Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сайыс сабақ Білімдіге дүние жарық 6 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың
тақырыбы: «Білімдіге дүние
жарық»
Сыныбы: 6 а, ә,
б,в,г
сыныптары
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың
информатика пәнінен алған білімдерін бақылап,
бағалау.
Дамытушылық:
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,
танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың
пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін
арттыру.
Тәрбиелік:
Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта
бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек
сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық
қабілеті бар жеке тұлғаны
қалыптастыру.
Сабақтың түрі:
сайыс сабақ
Сабақтың типі:
сыныптан тыс
Сабақтың әдісі:
сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке
жұмыс.
Сабақтың
көрнекілігі:
- Интерактивті
тақта (ойын презентациясын көрсетуге
арналады).
Cабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде тортар өз орындарына отырғызылады. Әр
топта 3
оқушыдан болады
және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде
сайланады.
Барлықтарыңызды
бізбен бірге қызықты «Білімдіге дүние
жарық» сайыс сабағын
тамашалауға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын,
тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді
ұмытпаңыздар.
Сайысымызға 6а,
6ә, 6б,6 в, 6 г
сыныптарынан
құралған бес
топ
«Білімдіге дүние
жарық» сайысуға
келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз 6 -
сынып оқушыларының жыл басынан өткен білімдерімен байланысты.
Себебі, оқушының жыл бойы алған білімін ойын элементтері арқылы
тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай әр
тобымыз 3
оқушыдан
құралған және оның ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне
қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері
бар.
Бүгін
сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып
өтейін:
Әділ қазылар
алқасының төрайымы:
Мүшелері:
1.
2.
3.
Көңілді
тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін
салады,
Кім білімді,
көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн
жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат
етіңіздер.
Бұл ойын мына
бөлімдер бойынша болады:
1 - бөлім
«Таныстыру»
2 - бөлім
«Сұрақ-жауап»
3 - бөлім
«Кім
епті?»
4
- бөлім «Сөз
тапқанға қолқа жоқ»
5
- бөлім « Мақал
– сөз мәйегі»
Әр бөлімнен
кейін әділ - қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының
қорытындысын айтып отырады.
Асып әсте
саспайық,
Сайыс қызығын
ей достар.
Осылайша
шабытпен,
Қане енді
бастайық
1 - бөлім -
«Таныстыру». Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын
таныстырады.
1 - топ
«Компьютер»
Білімді ұрпақ –
еліміздің тірегі!
Жер бетінде
адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге
біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек
білімнен алынар,
Білімменен
аспанға жол салынар.
Девизі:
«Тапқырлық таныту
мақсатымыз,
Біліммен шықсын
тек жақсы атымыз»
2 - топ
«Ақпарат»
Сәлемдесу - игі
дәстүр киелі,
Сөзбен қарап,
кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан
семірер қашанда
Жолданады
сайыскерлер сәлемі.
Девизі: «Асау
тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен
еңбекке сал барыңды»
3 - топ
«Интернет»
Біреу озса
сайыста, біреу артта
қалады,
Ренжімей
тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы
ежелден – жеңімпазды
анықтау,
Озат болу шарты
сол – еңбектену, жалықпау.
Девизі:
«Болашақтың ұрпағымыз
білімді,
Көрсетпекпіз
мектепте алған білімді»
4 топ:
Модем
Біздің
ұран:
Егеменді елімнің
ұланымыз,
Тәртіпті болп, жақсы оқу
ұранымыз.
Амандасып
алайық
Жалпыңызбен
халайық
Модем тобы
келгенде,
Қол соғып қарсы
алайық.
Модемдерді
көргенде
Интернетке
кіргенде,
Білесіңдер
пайдасын
Сол кездерде сендер
де.
Қайырмасы:
Модем деген
керегі,
Интернеттің
тірегі.
Кез келгені
біледі,
Модемдерді
үнемі
Топтың аты: «Принтер» (Қ. Нұртас «Телефон»
әнімен)
Топтың
ұраны:
Сәттілік тілейміз біз
жарыста.
Қане, достым сенде сайыстан
қалыспа!
«Принтерміз» Чарлз Беббидж
құраған,
Тайсалмаймыз компьютерлік
тартыста.
Топтың
әні:
1. Армысыңдар ақ көңілді
көрермен,
Келіп қалдық сайыстарға
өлеңмен.
Әділ - қазы алқасына мың
сәлем,
Хабары бар есеппенен
өнерден!
2. Топтың аты «Принтер» ғой
достарым,
Өлеңменен осы әнімді
арнадым.
Информатика – ғылымдардың
патшасы
Ой - сананың түсінетін
астарын.
Қайырмасы:
Ех, «Принтер» атқарасың
жұмысты.
Сенсіз бастамаймыз бір
істі.
Драйверлік бағдарлама
боламыз,
Орнатылған компьютерге
келісті.
Мінекей 5 топтың таныстыруын тыңдадық бұл
бөлімге ұпай
берілмейді.
( әділ - қазылар алқасы топтардың атауларын
жазып алады).
Көрермен жиналған бұл
тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса
ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа
емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. –
деп
2 - бөлімді бастайық «Сұрақ-жауап» , әр топқа
10 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
беріледі.
Ақпараттану күнбе-күн,
Тез - ақ дамып келеді.
Таппай іздеп жүргенің,
Компьютерге енеді.
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де,
Ақпараттық заманың,-
Келесі сайысымызда қатысушылардың машинаның тілін қалай меңгергенін байқайтын боламыз. « Кім епті» бөлімі
1. Айша интерактивті ашық хат құрды. Тармақталу командасын қолданып әріптерді
жандандыру үшін бағдарлама жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- шарт ақиқат болған кездегі команданы жазады;
- шарт жалған болған кездегі команданы жазады;
- бағдарламаны іске қосады.
2 спрайт берілген. Келесі шарттарды орындайтын жоба құрыңыз:
A)Егер, қолданушы тышқан көрсеткішін Спрайт 1-ге алып барса, ол қорқынышты
дыбыс шығарады.
B) Спрайт 2 көлденең жылжиды.
C) Егер, Спрайт 2 сахна жиегіне жетсе, ол кері қарай бұрылып, «BabyCry» дыбысын
шығарады.
D)Егер, «бос орын» пернесін басса, онда жоба аяқталады.
Дескриптор Білім алушы
- скрипттегі Спрайт 1 үшін тармақталу командасын қолданады;
- скрипттегі Спрайт 2 үшін тармақталу командасын қолданады;
- спрайт 2 үшін күрделі шарт құрады;
- егер шарт ақиқат болса, әрекетті анықтайды.
1. Келесі шарттарды ескере отырып, «Су асты әлемі» тақырыбында жоба құрыңыз:
А) Акула балықтарға шабуыл жасайды.
B) Егер акула балыққа тиетін болса, онда көлемі үлкейеді.
C) Теңіз шаяны теңіз түбінде жорғалайды;
D) «Бос орын» пернесін басу арқылы жоба аяқталады.
Дескриптор Білім алушы
- анимация нысандарын анықтайды;
- нысандар үшін оқиғаларға бағдарлама жазады;
- балыққа тиген кезде тармақталу командаларын
қолданады;
- анимациялық жобаның аяқталуы үшін шарт құрады.
Қолданушы нысанды пернетақтадағы бағыттауыш пернелер көмегімен басқара алатындай
етіп жоба құрыңыз.
Ескерту:
1. «Жоғары» пернесін басқанда - ұшақ жоғары 5 қадам көтеріледі.
2. «Төмен» пернесін басқанда - ұшақ 5 қадам төмен түседі.
3. «Солға» пернесін басқанда - ұшақ 5 қадам солға жылжиды.
4. «Оңға» пернесін басқанда - ұшақ 5 қадам оңға жылжиды.
Дескриптор Білім алушы
- тармақталу командаларын қолданады;
- көрсетілген пернелер үшін шарт құрады;
- шарт ақиқат болған жағдайда нысанның әрекетін көрсетеді.
Берілген сахна үшін Scratch бағдарламасын қолданып қозғалыс алгоритмін құрыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- «егер» командасын қолданады;
- «әрқашан» командасын қолданады;
- командалар тізбегін жазады
Осымен 3 - бөлім аяқталды әділ - қазылар
алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын
сұраймыз.
Сайыс – толқын, айналған қатты
ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс
та.
Біреу озып келеді
қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.-
деп.
Білімнің ұшқырлығын танып
сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа
сен!
Уақыт деген зымыран, зулап
жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен, -
деп
4 - бөлімді бастайық «Сөз тапқанға қолқа
жоқ». Бұл сайыста әр топ өз топтарының бас әріпіне байланысты
сөздер жазып шығады. 2 минутта 5 сөзден артық болу
керек.
Айналайын алға ұмтылған
Дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан
қырандар!
Бізден қиын жағдайларды
сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.-
деп
5 - бөлімді бастайық « Мақал – сөз мәйегі»
бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар
беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған
мақалға 10 ұпай
беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала
(Жігітті досына қарап,
бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан
құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас
(Шегірткеден қорыққан, егін
екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың
сыры, иесіне мәлім)
5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай
жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан
шығарса)
6. Білмесең, «анықтама»- дан сұра (Білмесең
білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы
одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл
артық)
8. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды
(Досы күштіні – жау
алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең
кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер
жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер
жарады)
Осымен 5 - бөлім аяқталды әділ - қазылар
алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын
сұраймыз.
Білім деген биік
шың,
Бақытқа сені
жеткізер.
Білім деген
ақылшың,
Қиындықтан
өткізер.-
Осымен бұл қызықты
тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман
болсақ?
Үйрендік білмегенді осы
жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ! – деп
әділқазылар алқасы ұпай сандарды есептеп қорытынды шығарғанша біз
жанкүерлермен ойын
өткізейік.
Көрермендермен
ойын:
1. С әрпінен келетін информатикалық сөздер
айту
2. 2. «Сөз тапқанға қолқа
жоқ».
Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен
басталатын сөздермен жауап
беру.
1. Сенің атың
кім?
2. Жасың
нешеде?
3. Ең жақсы көретін
тамағың?
4. Сенің мектебің қалай
аталады?
5. Таңертең не
жедің?
6. Сенің фамилияң
қалай?
7. Нешінші сыныпта
оқисың?
8. Мектепке немен
келесің?
9. Түнде
аспанда не болады?
10. Қандай
пәнді ұнатасың?
Жетпесіңе
жеткізген,
Қызықты уақыт
өткізген.
Бар ғылымды
сыйдырып,
Білетіні көп
бізден.
Жаңалықтың
жаршысы,
Жұртты елең
еткізген
Информатикаға
мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз
береміз.
(топтардың
қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау
рәсімі).
Осымен 8 -
бөлім аяқталды. Әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап,
қорытындысын айтуын
сұраймыз.
Ғылымның сырын
ұғына,
Шығыңдар білім
шыңына.
Ұқыптылық пен
зеректік,
Жеткізер
сіздердей өренді
Жеңістің мынау
шыңына,- деп
9 - бөлімді
бастайық «Байқағыштығыңды байқат!!!» Бұл кезеңде берілген
суреттерден 10 айырмашылықты 3 минут ішінде табу қажет. Әр топтың
айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең
жоғарғы баға – 10 ұпай.
10 - бөлімді
бастайық «Логикалық
тапсырмалар»
Кроссворд
шешу.
Жауаптары:
1. Клавиатура
2. Компьютер 3. Монитор 4. Дискета 5. Модем 6. Мышь 7. Процессор 8.
Сканер 9. Кабель
1. 1 жұмыртқа 3
минут қайнайды, ал 4 жұмыртқа неше минут қайнайды? (3
мин)
2. Үш страус
ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып
өлтірді.
Олардың қаншасы
қалды? (страустар ұшпайды)
3. Астанадан
Алматыға қарай бет алған ұшақ екі қаланың арасын 1, 5 сағатта ұшып
өтті. Ал дәл осы бағытта небары 90 минут қажет етті. Неге?
(90мин=1, 5сағат)
4. Үстел
үстінде 3 стакан шие тұр. Марат 1 стакан шиені жеп қойды. Неше
стакан қалды? (3 стакан)
5. Бөлмедегі әр
бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса,
бөлмеде неше мысық бар? (4
мысық)
Осымен бұл
қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды
айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік
білмегенді осы жолы,
Тағы да
үйренеміз аман болсақ! – деп әділқазылар алқасы ұпай сандарды
есептеп қорытынды шығарғанша біз жанкүерлермен ойын
өткізейік.
Көрермендермен
ойын:
1. С әрпінен
келетін информатикалық сөздер
айту
2. 2. «Сөз
тапқанға қолқа жоқ».
Шарты: Сұраққа
тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап
беру.
1. Сенің атың
кім?
2. Жасың
нешеде?
3. Ең жақсы
көретін тамағың?
4. Сенің
мектебің қалай аталады?
5. Таңертең не
жедің?
6. Сенің
фамилияң қалай?
7. Нешінші
сыныпта оқисың?
8. Мектепке
немен келесің?
9. Түнде
аспанда не болады?
10. Қандай
пәнді ұнатасың?
Жетпесіңе
жеткізген,
Қызықты уақыт
өткізген.
Бар ғылымды
сыйдырып,
Білетіні көп
бізден.
Жаңалықтың
жаршысы,
Жұртты елең
еткізген
Информатикаға
мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз
береміз.
(топтардың
қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау
рәсімі).
«Информатикалық
бестік» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық іскерлігін,
логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, қойған мақсатына жете білуге
дағдыландыру, білімдерін
шыңдау.
Жоспары:
І тур. Топты
таныстыру
ІІ тур. Сергіту
сәті.
ІІІ тур.
«Жылдам, тағы жылдамырақ»
ІҮ тур. Сандар
арифметикасы
Ү тур.
Информатиканы жырлаймын.
ҮІ тур. Бетпе -
бет
ҮІІ тур.
Шығармашылық жұмыс «Қазақстан - 2050
стратегиясы»
Барысы:
Техника дамып ғарыштаған,
Қонып жатыр бүгінде ғарышқа адам.
Компьютерлік ғажайып виртуальдық,
Өзіндік өрнегіммен өріс табам,
- дей отырып, барлықтарыңызды «Информатикалық бестік» сайысын көріп тамашалауға шақырамыз!
Әділдікпен баға берер сіздерге,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Қазылар
алқасымен таныстыру:
Дәкен
Ахметбекқызы,
Анар
Кәдірбекқызы,
Майра
Нұрғабиқызы,
Баян
Ғалиоллақызы
Назигүл
Жамбылқызы
І тур. Топты
таныстыру:
Компьютерде
келешек,
Ұғып, білгіш
елгезек.
Әр кластың
білгірлері,
«Принтерге» бер
кезек,- деп ортаға «Принтер тобын»
шақырамыз.
Информатика
пәнінен,
Көрсетер бізге
алғырлық.
Ой толғайтын
жүйелі
«Сканер» тобын
шақыралық,- ортада «Сканер»
тобы.
Тобының жоғын
мұңдайтын,
Ертеңі жайлы
ойлайтын.
Болашақтың
арманын,
Бүгіннен бастап
сайлайтын,- «Модем» тобын ортаға
шақырайық.
Ендігі сөз
кезегі топтардың
таныстыруларында.
1. Топтың аты:
«Принтер» (Қ. Нұртас «Телефон»
әнімен)
Топтың
ұраны:
Сәттілік
тілейміз біз жарыста.
Қане, достым
сенде сайыстан қалыспа!
«Принтерміз»
Чарлз Беббидж құраған,
Тайсалмаймыз
компьютерлік тартыста.
Топтың
әні:
1. Армысыңдар
ақ көңілді көрермен,
Келіп қалдық
сайыстарға өлеңмен.
Әділ - қазы
алқасына мың сәлем,
Хабары бар
есеппенен өнерден!
2. Топтың аты
«Принтер» ғой достарым,
Өлеңменен осы
әнімді арнадым.
Информатика –
ғылымдардың патшасы
Ой - сананың
түсінетін астарын.
Қайырмасы:
Ех, «Принтер»
атқарасың жұмысты.
Сенсіз
бастамаймыз бір істі.
Драйверлік
бағдарлама боламыз,
Орнатылған
компьютерге келісті.
3. Топтың аты
«Принтер» ғой достарым,
Өлеңменен осы
әнімді арнадым.
Информатика -
ғылымдардың патшасы
Ой – сананың
түсінетін астарын.
4. Болашаққа
бірге қадам басамыз,
Білімменен
асулардан асамыз,
Жарыстарға
үмітпенен қарап - ап,
Сәттілікті
жолдас қылып аламыз!
2. Топтың аты:
Сканер
Ұраны: Қандай
сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда
ұмтыла біл жеңіске.
Тотың әні: (Қ.
Нұртас «Сағыныш моншақтары»
әнімен)
1. Жүректің
жалынымен,
Қал сұрап
амандасып,
Сіздермен
қауыштырған,
Информатика
апталығы.
Принтер мен
Модем топтары
Қарсылас емес
бізге.
Достармыз біз
әрқашан
Жазылмас жұбы
мүлде.
Қайырмасы.
Сен барда
ұмытпаймыз біз.
Мектептің қызық
шақтарын.
Сканер тобы
ұмтыл алға,
Шыға бер биік
шыңға.
2. ХХІ
ғасыр
Технология
заманы.
Ақпараттар
Бүгінде
Информатика
саласы.
Ұмтылыңдар
сендер де
Информатиканы
білуге.
Кибернетикасы
атасы
Норберт Винер
ізімен.
3. Біздің топ:
Модем
Біздің
ұран:
Егеменді
елімнің ұланымыз,
Тәртіпті болп,
жақсы оқу ұранымыз.
Біздің ән: (Қ.
Нұртас «Сүйіп едім» әнімен)
Амандасып
алайық
Жалпыңызбен
халайық
Модем тобы
келгенде,
Қол соғып қарсы
алайық.
Модемдерді
көргенде
Интернетке
кіргенде,
Білесіңдер
пайдасын
Сол кездерде
сендер де.
Қайырмасы:
Модем деген
керегі,
Интернеттің
тірегі.
Кез келгені
біледі,
Модемдерді
үнемі.
Ғылымдардың
патшасы,
Жаңа өмір
қақпасы,
Компьютерді
өмірде
Қолданады
баршасы.
Қорытынды кеш
бүгінгі,
Топтар өзіне
сенімді.
Тілейміз біз
сәттілік
Қарсыласқа
бүгінгі.
Қайырмасы.
ІІ тур. Сергіту
сәті.
Информатика бұл кейде басты талап,
Ол дегенің ізденгенге қару - жарақ.
Енгізу - шығару құрылғысын,
Көрейік қайсы топ жазар тез - ақ,
- деп «Сергіту
сәтін» бастайық.
1 минуттың
ішінде компьютердің енгізу және шығару құрылғыларын жазу керек. Әр
дұрыс жауапқа 1 ұпай
беріледі.
(Тапсырманы
орындау парағы таратылады.)
ІІІ тур. «Жылдам, тағы
жылдамырақ»
Ақпараттану күнбе-күн,
Тез - ақ дамып келеді.
Таппай іздеп жүргенің,
Компьютерге енеді.
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де,
Ақпараттық заманың,-
деп ІІІ -
турымызды бастаймыз. «Жылдам, тағы жылдамырақ» деп аталатын бұл
турда 1минуттың ішінде таңдап алынған әріптен басталатын
информатикалық терминдер жазу керек. (Әділқазы алқасынан әріптерді
таңдап алады. Тапсырманы орындау парағы
таратылады.)
ІҮ тур. Сандар
арифметикасы.
Информатика пәнінен,
Алғырлық біздер көрсетіп.
Әр түрлі санау жүйесінен,
Тастайық есеп шығарып,-
деп «Сандар
арифметикасы» турын бастайық. Оқушылар санау жүйелерінен
тапсырмалар орындайды. (Тапсырмалар әділқазылар
алқасында).
1. «Принтер»
тобына: 8-дік санау жүйесіндегі ең үлкен үш разрядты санды жаз және
оны ондық санау жүйесіне
көшіріңіз.
2. «Сканер»
тобына: 8-дік санау жүйесіндегі ең кіші төрт разрядты санды жаз
және ондық санау жүйесіне
көшіріңіз.
3. «Модем»
тобына: 16-лық санау жүйесіндегі ең үлкен екі разрядты санды жаз
және ондық санау жүйесіне
көшіріңіз.
Ү тур. Информатиканы
жырлаймын.
О,
информатика, сен қандай ғажап едің,
Сенсіз өткен күндерім азап менің,
Жоғымды интернеттен іздеп тапсам,
Мен сені қалайша жырламаймын,-
деп толғана
отырып, кезекті жанкүйерлерге
береміз.
(Жанкүйерлер
сайысы. Өздерінің шығарған өлең жолдарын оқиды. Әділқазылар
алқасына жұмыстарын
өткізеді).
Компьютерге
арнау («Принтер» тобы)
Армысыңдар
замандастар!
Апталықтың
додасына қадам басқан.
Бүгінгі бұл
сайыста біз жеңбесек
Ұстаздан алған
білім бекер болмақ.
Арай апай емес
қой сондай бөтен,
Танымаған
адамдар оңбайды екен.
Жалғыз ғана
мұғалім компьютерден
Компьютерден
басқа ұстаз болмайды екен.
Біз міне
армандарға жеттік бүгін
Алып жүрген
жоқпыз ғой бекер білім
Осы жұрт біле
ме екен, айтып көрсін
Бар байлықтың
компьютерде екендігін.
Айғайлап айтып
жатыр оқушы әнін
Жырға қоссақ
білімнің атырабын
Бар адамды
шетелдік кино емес
Компьютерді
білуге шақырамын!
Компьютер....
Менімен егіз бе
едің?
Мен сені
сезесің бе, неге іздедім?
Мультимедия,
физикадан сені іздедім.
Мен ақымақ
компьютерге ғашықпын,
Үйден шықсам,
мектептегі компьютерге
асықпын,
Күні - түні көз
алдымнан кетпес бейне,
Сезімнің
толқындарын тасыттым.
Компьютерсіз
күн қараң
Ақпарат жоқ сол
жаман.
Егер білсең
пайдасын
Ешқашанда
қиналман.
Интернеке
кіресің
Әлемнің бәрін
білесің
Көп қиналмай
барлығын
Бір минутта
көресің.
Оқу жайын
байқалық
Біз жүрейік
жайқалып
Апталықта мың
алғыс
Ұстаздарға
Айталық!
Біз бақытты
баламыз,
Биік біздің
санамыз,
Компьютер
біздің ақылшы,
Ол да біздің
панамыз.
Керемет бұл
бала шақ
Оқушы кез
тамаша,
Білімді бол
достарым,
Біз кейінгі
болашақ!
Информатиканы
жырлаймын («Сканер» тобы)
Апталықтың ең
соңғы күні бүгін,
Информатикадан
жетілдірдік ілім - білім.
Ада Лавлейс
программистің ізімен,
Үйренеміз
информатика ілімін.
Информатика
пәнінің жетекшісі
Арай апай
ұстазымыз есепші.
Білмегенді сұра
деп аянбайтын,
Бағындырған
небір қиын белесті.
Мынау заман
ақпараттың ғасыры,
Интернетсіз
бағынбастай бар шыңы.
Бэббидж,
Лейбниц, Гейтстер ойлап
тапқан,
Информатика
ғылымдардың асылы.
Брайен менен
Деннис Ритчи құрған тіл,
Программалау
емес пе оны да біл.
Томастың
атындағы арифмометр,
Бізге мәлім
бүгінгі калькулятор.
Информатика
ғылымының бір саласы,
Есептерін
шығаруға ешкімнің жоқ
таласы.
Паскаль тілінің
ерекшілігін қарастырып,
Орындайды
компьютерді әр адамзат
баласы.
Информатика
жадымызда біздердің,
Ұмытпаймыз
ешқашанда сіздерді.
Осы менен
аяқтайық жырымызды,
Жүректен шыққан
ән – сырымызды.
Информатикаға
арнау («Модем» тобы)
Болашақ білім –
ғылым тұтқасында
Мұны әр кез, әр
кез ұстасында
Заманның
компьютердей кезеңінде
Информатика
тағы тұр көш басында
2. Компьютермен
басқарылар бәрі де
Меңгереді оны
жаста, кәрі де
ХХІ ғасыр
дамыған мынау заманда
Көш басында
компьютер тұр әлі де.
3. Заманның
бүгін талабы
Озық ұлттар
ойынның
Үлгісін соған
салады
Жұмбақ сырын
ғылымның,
Компьютермен
табады
Қиын деген
есепті
Шемішке
шағады
Жетістігі
ғылымның
Бұл ғасырдағы
ең бағалы
Жанындай жақсы
көретін
Жасампаз жарқын
жаңаны
Шетінен сондай
болсам деп
Қазақтың барлық
адамы.
ҮІ тур.
Бетпе-бет.
Ақпараттандыру ғылымы,
Информатика жайында.
Сұрақтар қойсақ нақтылы,
Жауабыңды дайында,-
дей келе,
«Бетпе-бет» турына кезек
берейік.
(Әр команда
қарсыластарына сұрақтар дайындап
әкеледі.)
ҮІІ тур. Шығармашылық жұмыс «Қазақстан - 2050
стратегиясы»
Аспан ашық, жер
мамық жастанарға,
Біздің қазақ
ұқсамас басқаларға.
Ақылшысы
атойлап алда тұрса,
Арыстандай
ерлері жасқанар ма?,- деп жас ақынымыз жырлағандай, еліміздің
ертеңі, болашағы болар мына жастарымыздың Елбасы жолдауын қалай
насихаттайтынын тыңдалық.
(PowerPoint -
та жасаған презентацияларын
қорғайды.)
Білімдіден шығады білгір маман,
Оқы - тоқы білгенің болмас жаман.
Ақпараттық ғасырың – болашағың,
Ақыл - ойды жинақта міне, соған,-
дегендей
сайысымыз осымен мәресіне
жетті.
Сайыс
қорытындысын жасауға сөз кезегін әділ қазыларға
береміз.
Арнайы осы кеш
үшін жасалған мақтау қағаздарымен марапаттау
рәсімі.