400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ «Білгір химиктер» сайысы 9- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен және пән мұғалімдеріне арналған әдістемелік материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


39 «Мырзашөл» ЖОМ коммуналдық мемлекеттік мекемесі
















«Білгір химиктер» сайысы















Барболова С.











Оқушыларға химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы, қосымша материалдардан мағлұмат беру өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу мақсатында 8-9 сынып оқушылары арасында өткен «Білгір химиктер» сайыс сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақты өз өлеңіммен бастап, қазылар алқасын таныстырып, ортаға екі сынып оқушыларынан құралған топтарды шақырдым:


Көңілді тапқыштар, білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.


Сайысқа түсуші екі топқа, сабырлық пен жеңіс тілей отырып, ойын шарттарын атадым:

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Біреуінің қатты істейтін миы бар.

1-топ: «Менделеев ізбасарлары»;

2-топ: «Қышқылдар».

Әр сайыстан кейін қазылар әділ бағасын беріп отырды.


1.Таныстыру.

Топ басшысы өз тобының мүшелерімен бірге топтың атымен, белгісімен таныстырады.


2. Бәйге.

Ең қиыны жарыстың бәйге келді,

Мықтылары ортаға шықсын енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді.


Бұл бөлімде әр топ келіп, нөмірленген қағаздар бойынша сұрақтарға жауап беруі керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.


  1. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)

  2. Ең жеңіл металл (литий)

  3. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр (коэффициент)

  4. Күкірт неше валентті (2,4,6)

  5. Натрийдің салыстырмалы атомдық массасы (23)

  6. Периодтық кесте неше топтан тұрады (7)

  7. Атом – молекулалық ілімді ашқан ғалым (М.В.Ломоносов)

  8. Көмір қышқылының тұзы (карбонат)

  9. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (йод)

  10. Электролиттік диссосация теориясын ашқан ғалым (С.Аррениус)

  11. Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент (S)

  12. Күкірт қышқылының формуласы ( )

  13. Cұйық металл (сынап)

  14. Химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым (Бутлеров)

  15. Реттік нөмірі 19, салыстырмалы атомдық массасы 39-ға тең болатын элемент (калий)


3. Есептер сыры.

Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім, теңіз байланып.

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр,

Есеп шешер кезегі келіп тұр.


А. Мына айналымды жүзеге асырыңыздар:

Ә. Массасы 17,2г күкірт оксидін сумен әрекеттестіргенде неше грамм күкірт қышқылы түзіледі?

Б. Тұздың 25%-тік 250г ерітіндісін даярлау үшін қанша тұз, қанша су қажет?


4. «Көрермендер көрімдігі».

Сұрақтар, жұмбақтар қойылады:

  1. Адам тыныс алатын газ – (оттек)

  2. Қанның құрамына кіретін металл – (Ғе)

  3. Ас тұзының формуласы – ( )

  4. Күкірт қышқылының оқылуы – (аш-екі эс о төрт)

  5. Адам мен жануардан бөлінеді, өсімдіктің торына ілінеді – ( )

  6. Өзі ауыр металға жатады, балалар осы металл құйған сақамен ойнайды – (қорғасын)

  7. Машина мен трактордың жаны, қара металлургияның наны – (темір).


5. «Жұмбақ арал».

Бұл айналымда әр топ қоржыннан нөмірленген асықтарды алып, жасырылған жұмбақтардың шешуін табады.

а) Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттек)

ә) Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге ( )

б) Осы затпен ескі үйді аластайды, Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды ( )

в) Ең жеңіл элемент саналады, Периодтық жүйе осыдан бастау алады (сутек

г) Ол болмаса астың дәмі кірмес, Кім бар екен ортада оны білмес (ас тұзы)


6. «Құпия сөздің құлпын аш».

Екі топқа бірдей тапсырма беріледі. Берілген элементтің латынша атын табу керек.

-феррум, -эн, -аш, -о, -гидраргириум, -купрум, -аурум, -эс, -цэ, -силициум.


Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түріп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай.-


деген ұлы Абай атамыз өлең жолдары арқылы сайсымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасы алады.

Мұндай сайыстар оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырып, пәнге қызығуына ықпал етеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
859
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі