400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабақ Б.Момышұлы атындағы орта мектеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқуға құштар мектеп аясында өткізілген іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқуға оқуға құштар мектеп жобасы аясында

«Ертегілер әлемі» педагогтерге арналған сайыс

Мақсаты: Қазіргі заман мұғалімдерінің бір - бірлеріне деген достық сезімін арттыру, Шығармашылыққа әртістікке, жаңашылдыққа бастау, мұғалімдердің жағымды қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, кітап оқуға баулу, ұжымда жұмыс істей білу.
Қатысушылар
: пән мұғалімдері

Керекті құралдар: интерактивті тақта, ақ парақ

Түрі: сұрақ-жауап форматында

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар. Бүгінгі «Ертегілер әлемі» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. Бірінші сайысқа қатысушы мұғалімдерді ортаға шақырамыз.

Бірінші топ: «Алдар көсе» тобы.

Екінші топ: «Алтын сақа» тобы.

Үшінші топ: «Ер төстік» тобы

Мұғалімдер орналастырылған үстелдерге отырады.

«Ертегілер әлемі» атты сайысымыз-бұл ең бастысы-ертегі ересек адамды да өзгертеді, өйткені оның қиялы мен сөйлеуі де дамиды! Сонымен қатар, ол әлемге мүлдем басқа көздермен қарап, балалық шағын еске түсіре бастайды. Ертегілерді оқу үшін бала тыныш және жақсы көңіл-күйде болатын "дұрыс" уақытты таңдау маңызды. Мұны ұйықтар алдында, ертегіні талқылауға уақыт болған кезде жасауға болады. Сізге қуанышпен оқып, алаңдамау керек, бұл көп пайда мен жағымды эмоциялар әкеледі. Ертегілер балалардың білімін кеңейтеді. Ересектердегі жақсылық пен жамандықты қабылдау формасы бейнелі емес. Балалар ақпаратты осы формада қабылдай алмайды, оларға бейнелеу, ойын қажет. Ертегілердің мақсаты балада эмоциялардың табиғатынан деректерді дамыту болуы керек. Мұндай кітаптардың әрекеті балалардың ақыл-ойына емес, сезімдерін дамытуға бағытталуы керек. Егер сіз баланың сүйікті және сүйікті кейіпкерлеріне назар аударсаңыз, баланың мүмкін болатын психологиялық мәселелерін уақытында анықтап, түзете аласыз. Баланың қиялын дамудың оң және теріс бағытына бағыттау оңай. Қарапайым сюжеті бар ертегілерден бастаған дұрыс. Ертегідегі тәрбие өзіне және өз күшіне деген сенімділікті арттыруға ықпал етуі керек. Мүмкін, ересек пен баланы біріктірудің, оларға бір - бірін түсінуге мүмкіндік берудің ең тиімді әдістерінің бірі-ертегі. Бұл біздің мәдениетіміз бен халқымыздың дәстүрлерінің рухани тәжірибесін жандандыруға көмектеседі, жақсылық пен әділдікке үйретеді.

Ал енді сайысымызды бастаймыз. Сайыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім 15 сұрақтан тұрады, сұрақтың қиындығына қарай ойлануға 30-60 секунд уақыт беріледі. Ойын қалай өтеді? Алдымен экрандағы сұрақты мұқият тыңдаңыз. Одан соң берілген уақыт ішінде тобыңызбен ақылдасыңыз. Жауабыңызды қағазға жазыңыз, осылайша қағазды жүргізушіге тапсырыңыз. Телефон қолдануға болмайды!

1. Ертегілер туралы викторина

2. Қойылым

3.Ойлан, тап

1-кезең Ертегілер туралы викторина деп аталады, өйткені әр сұраққа 4 жауап нұсқасы беріледі. Ойлануға 30 секунд, және әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1-сұрақ

Өзінің ақылы мен тапқырлығы арқылы сараң байларды, жалқа-уларды ақымақ қазыларды алдап, олардың сыбағасын беретін кейіпкер кім? Жауап: Алдар көсе

2-сұрақ

«Алтын сақа» ертегісінде бай өзінің өмірін аман қалдыру үшін жалмауыз кемпірге нені уәде етті? Жауап: Жалғыз баласын

3-сұрақ

Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар қай ертегінің кейіпкерлері? Жауап: Ер Төстік

4-сұрақ

Ертегідегі «Шалқұйрық» атты тұлпар қай кейіпкердің сенімді серігі ретінде суреттелгенін белгілеңіз. Жауап: Аязби

5-сұрақ

«Жеті өнерпаз» ертегісіндегі жеті ағайындының қайсысына хан қызын береді? Жауап:Үшіншісіне

6-сұрақ

«Етікші» ертегісінде етікші дәудің бұйрығымен қандай етік тігіп береді? Жауап: Ұша алатын

7-сұрақ

Ертегілерде жиі кездесетін жағымсыз кейіпкер? Жауап: Мыстан кемпір

8-сұрақ

«Аяз би» ертегісіндегі ханды табыңыз. Жауап: Мадан

9-сұрақ

Құстың жаманын табыңыз. Жауап:Сауысқан

10-сұрақ

«Ер төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің жалмауызға беріп кететін затын атаңыз. Жауап: Егеу

11-сұрақ

«Аяз би» ертегісіндегі басты кейіпкер кім? Жауап: Жаман

12-сұрақ

Айбарша сұлу кімнің қызы? Жауап: Ханның

13-сұрақ

Шөптің жаманын табыңыз. Жауап: Қарақоға

14-сұрақ

Қазақ ертегілерінде «ұшарын жел, қонарын сай білетін» кейіпкер? Жауап: Қаңбақ шал

15-сұрақ

Шықбермес Шығайбайдың сараңдығына қарамастан үйіне қонған кім еді? Жауап: Алдар көсе

2-кезеңнің атауы Қойылым. Мұнда әр түрлі халық ертегілерінен үзінді беріледі. Сол ертегіге қойылым ұйымдастыру керек. Сондықтан да ойлануға 5 минут қана уақыт бар. Әртістік шеберлігі бағаланады. Олай болса кеттік!

Қызыл телпек, Бауырсақ, Алдар көсе

3-кезең. Ойлан, тап деп аталатын бұл кезең басқа кезеңдерден ерекше. Өйткені бұл кезең тәуекел ететін кезең. Топтан бір мұғалім шығып, экранға теріс тұрады. Экранда сурет шығады, бірақ оны ортадағы қатысушы көре алмайды. Топтағы қатысушылар сурет туралы мәліметтерді іс-қимыл арқылы көрсете алады. Ортадағы қатысушы сурет не екенін табу керек. Егер жауабыңызға сенімді болмасаңыз жауап қабылданады. Сол кезде әдеттегідей дұрыс жауапқа 1, қате жауапқа 0 ұпай аласыз. Барлығы түсінікті болса соңғы шешуші кезеңді бастайық.

1-сурет Шалқан

2-сурет Ұр тоқпақ

3-сурет Мақта қыз бен мысық

Әр топтың жинаған ұпайын санап шығайық.

Ойын соңында жүргізуші топтың жинаған ұпайының қосындысын шығарып жеңімпаздарды анықтау.

Бүгінгі жеңімпаздарды анықталғанша, «Көңілді тапқырлар» ойынын ұсынамыз.











«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» кмм





Бекітемін:

Мектеп директоры: М.Бактыбаева







«Ертегілер әлемі»

Кітапхана меңгерушісі: А.Бекмухамбетова

Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Г.Кутлимуратова

Г.Пиржанова







2024-2025 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.02.2025
201
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі