400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабақ "Әуенді тап"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазғы сауықтыру лагерінде сайыс сабағын өткізу үшін ұсынып отырмын.Балалардың тыңдау, есте сақтау және музыкалық қабілеттерін дамыту үшін осы сабақтың көмегі тиеді деген мақсатта жіберіп отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Әуенді тап»

Мақсаты: Таныс әуендерді тыңдап ажырату арқылы есту, есте сақтау,әртүлі ырғақтарды, әртүрлі жанр түрлерін үйренеді. Топта жұмыс жасау арқылы достыққа,қуана білуге, өзара сыйластыққа бейімделеді.

Көрнекілігі: Музыкалық аспаптар, ойындарға арналған заттар.

Шаттық шеңбері:

Амансың ба нұрлы күн!

Амансың ба қара жер!

Аман-есен болайық!

Бейбітшілік қалайық!

Тәрбиеші:
Біз лагерьде демаламыз, ойнаймыз.
Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз.
Жүгіреміз, секіреміз жарысып,
Ән саламыз, би билейміз майысып.

Тәрбиеші: -Балалар,жазғы демалыс лагерінде сендердің қызыққа толы күндерің өтіп жатыр. Әрбір күндерің есте қаларлықтай тамаша өтуіне тілектеспін! Жадырап жаздың қызықты күндеріде өтіп жатыр,кәне кім қандай өлең біледі жаз айларына арналған?

Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күн шуақ. 


Жаз келді далама,

Түсті кілем төседі

Бақшамызда, аулада,

Гүлдер жайнап өседі.


Күлімде күн күлімдеп,

Жер жасарып көгерсін

Жаз келді деп, қуанып,

Шаттанады бүлдіршін.


Бәрі-бәрі тамаша,

Бәрі түгел жаңаша

Табиғатпен бірлесіп

Қуанамыз балаша.


Тәрбиеші: -Кәне бәріміз ортаға шығып, жақсы әуен ырғағына билеп алайық және музыка тоқтаған кезде 5 баладан бірігіп қол ұстасып тұра қаламыз, осылайша билей жүріп топтарға бөлінеміз. /топқа бөліну/

Тәрбиеші: -Сонымен біз 3 топқа бөліндік,енді әр топ өз орындарыңа жайғасып отыруларыңды сұраймын. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әуенді тап» деп аталады,сондықтан да сендер жыл бойы үйренген әндеріңді естеріңе түсіріп,қызықты ойынға белсене кіріседі деп ойлаймын.Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар мүшелерін сайлап алайық.Ендеше сайысымызды бастайық.


1-сайыс «Әуенді тап»

Тақырыптарды таңдап,сол тақырыптың ішіндегі реттік саны бойынша берілген әндердің атауларын табу.Әр дұрыс жауап 5 балл есебінде бағаланады.Әр топ өз кезегінде бастап отырады.


Тақырыптар:

  1. Ана туралы әндер

  2. Балаларға арналған әндер

  3. Мектеп туралы әндер

  4. Жаңа жыл туралы әндер

  5. Патриоттық әндер

  6. Халық әндері


Ойын «Балық, құс, аң» Шеңбер жасап ортада тұрамыз.Жүргізуші «Балық», «Құс», «Аң» деп айтып келе жатып бір баланың жанына тоқтап осы сөздердің біреуін айтады.Сол бала естіген сөзі бойынша жылдам бірнеше мысал келтіреді.Айта алмаса ойыннан шығады.


2-сайыс «Топта ән орындау»


Тақырыптар таңдалып, сол тақырыптардың ішіндегі реттік саны бойынша тұрған әнді таңдаймыз.Сол әннен үзінді орындаймыз.Әнді дұрыс орындаған топқа 5 балл есебінде бағаланады.

Тәрбиеші:-Сонымен бүгінгі сайысымызды қорытындылайтын уақыт келді. Сендерге бүгінгі сайыс ұнады ма? Ендеше сабағымыздың соңында бәрімізге ортақ, таныс бір әнді орындап сабағымызды аяқтайық.
























Сайыс сабақ : «Әуенді тап»


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.02.2019
1590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі