Сайыс сабақ. Ғажайып математика.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ. Ғажайып математика.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғажайып математика сайыс сабағы. сынып ішінде немесе сыныпаралық өткізуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып математика» атты интеллектуалдық сайыс-сабағы

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

  2. Дидактикалық, логикалық т.б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.

  3. Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту.

Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі:

Математикадан сабақтан тыс қолданылатын әдебиеттер көрмесі, сайысқа қажет форматтағы математикалық кестелер, суреттер, тапсырмалар, үлестірме карточкалар, интерактивтік тақта, презентация(слайдтар), әр топқа даярланған үстел.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

(Р.Бэкон)



Математикалық сайыстың құрылымы:

Мұғалім: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Ғажайып математика» атты интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып ортаға «Болашақ», «Білімділер» топтарын шақырамыз.

Шеберлікті, білімді

сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз

Қымбатты білім сүйгіш жас достар!

Орыс ғалымы М.Ломоносов « Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны

оқу керек, »- деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар.

Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

Мұғалім: Математикалық сайыс-бұл еңбек.

Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.

Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:

Сайысқа екі 4- сынып оқушылары қатысады.
1 - топ. 4 «Ж» сынып «Білімділер»
2 - топ. 4 «З» сынып «Болашақ»

Жарыс - сайыс сабақтың кезеңдері.
1 – кезең. Таныстыру. Әр топ өз аттарын қорғауы керек. Толық әрі нақты қорғаған топқа 5 ұпай, жартылай қорғаса 4 - 3 - 2 ұпайдан беруге болады.


2 - кезең. Мың бір мақал.
Құрамында сан есімдер мақалдар айтып жарысу.

(Ұтқан командаға 10 ұпай)


3- кезең. Ойлы болсаң тауып көр.

- Мына әріптерден математикаға байланысты сөздерді тап.
адасқан әріптер беріледі

4- кезең

Кім жылдам?

Логикалық сұрақтар (Жауап нақты, тез болу керек)))

(Әр жауапқа дұрыс 1 ұпай)

1 топ:

1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 5 )

2.Үш сызықтан пайда болған фигура. (үшбұрыш)

3. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. ( км, м, мм, см, дм)

4. 6 қабат үйдің сатысы 2 қабатты үйдің сатысынан неше есе ұзын?


5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2)

6. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 3с

7. Төрт қойдың неше аяғы бар 16

8. Уақыт өлшемдерін ата. (секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр)

9. Санды 0-ге көбейткенде не шығады? (0)

10. 1 дм-де неше см бар? (10см)

2 топ:


1. Санды 1-ге көбейткенде не шығады? ( сол санның өзі шығады)

2. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? 2 сағат

3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.Мектепке неше бала барды? 5

4. Фигураның ауданын қалай табады? ( ұзындығын еніне көбейту)

5. 9*9 нешеге тең? (81)

6. 4 аптада қанша күн бар? (28)

7. 2 сағатта неше минут бар? (120)

8. 10 см-де неше миллиметр бар? (100 )

9. Жұп аттар 20 км жүгірді. Бір ат неше км жүгірді? 20 км

10.Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды. Неше тұйеқұс қалды? ұшпайды

5- кезең. Жүзден жүйрік

(Әр жауапқа дұрыс 1 ұпай)
Әр топ капитандарына сұрақтар қойылады.
- Фигураның периметрін қалай табамыз?
-Арақашықтықты қалай табамыз?
- 1 м - де қанша см бар?
- 1 сағатта қанша минут бар?
- 1 жылда қанша күн бар?
- Алынған бірнеше заттың құны қалай табамыз? (заттың бағасын оның санына көбейтуіміз керек)
- Жылдамдықты қалай табамыз?
- 1 т қанша кг бар?
- Сұйық заттың өлшем бірлігі?

- 1 км қанша метр бар?

6- кезең

Ұпай қосып ал!

10 ұпай - Бөлмеде 4 бұрыш. Әрбір бұрышта мысықтар отыр, әрбір мысық алдында 3 мысық. Бөлмеде қанша мысық бар? (4 мысық)
20 ұпай - Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда)

30 ұпай –Бұтақта 6 қарға отырды.Олардың 3-еуін атып алды.Бұтақта қанша қарға қалды? 0

Әртүрлі

10 ұпай - Тәуліктің 3-тен 1 бөлігі неше сағатқа тең? (8 сағ)

20 ұпай – 7 санының квадраты. 49

30 ұпай- Екі сабақ арасындағы үзіліс. қоңырау



Әділ қазы алқасы есептеймін дегенше біз ойын ойнаймыз

Жұмбақтың жауабын тауып үш тілде айту

1) Білімнің жолбасшысы

Шәкірттің қолбасшысы (кітап,книга, book...........................


2) Жұқа тақтай бөлшегі

Ұзындықтың өлшемі (сызғыш,линейка,ruler..................

3) Тіл жоқ өзінде, сөзі бар ізінде (қалам,ручка,pen......................

4.) Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен жазам

Жазып алам көшіріп,

Сүртемін сосын өшіріп (тақта,доска,board...............






Қорытынды және марапаттау кезеңі
Оқушылар, болашақта бұдан да жоғары сайыстарда өз білімдердін көрсетеді деп сенемін. Өйткені жарқын келешектің тізгіні сендердің қолдарыңда екені даусыз. Сонымен «Ғажайып математика» атты сайысымызды аяқтаймыз.

(Қатысқан екі топ бірінші, екінші орынмен марапатталып барлық қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталады)



1 – кезең. Таныстыру.

2 - кезең. Мың бір мақал

3- кезең. Ойлы болсаң тауып көр.

4- кезең

І. Логикалық сұрақтар (Жауап нақты, тез болу керек)

5- кезең. Жүзден жүйрік
Әр топ капитандарына сұрақтар қойылады


6- кезең

Ұпай қосып ал!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.04.2024
264
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі