400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабақ "Дарындылар додасы" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 23.01.2019ж.

Сыныбы: 9 «А»,«Ә»,«Б»

Тақырыбы: «Дарындылар додасы»

Мақсаты: Географиядан алған білімдерін жүйелеу, біліктілігін, іскерлігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, қанатты сөздер, т.б.

Сабақтың барысы:

1. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсат міндеттері

2. Ұйымдастыру.

1.1. Қатысатын оқушыларды таныстыру

1.2. Әділ қазылар алқасын сайлау

1.3. Сайыстың кезеңдерімен таныстыру

3. Қорытынды

4. Марапаттау

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым. «Дарындылар додасы» атты 9 сыныптар арасындағы география пәнінен өткізілетін сайысымызға қош келдіңіздер!

Ақыл-тон аңдығанға тозбайтұғын,

Білім-кен, қанша болса азбайтұғын,

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын- деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:

9 «А» сынып оқушылары:

9 «Ә» сынып оқушылары:

9 «Б» сынып оқушылары:

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

1. Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Молдабекова Әсел

2. Мектеп әдіскері: Досмухаммедова Шырайлым

3. Биология және география пәнінің мұғалімі: Карджаубекова Салтанат

4. Информатика пәнінің мұғалімі: Жамаладин Қымбат

Енді сайысымыздың негізгі бөлігімен таныстырар болсам:

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1 кезең. Таныстыру

2 кезең. Ғажайып ондық

3 кезең. Почта

4 кезең. Полиглот

5 кезең. Логикалық сұрақтар

1 кезең. Таныстыру. Жоғары ұпай 10 ұпай

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

Сайыскерлер өздерін таныстырады.

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

География пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды-деп, келесі кезеңімізді бастаймыз.


2 кезең. «Ғажайып ондық». Бұл шартта 10 ұяшықта пәнге байланысты сұрақтар жазылған. Ұпайы жоғары топ бастайды. Дұрыс жауап 5 ұпай.

1-ұяшық.

Орталық Азия мемлекеттерін атаңыз?

Жауабы: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан.

2-ұяшық.

Бұл материктің шеткі нүктелері мынадай:

Солтүстік нүктесі-Мэрчисон

Оңтүстік нүктесі-Марьято

Батыс нүктесі-Принц Уэльс

Шығыс нүктесі-Сент-Чарльз қай материк?

Жауабы: Солтүстік Америка

3-ұяшық.

Ең жас эра?

Жауабы: кайназой

4-ұяшық.

Құлау биіктігі 1054 метрден асатын сарқырама атауы?

Жауабы: Анхель

5-ұяшық.

Оңтүстік Американың ең үлкен аралы?

Жауабы: Отты жер аралы, көлемі 47000 км 2

6-ұяшық. Ауа қысымын өлшейтін құрал?

Жауабы: барометр

7-ұяшық.

Ыстық су мен бу атқылап тұратын бұлақ?

Жауабы: гейзер

8-ұяшық

Үндістер мен негрлердің некелесуінен тараған ұрпақ атауы?

Жауабы: самбо

9-ұяшық.

Орталық Азия шөлі?

Жауабы: Гоби

10-ұяшық.

Индонезияның ең үлкен аралы?

Жауабы: Калимантан


3 кезең. ««Почта» ойыны

6 материкте  кездесетін табиғат кешенін тауып,  конвертке салу

Африка - Сахара, Ніл, Виктория, Килиманджаро, Эфиопия.

Солтүстік Америка –Ниагара, Миссисипи, Лабрадор, Гудзон, Мексика

Еуразия-Шығыс Европа жазығы, Мұғалжар, Ертіс, Каспий, Байкал

Оңтүстік Америка-Анд, Амазонка, Бразилия, Ла-Плата,Гвиана

Австралия-Эйр, Муррей, Виктория шөлі, Тасмания, Жаңа Гвинея

Антарктида-Эребус, Антарктикалық шөл, Тасты Антарктика, мұзтаулар, оазис.


4 кезең. «Полиглот»

Ойынымыздың 4 кезеңінде оқушыларға жұмбақтар жасырылады, жауабын үш тілде айту керек. Бірінші қол көтерген топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,

Пайдаланбас кісі де жоқ.

(Су-вода-water)

2. Отқа жанбас, суға батпас.

(Мұз-лед-ice)

3. Қаласы бар, үйі жоқ

Өзені бар, суы жоқ

Орманы бар, түбі жоқ

Бақшасы бар гүлі жоқ.

(Карта-карта-card)

4. Ешбір тіреусіз күмбез,

Ешбір сүйеусіз күмбез

Ешкім көтере алмайды,

Ешкім төңкере алмайды.

(Аспан-небо-heaven)

5. Жер бетінің кескінін

Түрлі-түспен көрсеткен

Болса да өзі құрметті

Тиіпті орын ең шеттен.

(Шартты белгі-условный знак-conditional mark)

6. Жалғыз бағыт білері

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді,

Өзі бірақ көрмейді.

(Тұсбағдар-dear)

7. Бар ма жоқ па

Оны анық білмейміз.

Ол жоқ жерде

Өмір сүріп жүрмейміз.

(Ауа-воздух-air)

8. Қанаты жоқ-ұшады,

Аяғы жоқ-қашады.

(Жел-ветер-the wind)


5 кезең. Логикалық сұрақтар.

Әр логикалық сұраққа дұрыс жауап берген топқа 5 ұпайдан.

1. Республикамыздағы жер бедерінің ең төменгі нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысы. Ал биік нүктесі Хан Тәңірі шыңына сәйкес келеді. Сұрақ Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелердің айырмасы қанша.

Жауабы: 6995м+132м=7127 м

2. Бұл тау Ақмола облысында орналасқан қырат. Орташа биіктігі 300-500 м. Бұл жер туралы Сәкен Сейфуллин поэма жазды. Бұл жерде Қазақстанның ірі демалыс орны бар. Сұрақ: Осы жерді ата.

Жауабы: Көкшетау

3. Бұл теңіз Еуразия мен Африка аралығында литосфералық тақталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Сұрақ: Бұл қай теңіз?

Жауабы: Қызыл теңіз

4. Әбден мүжіліп, үйілген өте көне таулы өлке. Мұнда миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен аяз, қар мен ағын су өзінің әрекетін жүргізген. Қазіргі кезде таудың тек негізі ғана сақталып қалған. Мұнда жартасты басы сүйір және жіңішке келген қырқалар мен үйілген қорым тас сияқты формалар кездеседі. Тіпті оқшауланып қалған тасты пирамидалар да байқалады. Сұрақ: Бұл қандай өлке.

Жауабы: Сарыарқа

Қорытынды: Заман қанша қиын-қыстау болса да,

Игі істер болып жатыр қаншама.

Үздік географ болып танылған,

Жүлдегерді танытпасақ бола ма? Сонымен бүгінгі «Дарындылар додасы» сайысы өз мәресіне жетті. Алда әлі де биік-биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

«Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол табылар»

Ж. Баласағұн.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
19 қазан
1383
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі