жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сайыс сабақ "Білім мен еңбек, бәрін де жеңбек" 7 сынып
«О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебі» КММ
ТАҚЫРЫБЫ:
«Білім мен еңбек, бәрін де жеңбек»
Пән мұғалімі: Ешматова Р.Ж.
«Информатика әлемі
– компьютердің
мәнері»
Сабақтың тақырыбы:«Білім
мен еңбек, бәрін де жеңбек»
Сабақтың мақсаты:оқушылардың компьютермен
сауатты жұмыс істей білуге, бір-біріне көмектесе білу, тыңдай
білуге үйрету,оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен
іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта
отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін
арттыру..
Күтілетін нәтиже:оқушылар
компьютермен жұмыс істегенде құрылғылардың жұмыс істеу қызметін
білу, батырмалардың қызметін анықтамасын білу, өз ойын еркін
жеткізеді.
Сабақтың
түрі: танымдық , сайыс
сабақ
Әдіс -
тәсілдер: топтастыру, сұрақ - жауап,
ойын элементтері, баяндау әдісі,
АКТ.
Керекті жабдықтар: компьютер, слайдтар,суреттер, А4 парақтар, қосымша материалдар.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Психологиялық дайындық. (оқушыларды топқа бөлу, 3 топқа бөлінген оқушылар алақандарына алақанын тигізіп, тілек айту арқылы басталады.
Сәлеметсіздер ме, құрметті
ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Білім мен еңбек бәрін де
жеңбек» атты сайысымызға қош
келдіңіздер!
Армысыздар осында
жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар
- дей келе сайысымыздың
шарттарымен таныстырып өтейін.
«Білім мен еңбек, бірін де жеңбек» сайысына 7 «а және в»
сыныптарынан құралған «Пернетақта» , «Алгоритм» «Программа» атты 3
команда қатысады. Сайыс VІІ кезең бойынша
өткізіледі.
І. кезең. «Бәйге
сұрақтары»
ІІ. кезең. «Ғажайып алаң»
ІІІ. кезең. «Шығармашылық жұмыс»
ІV. кезең. «Ойлан тап».
V. кезең. «Кім жылдам».
VІ. кезең «Құпия жәшік»
VІІ. кезең. «Жабық сұрақтар»
Информатиканың
сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді - дей отырып, .
Ендеше 7 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Білім мен еңбек,
бәрін де жеңбек» сайысын бастайық.
1) І. кезең.
«Бәйге» сұрақ - жауап бөлімі. Бұл
бөлімде 3 топқа сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан
беріледі.
І топ.

ІІ топ.

ІІІ топ.

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - дей отырып, келесі кезеңді
бастаймыз?
2) ІІ. кезең.
« Ғажайып
алаң»экранға назар аударайық, дұрыс
жауап ұяшықтағы ұпайлармен
бағаланады.
3) ІІІ кезең.
Бұл сайыс біткен жоқ
кетпейік,
Келесі бөлімге беттейік.
Бәріміз бірігіп, бас қосып,
Сөздерден сөздерді
реттейік.
Енді
келесі кезеңіміз«Шығармашылық
жұмыс» яғни бұл кезеңде оқушылар
дайындап келген «Ауылым – алтын бесігім» , «Астана – арман қала» ,
«Ардақтайық ананы» тақырыбындағы суреттерді қорғайды. Жақсы суретке
10 ұпайдан беріледі
4) Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында
Келесі ІV кезең. «Ойлан тап» (бұл кезеңде берілген сөздерден жаңа сөздер құрастыру керек, кім көп сөз құрастырады)
І топ. ІІ топ ІІІ топ.
Пернетақта Бағдарлама Информатика
5) V. кезең. «Кім жылдам?»
1) Математикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазу керек.
І топ. (16у +3)2 – 2у ---------(16*у)^2-2*у
х2 +
--------- sgr(x) + (24*y^2+10)/15
2х²+√х------------------ 2*x^2+sgrt(x)
ІІ топ.«Шай демдеу» алгоритмін құр.
Шайды демдеу алгоритмі:
-
Басы
-
Ыстық сумен шәйнекті шаю
-
Шәйнекке шай салу
-
Қайнаған су құю
-
3-5 минут күту
-
Шайды шыныаяққа құю
-
Соңы
ІІІ топ. Екі бүтін санды қосу программасы мен блок сызбасын құр.

6) VІ. кезең. «Құпия жәшік»
Ойланайық азырақ,
Уақытыңды үнемдеп.
Кім шығады, кәнеки,
Жауабын мен білем деп.
«Құпия жәшік» сұрағы.
Үш жәшіктің ішінде бөлек -
бөлек информатика пәніне қатысты заттар тұр, бұл заттар үш топқа
қойылатын сұрақтардың жауабы болып табылады, егер осы «Құпия
жәшік»- тің ішінде не тұрғанын тапса онда 10 ұпаймен бағалаймыз?(2
минут уақыт беріледі)
«Алгоритм»
тобына
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын
дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифмометрді
құрастырды. Дөңгелек орнын цилиндрді қолданғанда. Бұл құрал күрделі
амалдарымен қоса көбейту, бөлу амалдарын квадраттау амалдарын
орындайтын болды. Осы арифмометрдің негізін ала отырып орыс өнер
тапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер қандай есептеу құралын
жасады? Бұл жәшіктің ішінде қандай құрал?
(............)
«Программа» тобына
Мәліметтерді ұзақ уақыт сақтайды Өлшемдері әртүрлі. Оның көлеміне
қарай бірнеше түрі бар. Жәшікте қандай зат бар?
(.......)
«Пернетақта» тобына.
Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ , компьютердің кенже баласы. Ол не ........
Компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғылардың бірі, оның бірнеше аты бар . Ол не? ( .........)
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»-
дей отырып, сайысымыздың
келесі кезеңіне көшеміз.
7) VІІ. кезең.
«Жабық сұрақтар». Ойынның шарты: Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” немесе “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 5 ұпай деп саналады.
І топ:
1. «Ақпарат» сөзі латын
тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді.
(ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ертең аптаның 5-ші күні, жұма.(жоқ)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады.
(жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
ІІ топ:
1. «Информатика» пәні ЭЕМ -
нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын
зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға
бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ – нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды.
(жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК – дің сыртқы құрылғыларына жатады.
(ия)
9. Принтер – ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 98-76 =22 (ия)
ІІІ топ.
-
Компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы модем деп аталады (иә)
-
Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы бейнекарта деп аталмайды (жоқ)
-
Алгоритмнің 3 түрі бар (ия).
-
END сөзі программаның соңын білдіреді (ия)
-
Компьютер мен информатика сөзінің анықтамасы бірдей (жоқ)
6. Паскаль программалау тілі француздың ұлы математигі Блез Паскальдің құрметіне қойылған (иә)
7.Жаңа жолға түсу пернесі SHIFT пернесі (жоқ)
8. 5х8=45 (жоқ)
9. Ож барлық компьютерлерде болады (ия)
10.Paint графикалық редакторы сурет салуға арналған программа (ия)
ІІ. Сергіту сәті. ( бейне таспа)
ІІІ. Рефлексия.
-Бүгінгі сабақтан алған әсерің?
- Сабақ несімен ұнады?
(оқушылар сайыста алған ұпайларын
санайды)
ІV. Қорытынды
Осыменен бұл сайысты
тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім
қусақ
Осымен «Білім мен еңбек, бәрін де жеңбек » атты сайысын «Білім мен
еңбек марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген
керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз. Сау
болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген