Материалдар / Сайыс сабақ География пәнінен 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ География пәнінен 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2020
2540
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кім жылдам?» (интеллектуалды ойын)

Ойынның мақсаты:

1.Оқушылардың география пәні жөнінде білімдерін, танымын қалыптастыру.

2. Табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

3. Білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту.

Ойынның барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Ойынның негізгі бөлімі.

Мұғалім: Көп біледі көп білген, Кел, келіңдер сайыскер,

Көп білген де көп көрген. Көрермендер, жанкүйер

Колумб пен Магеллан Әділдік жол таңдайық,

Атлант, Тынық мұхитын Бұл сайыстан қалмайық.

Келіп өтіп, ең алғаш

Жаңа жерге ол жеткен.


Өнерлі топтар бүгін ортамызда.

Командалар сәлем берді баршаңызға.

Қол соғып біз оларды қарсы алайық,

Айтқандарын құлақ сап біз тыңдайық!

Әр команда өздерін таныстырып өтеді.

1-тур «Жұлдызды сәт» (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен саналады)

1-топ

1.Жер шарындағы ең үлкен алапты өзен. (Амазонка)

2.Африкадағы ең таяз көл. (Чад)

3. Еділ өзенінің құяр жері. (Каспий теңізі)

4. Қоршаған орта туралы ғылым. (Экология)

5. Батыс Сібірдің басты байлығы. (Мұнай)

6. Қазақстандағы ең ірі су қоймасы. (Бұқтырма)

7. Икарус автобусын шығаратын ел. (Венгрия)


2-топ


1.Жер бетіндегі ең үлкен ойпат. (Амазонка)

2.Қазақстанның шығысындағы тау. (Алтай)

3.Дүние жүзіндегі ең ұзые өзен. (Ніл)

4.Обь өзенінің сол жақ ірі саласы. (Ертіс)

5. Сарыарқаның солтүстігіндегі үстірт. (Бетпақдала)

6. Ұлы Жібек жолы басталатын ел. (Қытай)

7.Азиядағы ірі тау жүйесі. (Тянь-Шань)


2-тур «Сиқырлы саңдық» («иә», «жоқ» қана жауап береді .Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен саналады)


1-топ 2- топ

1.Қарағанды алабы 1.Екібастұз көмірін,

Бай болады көмірге. (иә) Алады екен карьерден. (иә)


2. Мұнай, газдың көп қоры, 2. Қарағанды көмірін,

Табылыпты шығыстан (жоқ) Шахталардан қазады. (иә)


3.Екібастұз көмірін 3.Біздің батыс бай дейді,

Қойшы бала ашыпты. (жоқ) Көмір деген қазбаға (жоқ)


4.Доссор, Мақат кен орны 4. Мұнай, газды, көмірді

Атырауда бар екен. (иә) Қосып біздер айтамыз.

Жанатын қазба байлық деп (иә)


3-тур «Самғау» (Әр топқа конверт таратылады, дұрыс жауап болса 5 ұпай, қосымша көмек алса 3 ұпай боп саналады)



1-топ

Орта Азияның солтүстік батысы және Қазақстанның оңтүстік батысындағы үлкен аумақты алып жатқан ойпаң өңір. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі кіреді. Негізінде орта Азия Республикасы жерінде орналасқан. Бұл қандай ойпат?

Қосымша көмек: бұл ойпат көл, теңіз, өзендердің шөгінді жыныстарынан түзілген. Батыс Сібір жазығымен жалғасады. (Тұран ойпаты)

2-топ

Бұл қала 7-8 ғасырларда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығы. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолы тоғысады.

Қосымша көмек: 10-ғасырда араб географы Әл-Максиди оны бақтары көп, халқы тығыз қоңыстанған, 4 қақпасы, төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала деген. (Тараз)




4-тур «Полиглот» (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен саналады)

1-топ

  1. Қабат-қабат қаттама, ақылын болса аттама. (Кітап – книга- вук)

  2. Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен. (Су-вода- вотэ)

  3. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн-день-дай – сан)

  4. Үй үстінде алтын тас, алайын десем табылмас. (жұлдыз-звезда- стар)

2-топ

  1. Азықсыз, көліксіз, сусынсыз, серіксіз, әлемге шарлайсыз, жиханкез болып сіз.

(Глобус- глобус-

  1. Жиналған жастық сөгілді, аппақ мамық төгілді. (қар –снег-сноу)

  2. Теңіз, тауларды, халықты, ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер-земля –еоз)

  3. Қаласы бар, үйі жоқ, орманы бар, бүрі жоқ. Өзені бар, суы жоқ, тауы бар да, тасы жоқ. Ойлаңдаршы, балалар, оның қиын түгі жоқ. (Географиялық карта- географическая карта- мэп джеографикал)

5-тур «Кім жылдам» (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен саналады)

1-топ 2-топ

  1. Мадагаскар (арал) 1. Сахара (шөл)

  2. Танганьика (көл) 2.Лондон (қала)

  3. Орисаба (жанартау) 3. Амазонка (өзен)

  4. Мыс (металл) 4. Африка (материк)

  5. Игуасу (сарқырама) 5. Анд (тау)

  6. Альмади (мүйіс) 6. Байқал (көл)

  7. Гвинея (шығанақ) 7. Ине (мүйіс)

  8. Гималай (тау) 8. Алюминий (металл)

  9. АҚШ (мемлекет) 7. Алжир (мемлекет)

  10. Еуразия (материк) 8. Меркурий (ғаламшар)

6-тур «Капитандар сайысы» Викторина сұрақтары (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен саналады)

1-топ

1.Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала болып саналды? (Орынбор)

2.Зайсан, Марқакөл, Қарасор қандай көлдер боп саналады? (Тектоникалық)

3. Бір сағаттық белдеу ішіндегі уақыт. (Белдеулік)

4. Қазақстан Республикасының Әнұран сөзін жазғандар (Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)

2-топ

1.Қазақстанның қорықтар саны (10)

2. Қазақстандағы миллионер қала. (Алматы)

3. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары. (Шота Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)

4. Қазақстанның көршілес елдері (Ресей, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Түркіменстан)

7-тур «Ең, ең, ең... (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен саналады)

1-топ 2- топ

1.Ең биік шың (Джомолунгма) 1. Ең үлкен түбек (Арабия)

2. Ең кіші материк (Аустралия) 2. Ең халқы көп материк (Еуразия)

3.Ең терең шұңғымы (Мариан) 3.Ең ұзын өзен (Ніл)

4.Ең суыққа төзімді құс (Пингвин) 4.Ең биік сарқырама (Анхель)

5.Ең кішкентай мемлекет (Ватикан) 5. Ең үлкен арал (Гренландия)


Қорытынды: Армысыздар, төрде отырған әділ қазылар алқасы,

Сіздерден тілер тек әділдікті баршасы.

Әділ қазылар алқасына сөз берейік.

Марапаттау.


Ал, осымен географиялық ойынымызды аяқтаймыз. Қатысқаңдар үшін барлықтарыңызға рақмет! Сау болыңыздар!





































1-топ

Орта Азияның солтүстік батысы және Қазақстанның оңтүстік батысындағы үлкен аумақты алып жатқан ойпаң өңір. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі кіреді. Негізінде орта Азия Республикасы жерінде орналасқан. Бұл қандай ойпат?

Қосымша көмек: бұл ойпат көл, теңіз, өзендердің шөгінді жыныстарынан түзілген. Батыс Сібір жазығымен жалғасады. (Тұран ойпаты)



















2-топ

Бұл қала 7-8 ғасырларда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығы. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолы тоғысады.

Қосымша көмек: 10-ғасырда араб географы Әл-Максиди оны бақтары көп, халқы тығыз қоңыстанған, 4 қақпасы, төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала деген. (Тараз)





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!