400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ «Ардақта ата салтыңды»

Материал туралы қысқаша түсінік
Халқымыздың асыл мұрасына айналған салт-дәстүрімізді дәріптеу,халық өнерін құрметтеу бойларына сіңіру арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық талғамын дамыту мақсатында адамгершілікке,әдептілікке,инабатталыққа,әсемдікке,іздемпаз-дыққа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ардақта ата салтыңды»

Сабақтың мақсаты: Халқымыздың асыл мұрасына айналған салт-дәстүрімізді дәріптеу,халық өнерін құрметтеу бойларына сіңіру арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық талғамын дамыту мақсатында адамгершілікке,әдептілікке,инабатталыққа,әсемдікке,іздемпаз-дыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Топқа бөлу,сұрақ-жауап т.б

Көрнекілігі: суреттер,ұлағатты сөздер,альбом,буклеттер т.б

Сайыстың шарттары:

1. Таныстыру. Топтың аты,ұраны,эмблема,альбом,төсбелгі

2. Сұрақ-жауап,әр топ қоржыннан 4 сұрақтан алып жауап береді

3. Би өнері сайысы.Ұлттық тақырыпта қазақша би.

4. Үй тапсырмасы.Қолөнер жұмысы.1минутта қағаздан бұйым жасау.

5. Салт-дәстүрге байланысты қазақ халқының дастарханын жасау.

6. Адасқан әріптерден белгілі сөздер шығару.Технологияға байланысты

7. Көрніс.Қазақ халқының тұрмыс жағдайына байланысты сахналық көрніс көрсету

8. Викториналық сұрақтар.Екі топ бір-біріне сұрақ дайындап келеді.

9. Сән үлгісі.













Сайыс сабақтың сценариі:

Армысыздар қадірменді ұстаздар! Құрметті көпшілік қауым!

Бүгін сіздер «Ардақта ата салтыңды» атты 8-9 сынып қыздары арасындағы сайысымыздың куәсі болғалы отырсыздар.

Біздің мақсатымыз халқымыздың асыл мұрасына айналған салт-дәстүрімізді дәріптеу,халық өнерін құрметтеу,бойларына сіңіру арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық талғамын дамыту мақсатында адамгершілікке,әдептілікке,инабаттылыққа,іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Олай болса Бастарыңа қонсын деймін бақ құстары,

Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.

Ұзақ ғұмыр,қуаныш,нұр сыйласын

Өмірдің тоқтамайтын ағыстары,-дей отырып екі топтың сайыскерлерін құрметпенен ортаға шақырамыз. Сайыскерлер өздерін таныстырмас бұрын,біз сайыстың шарттарымен таныс болайық.

Сайыстың 1.Таныстыру

2.Сұрақ-жауап .4 сұрақтан қойылады.

3.Би өнері сайысы.қазақша

4.Үй тапсырмасы.Қолөнер жұмысын дайындау.

5.Салт-дәстүрге байланысты дастархан жасау.

6.Адасқан әріптерден сөздер шығару.

8.Викториналық сұрақтар.Екі топ бір-біріне 10 сұрақ қояды.

9. Сән үлгісі

Сайысымыздың шарттарымен таныс болдық,ендеше өнерді әділдікпен бағалайтын

Таныстырайын әділқазы алқаларын-деп сайысымызға әділ баға беріп төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныстырайын.

1.Байменова Перизат

2.Құлыншақова Феруза

3.Ибрагимова Салтанат

4.Джадигерова Айнұр

Қолөнері халқымның өрістесін,

Әрқашан алла берсін несібесін.

Осыменен сайысымызды біз бастаймыз

Өнерлі жастарымыз өсіп өнсін-деп өнерлі қыздарымызға сәттілік тілейміз.

Ал ендеше қыздарымызға 1шарт бойынша өздерін таныстыруға рұқат берейік.

1-ші топ «Асыл тобы» 2-ші « Еңбек» тобы

Екі топтар өздерін таныстырып болды,әділқазылар алқасынан екі топтың бағасын сұраймыз.

2-шарт .Сұрақ-жауап сайысы .Екі топ кезекпе-кезек сұрақ алып жауап береді.

1-ші сұрақ: Киіз үйдің құрлысын ата.(уық,кереге,шаңырақ,сықырлауық)

2-ші сұрақ: Құрақтың мағынасын түсіндір.

3-ші сұрақ: Ерлердің ұлттық бас киімдерін ата.(тымақ,бөрік,тақия,айырқалпақ,малақай)

4-ші сұрақ:Мал терісінен жасалатын ыдыстар.(саба,мес,торсық)

5-ші сұрақ: Киізден сырылып,оюлап тігілетін төсеніш.(сырмақ)

6-шы сұрақ: Адам аттарынан тұратын мата түрлерін ата.(мақпал,масаты,дүрия, жібек,ләйлә)

7-ші сұрақ: Жүннен жасалатын бұйымдар.(аяққап,текемет,киіз,байпақ)

8-ші сұрақ: Ағаштан жасалған бұйымдар.(сандық,кебеже, келі,келсап,абажа т.б)

9-шысұрақ: Бас киім тігуге қолданылатын аң терісі.(камшат,құндыз,жанат т.б)

2-ші шарт бойынша топтардың бағасын әділқазылар алқасынан сұраймыз.

3-ші шартқа кезек берейік .Үй тапсырмасы.Үйден қолөнер жұмысын дайындап келу.1 оқушы сурет салуға,1 оқушы ою қиюға кіріседі,қалғандары қағаздан бұйым жасап шығарады.

Ән орындалады,ән біркенше жұмыс біту керек.

Әділқазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп,ал біреуі ән салыпты.

Осы бір сайыстардан бәйге алуға,

Барлығы аянбай-ақ жан салыпты.

Олай болса 4-ші шартқа кезек берейік.Би өнері сайысы.Екі топтың өнерін тамашалайық.

Әділққазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Сайысымыздың келесі 5-ші шартына кезек берейік.Қазақ халқының дастарқанын жасау.

Ән орындау. Ән біткенше шартты орындау керек.

Әділқазылар алқасынан топтардың бағаларын сұраймыз.

Келесі 6-шы шартқа кезек берейік. «Адасқан әріптерден сөздер шығару».

1-ші топқа: 1. Тігінші-----------ішітгн

2. оймақ-------------------майоқ

3. шанышқы------------- шынқашы

4. кесте---------------------тесек

5. жаңғақ------------------қаңғаж

6. аспазшы---------------апшасыз

2-ші топқа: 1. Оюшы---------------ышюо

2. құймақ----------------қамұйқ

3. алмұрт-------------------рұмлат

4. ірімшік------------------ішімрік

5. жарма---------------------армаж

6. шебер----------------------береш

Тапсырма орындалғанша ән айтылады.

Әділқазылар алқасынан 6-шы шарттың бағаларын сұраймыз.

Кезек 7-ші шартқа « Көрніс» сахналық қойылымды топтар қояды.Ал біз шарттың орындалу барысын және бағасын сұраймыз.Әділқазылар алқасынан бағаларды сұраймыз.

8-ші шарт. Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашыққа кім бүгін санасады.

Келесі сұрақ –жауап сайысында

Сыналар білім менен парасаты-дей келе келесі сайысымыз

«Викториналық сұрақтарға» кезек береміз.Топтар дайындап келген сұрақтарын оқиды,топтар тез, жылдам жауап береді.

Сайыстың бағасын қазылар алқасынан сұраймыз.

Сайысымыздың 9-шы шарты бойынша «Сән үлгісі» .Әр топ өз қиялы бойынша матадан,өзге материалдардан киім үлгісін көрсету керек.Киім үлгісіне сай сипаттама беріп,қандай материалды қолданғандығын,қай уақытта киюге болатынын айтып өту.Қыздар сән үлгісін көрсетіп болған соң ,2 топтың бағаларын әділқазылар алқасынан сұраймыз.

Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті.Әділқазылар алқасы 2 топтың бағаларының қорытындысын шығарғанша өнерпаздарымыздың өнерін тамашалайық.

Ән орындайтын Жүсіпбай А

Әділқазылардың шешімі дайын болса сөз кезегін әділқазылар алқасының төрайымы Ф.Құлыншақоваға береміз.

Барлықтарыңызға сайысқа ат салысып қатысқандарыңызға рахмет.Еңбектеріңіз жанып,өнерлеріңіз өрге жүзе берсін.Әрдайым биіктерден көріне беріңдер.







с

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі