жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сайыс сабақ "Білім майталмандары"
Сабақ тақырыбы: Білім майталмандары.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып,
логикалық ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор
Сабақ түрі: сайыс
Сабақ барысы: Ұйымдастыру:
Жүргізуші:
Ғалымдардың патшасы атанғансың
Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән – физика атанғансың
Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы заман талабы. «Білім майталмандары» атты сайысына қош келдіңіздер
Мектебімізде болашағынан үміт артатын оқушыларымыз аз емес. Осындай оқушылар қатарында жүрген сайыскерлерімізді ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер . Топ құрыңыздар және топтар бір-бірін таныстырсын.
Танымдық ойын шартымен таныстыру:
І. Бой жазу (Деңгейлік сұрақ)
ІІ. Формулалар қоржыны (Формулалар)
ІІІ. Кім жылдам? (Есептер шығару)
ІV. Тапқыр болсаң (Логикалық тапсырмалар)
Ой санамда болса да балалығым,
Ғылым сырын білемін, даналығын.
Физика заңдылығын меңгертіп,
Зерделімін, білімдімін, саналымын!-дейтін бүгінгі сайыскерлерімізді күттірмей сайысымызды бастайық.
І. Бой жазу. (Деңгейлік сұрақ)
|
№ |
Сұрақ |
Жауабы |
|
I.Космос |
||
|
1 |
Қандай уақытта Жер Күнді толық бір айналым жасайды? |
365 тәулік |
|
2 |
Бізге ең жақын жұлдыз? |
Күн |
|
3 |
Бірінші ғарышкер Ю.А.Гагариннің орбитаға ұшу сапарындағы космостық кемесі қалай аталды? |
Восток |
|
4 |
1969 жылы 21 шілдеде Айдың бетіне алғаш қадам басқан, мына американдық астронавт. |
Н. Армстронг |
|
5 |
2006 жылы өткен ассамблеяның III Халықаралық астрономдар бірлестігінде ол планета деген статусынан айырылды, бірақ көптеген астрономдар ол шешіммен келіспей өз наразылығын білдірген болатын |
Плутон |
|
I I.Ғалымдар |
||
|
1 |
Классикалық механиканың негізін салушы? |
И. Ньютон |
|
2 |
Ваннадан шыға сала, “ЭВРИКА” деп айқайлаған ғалым? |
Архимед |
|
3 |
Самос аралында дүниеге келген ұлы математик және философ, сонымен қатар Олимпиада ойындарының жеңімпазын ата? |
Пифагор |
|
4 |
Физика тарихына енген ғалым, ағылшын ботанигі? |
Броун |
|
5 |
Оның “бастамаларында” геометрия және теориялық арифметиканың негізгі заңдылықтары туралы айтылған? |
Евклид |
|
I I I.Физика табиғатта |
||
|
1 |
Аса қажет өмірге халық үшін, пайдаланамын күн сайын жарық үшін |
Электр тогы |
|
2 |
Грек тілінен аударғанда “электрон” қандай мағынаны білдіреді? |
Янтарь |
|
3 |
Ағаштардың қайсысы орнықты тепе-теңдік қалыпта бола алады шырша немесе емен? |
Емен |
|
4 |
Адамның қан айналым жүйесіндегі қысымы мм.сын.бағ. нешеген тең? |
Жоғарғы қан айналым қысымы 100-120 мм сын.бағ. |
|
5 |
Мына жануарлардың қайсысы жылқы немесе сиыр тапталған және батпақты жерлерде тез жүреді? |
Сиыр |
|
IV.Жылу |
||
|
1 |
Шеңбер ұзындығының диаметріне қатынасы? |
Пи саны |
|
2 |
Мұзда тайғанамау үшін не себеді? |
Тұз, құм |
|
3 |
Космоста салқын ба? Сіз кемені тастап, ашық космоста термометрді алдым деп ойлаңыз. Ол нені көрсетеді? |
Температураны вакуумде өлшеуге болмайды |
|
4 |
Шетін көргенмен, Қусаң жете алмайсың |
Көкжиек |
|
5 |
Қалайыны суда балқытуға болама? |
Иа , егер ішкі қысымды ұлғайтсақ |
|
V.Өлшем бірліктер |
||
|
1 |
СИ жүйесіндегі ұзындықтың өлшем бірлігі? |
Метр |
|
2 |
Қуаттың өлшем бірлігі? |
Ватт |
|
3 |
Алғашқы болып Ньютонның бірінші заңын ашқан кім? |
Галилей |
|
4 |
Зат мөлшерінің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі |
Моль |
|
5 |
Олар векторлықта скалярлықта бола алады |
Физикалық шамалар |
|
VI.Физика жұмбағы |
||
|
1 |
Күннен де күшті, желден әлсіз, аяғы жоқ жүреді, көзі жоқ, жылайды? |
Бұлт |
|
2 |
Жерде жатады: бояй алмайсын, құлата алмайсын, баса алмайсын? |
Көлеңке |
|
3 |
Бар-жоғын оның білмейсің, онсыз өмір сурмейсің |
Ауа |
|
4 |
Мамықтай ұлпа, қанттай аппақ, Қыста жер бетін басады. Жазда сайға қарай қашады |
Қар |
|
5 |
Аяғы жоқ, қолы жоқ, бірақ үйге кіреді |
Жылу мен суық |
Жүргізуші: келесі белесіміз
ІІ. Формулалар қоржыны (Формулалар)
Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, қоржыннан шыққан формулаға анықтама береді.
Жүргізуші:
Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін ,
Есеп-қисап, сан, цифр термек үшін
Көрсетіп есептеудің жолын қалай
Келдім айтып оларды бермек үшін
ІІІ. Кім жылдам? (Есептер шығару)
Бұл турда командалар экранда берілген есептерді шығарады. Алғашқы шығарған команда жауабын айтады. Егер бұл команда қателескен болса, келесі командаға мүмкіндік беріледі.
Есептер:
-
-53°С температураға сәйкес келетін абсолют температурасы. Жауабы: 220 К
-
Әрқайсысының кедергісі 10 Ом болатын бес өткізгішті бір-бірімен параллель жалғағандағы жалпы кедергісі. Жауабы: 2 Ом
-
72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан поезд терезесінің алдындағы жолаушы 54 км/сағ жылдамдықпен қарсы өткен поезды 10 с бойы көреді. Қарсы кездескен поездың ұзындығы? Жауабы: 350 м
-
Массасы тұрақты идеал газдың 270С температурадағы көлемі 3 м3. Сол қысымда және 1270С температурада газ көлемі? Жауабы: 4 м3
-
Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 300 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,3 м, бойымен 3 А ток өтіп жатқан түзу өткізгішке 9 Н күш әсер етеді. Магнит өрісінің индукциясы? (sin 300=0,5)
Жауабы: 20 Тл
-
Айдан Жерге дейін жарық 1,28 с-та жүріп өтсе олардың арақашықтығы? (с = 3∙108 м/с) Жауабы: 3,84*108 м
-
Пайдалы жұмысы 4000 Дж, атқарған толық жұмысы 6 кДж қондырғының ПӘК-і? Жауабы: 67 %
Жүргізуші. сайысымыздың келесі белесі
ІV. Тапқыр болсаң...
Бұл белесте логикалық тапсырмалар беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
1) Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.
Жауабы: Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға - 500 теңге ұтыс беріледі.
2) Үш орман тұрғыны қамыстан, шыбықтан және тастан үй тұрғызыпты. Салып болған соң әрқайсысы бір-бір үйге ие болады. Ниф-нифтікі тастан емес, сондай-ақ шыбықтанда соғылмаған, Нуф-нуфтікі тастан емес.Наф-нафтың үйі неден салынған?
Жауабы: Наф-наф тастан, Ниф-ниф қамыстан, Нуф-нуф шыбықтан салған үй иесі.
3)Адам өз тарында пайда болған өнертабыстарды түрлі жан-жануарлардың ерекше құбылыстарына қарап тапқан. Мысалы аспалы көпірлерді өрмекшіден үйренсе, мысықтың қасиеттерін фотоаппараттың дифрагмасын және жарықты шағылыстыратын жол белгілерін табуда пайдаланған. Ал жылан қадай өнертабысты табуға себепкер болды?
Жауабы: Шприц, дәрі егетін ине.
Жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға беріп Әділқазы сайысымызға,
Білім майталмандары анықталады.
Қорытындылау : Ұпай сандары саналып, жеңімпаз топ марапатталады
Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып,
Куә болды көздерің.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендеріңе көп рахмет!
Шын сезінген көрерменге
Айтамыз біз мың алғыс!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген