірленген ұнтақ? манка
8Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? түсте
9Наннын кептірілген бөліктері? сухари
10 Табада пісірілген нан? күлше
11Асты сақтайтын,және дәмін келтіретін кристалл? тұз
12Езілген құрттың қалдығы ? малта
ІІІ-кезең «Кім жылдам?» (әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін,жылдамдықтарын көрсетеді).
1-тапсырма «Ою ойғанның ойы ұшқыр»(қағаздан ою ою).
2-тапсырма Инені сабақтап түйіндеу
3-тапсырма Түйме қадау
4-тапсырма Картоп аршу
5-тапсырма Қамыр илеу
ІІІІ-кезең «Тіл өнері»
Ал, қанеки, қыздар,ойнайық,
Ойнайықта, ойлайық
Қандай жұмбақ болсада шешпей оны қоймайық-дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
1 Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.
Ине
Оқу инемен құдық қазғандай.
2 Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың
Тұз
Доссыз адам-тұзсыз ас.
3 Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан
Қасық
Құрғақ қасық ауыз жыртар
4 Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қоныс көркі-там,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
Дастархан
Дастархан көркі-нан
5 Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас
Нан
Ас атасы-нан
6 Ұзын мұртты сарылар
Қойнында дәні бар
Бидай
Көп бидайдың ішінде жалғыз арпа
7 Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар
Жарты сағат қимылдап,
Жарты сағат жуынар
Ыдыс-аяқ
Ыдысын көріп, асын іш
8 Бұты,бұты ұзын,
Бұтынан да қолы ұзын
Жүзім
Бағбан жүзімнің дәмін білмейді
9 Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды
Алжапқыш
ІІІІІ-кезең «Ас адамның арқауы» .(салат түрлерін дайындау).
Сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті-әр топ салат жасайды .
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген ырым жақсы ғой
Тағамның да білген сырын
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдерінді ортаға салып, тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымды айтамын.
Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл-мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние,ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің рухани негізі.Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтыңсанасына сіңіріп,әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген