400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Сайыс сабақ "Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал оқушыларды өзара жарыстыру, оларды өздеріне деген сенімділігін арттыру мақсатында ұсынылып отыр. Осы материал арнайы жас ерекшеліктеріне, деңгейіне қарастырып берілген қызықты, логикалық тапсырмаларға толы. Бастауыш сынып жетекшілеріне өте қажет материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

Мақсаты:

а) Оқушылардың өз бетімен білім алып, жан-жақты болуға үйрету. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

ә) Өздерін еркін ұстай білу дағдыларын қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын көбейту.

б) Алғырлыққа, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Сайыс.

Керекті құралдар: Бөшке, шарлар, фишкалар, сандық. Жазылған нақыл сөздер: «Өсер еліміздің болашағы - сапалы білімде», «Білімді мыңды жығар», «Күшіңе сенбе, біліміңе сен».

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру.

Балалар, Президентіміз өз жолдауында «Өсер еліміздің болашағы - сапалы білімде » дегендей, бүгінгі сыныптан тыс «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жағар» сабағымыз сайыс түрінде өтпек. Сайысымыз 6 айналымнан тұрады.

Сыныпты үш топқа бөлеміз.

1-топ. «Білімділер»

2-топ. «Ойшылдар»

3-топ. «Тапқырлар»

Әділқазылар алқасын сайлау.

Әр топ мүшелері өздерін таныстырып, капитандарын сайлайды.

Ойын ережесімен таныстыру.

Ойын 6 айналымнан тұрады.

  1. «Білгенге маржан»

  2. «Жұмбақтас»

  3. «Құрастырма сурет»

  4. «Бояулар сөйлейді»

  5. «Кітап – білім бұлағы»

  6. «Тіл өнері»

Дұрыс жауапты білсе, оны айту үшін алдарындағы дөңгелекті көтеруге тиіс. Айғайлап айтса ұпай есептелмейді.

1-айналым «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл айналымда сұрақтарға топ капитаны жауап беруі тиіс. 30 секундтың ішінде қанша сұраққа жауап берсе, сол топ сонша ұпай алады.

1-топ:

  1. Шөлге шыдамды жануар? (түйе)

  2. 8*7 (56)

  3. Орман дәрігері қай құс? (тоқылдақ)

  4. Сөйлем неден құралады? (сөзден)

  5. Алғаш қазақ балаларына мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)

  6. 20*20 (400)

  7. Заттың сынын білдіретін сөз табы? (сын есім)

  8. Көксерек әңгімесіндегі баланың аты? (Құрмаш)

  9. 11 тышқанда барлығы неше құлақ? (22)

  10. 20 санының көршілері? (19, 21)

2-топ.

  1. Қай жануардың үйінде арқасы бар? (тасбақа)

  2. Еңбекқор жәндік? (құмырсқа)

  3. 60*6 (360)

  4. 1 ғасыр артық па, 40 жыл артық па? (1 ғасыр)

  5. 22 адамда барлығы неше аяқ? (44)

  6. Үй ішін әуреге салған Бектай қай өлеңнің кейіпкері? (дүрбелең)

  7. 45 санының көршілері? (44, 46)

  8. Заттың түрін білдіретін сөз табы? (сын есім?)

  9. Кімнен? Неден? сұрақтарына жауап беретін септік? (шығыс септік)

  10. Бір дәптер 15 теңге. Осындай төрт дәптер қанша теңге?

3-топ.

  1. Ең үлкен көл. (Каспий)

  2. Қазақ тілінде неше жалғау бар? (4)

  3. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

  4. 8*8 (64)

  5. Кіммен? Немен? сұрақтарына жауап беретін септік? (көмектес)

  6. 6 атта барлығы неше аяқ? (24)

  7. 99 санының көршілері? (98, 100)

  8. Қорқақ жануар? (қоян)

  9. Ақ боранда адасып кеткен баланың есімі? (Қасым)

  10. Аң патшасы қай жануар? (арыстан)

2-айналым «Жұмбақтас» деп аталады. Әр топтан кез келген бір оқушы кезекпен шығады. Тақтаға ілініп тұрған шарлардын бетінде 10, 20, 30, 40 цифрлары жазылып тұр. Сол шарлардың бірін жару керек. Қай шар жарылса, сол шардың ішіндегі сұраққа жауап алынады. Ұпай саны шардың бетіндегі санмен тең болады.

  1. Мен автобусқа кірдім. Автобуста менен басқа 17 адам болды. Бірінші аялдамада 7 адам шығып, 2 адам кірді. Екінші аялдамада 10 адам шығып, 3 адам кірді. Келесі аялдамада 5 адам кірді, бірақ ешкім шыққан жоқ. Келесі аялдамада менімен бірге 4 адам шықты. Барлығы неше аялдама болды? (4 аялдама)

  2. 5 күнді ретін (мысалы, бірінші күн, екінші күн) және атауын (мысалы, бейсенбі, сейсенбі, сәрсенбі) айтпай басқаша қалай айтуға болады? (алдыңғы күні, кеше, бүгін, ертең, келесі күні)

  3. 5 жұмыртқа 5минутта піссе, 1 жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минут)

  4. Дәрігер науқасқа үш дәрі жазып беріп, оларды жарты сағат сайын қабылдау керектігін айтты. Науқас бірінші дәріні сағат 8-де қабылдаса, сонғы дәріні нешеде қабылдайды? ( сағат тоғызда)

  5. Самалдың әкесінің 5қызы бар. Ұлболсын, Ұлдай, Ұлмекен, Ұлтуған. Бесінші қызының аты кім? (Самал)

  6. Үстел үстінде 3 стақан шие тұрды. Алмат бір стақан шиені жеп қойды. Неше стақан қалды? (3 стақан)

  7. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың астына отырады? (сулы ағаштың)

  8. Судың астында қандай тас болмайды? (құрғақ)

  9. Қай айда 28 күн болады? (барлық айда 28 күн болады)

  10. Торда 12 құс отыр. Оның 11-інен басқасы ұшып кетті. Торда неше құс қалды? (12 құс. Тордан ұша алмайды)

  11. Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? (себебі, ақша кітаптың ішінде болған)

  12. Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады? (бес бұрыш)

3-айналым «Құрастырма сурет». Бұл айналымда әр топқа тұтас бір суреттің қиықтары беріледі. Оқушылар жасырылған суретті тауып, қағазға жапсырып, тақтаға шығып қорғауы керек. Бірінші тапқан топқа 5 ұпай, екінші тапқан топқа 4 ұпай, үшінші тапқан топқа 3 ұпай беріледі.

4-айналым. «Бояулар сөйлейді» айналымы. Әр топқа бір-бірден боялмаған суреттер беріледі. Ол суреттің әр бөлшегінде амалдар жазылған. Сол амалдарды шешіп, шыққан нәтижесін төмендегі түстерден тауып, бояу керек. Бірінші бояп бітірген топқа 5 ұпай, екінші бітірген топқа 4 ұпай, үшінші бітірген топқа 3 ұпай беріледі.

5-айналым «Кітап – білім бұлағы» деп аталады. Мен сендерге жұмбақ оқимын. Оның шешуі кітапта жасырылған. Топ жұмбаққа дұрыс жауап беруі тиіс. Қай топ бірінші дұрыс жауап береді сол топ 5 ұпай иеленеді. Басқа топ ұпай алмайды. Бөлмеде бір топ бала отыр . Олар көңілді кеш ұйымдастырып, сөз жарысын жүргізуде. Бір кезде әңгіме қазақ әдебиеті төңірегінде өрбіді. Аяқ астынан балалар қызылкеңірдек болды да қалды.

- Қазақтың ұлы жазушысы кім? – деп сұрады.

- Абай, - деп жауап қатты.

- Дұрыс, бірақ ол ұлы ақын ғой, деп келіспеді.

Олар ұзақ дауласты. Ақыры жауабын мына кітаптар арқылы шешті.

Сөреледегі кітаптарды ұлы жазушының фамилиясы шығатындай етіп тек 3 кітаптың орнын ауыстырып орналастыр. Есте сақтайтыны «Ә» әрпін орнынан қозғамау керек.

6-айналым. «Тіл өнері»

«Тіл өнері» деп аталатын бөлімде берілген жұмбақтың шешімін тауып, оны орысшаға, ағылшыншаға аударыңыздар. Бір тілде жауап берсе 3 ұпай, екі тілде жауап берсе 4 ұпай, үш тілде жауап берсе 5 ұпай.

  1. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

  2. Үсті тас, асты тас, ортасында піскен ас. (нан, хлеб, bread)

  3. Уақытты өлшеп санап, таппайды бір тағат. (сағат, часы, clock)

  4. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн, солнце, sun)

  5. Көреді бәрін өзгенің, көрмейді бірақ өздерін. (көздер, глаза, еуеs)

  6. Айбат шеккен алыстан, аң патшасы ... (арыстан, лев, lіon)

Әділқазылар алқасына сөз беру, марапаттау.

- Білімді, тәрбиелі, ақылды болу адамның ең жақсы қасиеттері. Ал біздің білім алуымызға, жан-жақты болуымызға досымыз кітап көмектеседі. Сондықтан, кітап көп оқуға тырысайық.

Сабағымызды Ы. Алтынсариннің мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді

Бір Аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.

Барлықтарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3701
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі