«№16 жалпы орта
мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Тексерілді Келісемін
Бекітемін
ӘБ жетекшісі: Директордың
әдістімелік Мектеп директоры:
_______ М.Б.Кайкибаева ісі
жөніндегі орынбасары: _______
Б.Р.Қойшиев
_______
Ұ.Ө.Байкісі
САЙЫС
САБАҚ
Тақырыбы:
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ
ФИГУРАЛАР
Пән мұғалімі:
Д.Ж.Исабаева
Сыныбы: 8«А», 8«Ә»,
8«Б»
2017-2018 оқу
жылы
Жүргізуші:
Уа халайық,
халайық
Бәріңе жар
салайық
Бүгінгі кеш
төрінде
Дарындылар
елінде
Тапқыштардың
тілінде
Есеп шешіп
жарысып
Жұмбақ шешіп
аңдысып
Ат салысып
аянбай
Бар өнерге
салайық.
Мұнда қызық
табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі
бар
Айтыс, тартыс тағы
бар
Сөз жұмбақ та, сан
жұмбақ
Суретті жұмбақ, шеш
жұмбақ
Ой бір қызық кеш
болар
Өздеріңмен бес
болар
Құрметті ұстаздар және
оқушылар!
Бүгінгі “Геометриялық
фигуралар атты ”
Сайыс сабағымызды бастауға
рұхсат етіңіздер
Сайысқа қатысатын
топтар:
Айыра біл жақсы менен
жаманды,
Айыра біл қарындаш пен
қаламды,
Айыра біл соқпақтарын
өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды
алдағы
дей келе бүгінгі сайыс
сабағымыздың кезеңдерімен топтарымызды таныстырып
өтсек
Кезеңдері:
-
Танысу сәті (аты,
ұраны;)
2. Сен білесің бе?
(Геометриялық сұрақтар)
3. Жеті
жұмбақ
4. Шығармашылық таным (Жоба
қорғау)
5. “Кім тапқыр?” (Топ
басшылар сайысы)
І. Танысу
сәті
Білмеймін деп
қысылма,
Талабың болса
бойыңда.
Білімдінің
ырысы
Жарқырап жатар
жолында.
ІІ. Сен білесің
бе? (Геометриялық
сұрақтар)
Мықты болсаң, алдағыны
басып оз,
Мықты болсаң, арттағыны
жеткізбе!
Мықты болсаң, тайғанама, құлама,
Мықты болсаң, бөгеттерді
бұзып өт!
дей келе геометриялық
сұрақтардан құралған “Сен білесің бе?”
кезеңін бастайық
Геометриялық
сұрақтар
Ш
арты: Кубик лақтырылып, шыққан
сұрақтарға нақты жауап беру қажет. Кім жетонды бірінші көтереді,
жауап беру құқығына сол топ ие болады.
Толық
жауап 2 ұпаймен
бағаланады
-
Үшбұрыш дегеніміз не және оның
қандай түрлері бар?
-
Параллелограмм дегеніміз не?
Параллелограмның периметрі неге тең?
-
Тік төртбұрыш дегеніміз не?
Периметрі мен ауданы неге тең
-
Шаршы дегеніміз не? Қандай
қасиеттері бар? Ауданы мен периметрі неге
тең?
-
Трапеция дегеніміз не? Қандай
түрлері бар? Орта сызығы неге тең?
-
Бұрыш дегеніміз не? Қандай
түрлері бар?
ІІІ. Жеті жұмбақ
Шарты: Кім жетонды бірінші
көтереді, жұмбаққа жауап беру құқығына сол топ ие болады және
жауапты орыс, ағылшын тілдеріне аударады. Егер аудара алмаса қалған
екі топта жауап беру мүмкіндігі пайда
болады
Толық жауап 3 ұпаймен
бағаланады
-
Шар емес, дөңгелек
емес
Бірақ осылардың
бөлігі
Радиус, диаметрін
іздегенде
Онсыз болмайды
келісі Шеңбер, круг,
circle
-
Нүктеден, екі
сәуледен
Фигура ол
құралды
Айтыңдаршы
қанеки
Қалай ғана
аталды? Бұрыш,
угол, angle
-
Түзудің бір
бөлігі
Екі шеткі нүкте
көрігі
Ұзындығы және
бар
Айтшы ұпай
сенікі Кесінді, отрезок,
segment
-
Екі ғана
қабыртқа
Белбеуі бір
жануар
Белбеуіне
жазылған
Өзінің меншік заңы
бар
Бірі кіші, бірі
үлкен
Қос табаны тағы
бар
Мұндай ғажап
нәрсеге
Әркімнің де заңы
бар Трапеция, трапеция,
trapeze
-
Жоқ өзінде баста, қаста,
мойында
Ұзындығы жазулы тұр
бойында Сызғыш, линейка,
ruler
-
Шекер жейтін ақ
құтан
Бір қазыққа
байланды
Аузына тістеп
шекерін
Ол қазықты
айналды Циркуль, циркуль,
compass
-
Бір сабаз мінезі тік, қатал
мықты
Жаңа ұғым геометриялық ойлап
тауып
Сыйлыққа Пифагордан бата
алыпты
Тік бұрышты үшбұрыш,
Прямоугольный треугольник, Right
triangle
IV. Шығармашылық
таным (Жоба
қорғау)
-
Суретте қанша шаршы және
үшбұрыш бейнеленген?
Жауабы:
32 үшбұрыш 7
шаршы
-
«Ерте, ерте,
ертеде...»
Күндердің күнінде барлық
төртбұрыштар орман алаңына жиналып өздерінің ханзадаларын сайлап
алмақшы болады. Олар ұзақ дауласып бір шешімге келе алмайды. Сол
кезде бір кәрі параллелограмм дауды тоқтатыңдар, бәріміз жиналып
төртбұрыштар патшалығына барайық. Кім бірінші жетсе, сол ханзада
болады. Бәрі келісіп ертелете алыс сапарға аттанады.
Жолда фигуралар сылдырап ағып жатқан өзенге кездесті. Су иесі
Сүлеймен «Кімде кімнің диагоналдары қиылысып, қиылысу нүктесінде
қаққа бөлінсе солар ғана өте алады»,- деді. Төртбұрыштардың
кейбіреулері жағада қалып, ал қалғандары арғы бетке жүзіп өтіп
сапарларын жалғастырды. Жолдарында биік тау кездесті де былай деп
тіл қатты: «Кімдердің диагоналдары тең солар ғана өтеді»,- деді.
Фигуралардың кейбіреуі тау етегінде қалды да, қалғандары аттанып
кетті. Қанша жүргені белгісіз олар жіңішке ғана көпірі бар орға
кездесті. Көпір бірден кімнің диагоналдары тік бұрыш жасап
қиылысса, соны ғана өткіземін деді. Көпір арқылы бір ғана төртбұрыш
патшалыққа бірінші болып жетіп, ханзада болып
сайланды.
Сұрақтар:
1. Кім ханзада
болды? (квадрат немесе шаршы)
2. Оның басты қарсыласы кім? (тіктөртбұрыш)
3. Кім бірінші болып жарыстан шығып қалды? (трапеция)
4. Тау етегінде кімдер қалды деп ойлайсыңдар? (ромб пен
параллелограм)
-
Картада Орал мен Қызылорда
қалаларының арасы 8 см болса, Қызылорда мен Көкшетау қалаларының
жер бетіндегі арақашықтығы неге тең?
Жауабы: 1500
км
V. Топ басшылар
сайысы
Шарты: Әр топ басшысына алты
сұрақтан беріледі.
Әр дұрыс
жауап 1 ұпаймен
бағаланады
ПИФАГОР тобы
-
1800
— қа тең бұрыш қалай
аталады.
-
Бұрышты тең екі бөлікке
бөлетін сәуле?
-
Жазықтықтағы қандай түзу
ешқашан қиылыспайды?
-
Тәуліктің ¼ бөлігі неше
сағатты береді?
-
Дәлелденбейтін ұйғарым қалай
аталады?
-
Қабырғалары бір-бірінің
созындысынан пайда болған бұрыштар
ШАРШЫ тобы
-
Геометрияның жазықтағы
фигураны зерттейтін бөлімі
-
Бір
нүктеден шыққан түзу
-
Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының
қосындысы
-
Перпендикуляр түзулер неше градус бұрыш жасап
қиылысады?
-
Сағат үшті көрсеткенде, оның
сағаттың және минуттың тілдері қандай бұрыш
жасайды?
-
Бұрышты өлшейтін құрал
ҮШБҰРЫШТАР
тобы
-
Бір нүктеден таралған, 2
сәуледен құралған фигура
-
Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп
алсаң, неше бұрыш қалады?
-
Екі нүктемен шектелген түзудің
бөлігі?
-
Барлық қабырғалары тең тең
тіктөртбұрыш
-
Бір қабырғасы ортақ, қалған
екі қабырғасы бір бірінің созындысы болып келетін
бұрыштар?
-
Дәлелдеуді қажет ететін
математикалық сөйлем?
Жеңімпаздарды
марапаттау