Сайыс сабақ "Химия лидері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ "Химия лидері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шаралар өткізу кезінде пән мұғалімдеріне көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі біздің химия пәнінен сыныптан тыс ұйымдастырылып отырған «Химия лидерлері» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер!

Химия – қиында қызықты пән. Оның қиындығы бастауышта 42 әріпті жаттасақ, химияда 118 элементті жаттаймыз, реакция теңдеулерін жазып үйренеміз. Ал қызықтысы әр түрлі тәжірибе жасаймыз.

Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,

Табысын пайдаланып, мақтанамыз.

Кең байтақ кенге толы – Қазақстан

Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз, -дей келе сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық.

1-топ «Металдар» тобы- 9 « А» сынып

2-топ «Жас химиктер» тобы- 9 «Ә» сынып

3-топ «Менделеев шәкірттері» тобы- 10 «А» сынып

4-топ «Бейметалдар» тобы- 10 «Ә» сынып

Осы сайысымызға әділдік жасайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.Шекербаева Дина – физика пәні мұғалімі

2. Курбанова Мейрамкул – биология пәні мұғалімі

3.Бекназарова Алтынкул – биология пәні мұғалімі

4. Нарбаева Шынар – қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі


Кешіміздің жоспарымен таныстырып өтейін:

1. Топты таныстыру.

а) топтың аты (химияға байланысты болу керек)

ә) топ басшысын сайлау

б) топтың ұраны

г) топтың эмблемасы

2. Кім тапқыр?(сұрақ-жауап сайысы)

    Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.

3.  «Ғажайып химия »

    (Қызықты тәжірибелер көрсету)

4. Кім тез, кім жылдам?(есеп шығару)

5.  «Жұмбақтар әлемі» 

6.  Топ басшылар сайысы

7. Химиялық тілде құттықтау


Жүргізуші:

Егер командалар дайын болса...

Ендеше сайысымызды бастаймыз

Жүргізуші:

  1. сайыс: «Сәлем сөздің анасы» - дей отырып, топтардың атын және ұранын қорғауға шақырамыз.




Жүргізуші:

  1. сайыс:



Білмейтінін білем деп олжа қуар,

Кейбіреудің әр заттан болжамы бар.

Химияны болжаммен ұға алмайсың,

Формуланың оң жағы, сол жағы бар,-дей келе келесі тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.


1. Сілтілік металл (натрий)

2. Периодтықкестенің авторы (Д.И.Менделеев)

3. Калий перманганатыныңбасқашаатауы (марганцовка)

4. Затмөлшерініңөлшембірлігі (моль)

5. Қайэлементтіңжетіспеуітісауруынаұшыратады (фтор, F)

6. Сауадамныңасқазанындақандайқышқыл бар (тұзқышқылы, HCl)

7. Аспенкелетінтамаққадәмберетінзат (ас тұзы, NaCl)

8. Азот қышқылыныңтұздарықалайаталады? (нитраттар)

9. Сұйық металл (Сынап, Hg)

10. Найзағайлыжаңбыркезіндеэлектрразрядытотыққандатүзілетін газ (озон)

11. Екігаздантұратынеңқажеттісұйықзат (су)

12. Біріншіретсутекті таза күйіндеалғанкім? (Г. Кавендиш)

13. Алғашқыкөмеккепайдаланатынбейметалл (йод)

14 .Ауаныңқұрамындағыеңкөпэлементтер (азот, оттек)

15. Қышқыл, сілтіертінділеріндетүсінөзгертетінзаттар (индикатор)

16. Сүйектіқаптайтын элемент (Кальций)

17. Кернеуқатарынұсынғанкім? (Бекетов)

18. HNO3 қандайзаттыңформуласы (азот қышқылы)

19. Химиялықтаңбаныңалдынақойлатын цифр? (коэффициент)

20. Мыстыңлатыншааты? (купрум)

21. Суда ерігенденемесебалқығандаиондарғаыдыраупроцесі (электролит, диссоциациялану)

22. Периодтықжүйенешетоптантұрады (8)

23. Реакция кезіндесіңірілетіннемесебөлінетінжылумөлшері (жылуэффектісі)

24. Аккумуляторғақұятынқышқыл (H2SO4)


Жүргізуші:

3-сайыс «Ғажайып химия »

(Қызықты тәжіриебелер көрсету)

Ғажайып нәрсе химия,

Тұңғиық сыры әр алуан.

Жоғалып бір зат зым-зия

Жаңалап бірі жаралған. Енді бір сәт химия ғылымының қыры мен сырын білсем деген құштарлығы артқандар үшін «Химия ғажайыптарына» назар аударсақ.

Топтардың тәжірибелерді көрсетіп, құпияларының сырын ашып түсіндіруі






Жүргізуші:

Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,

Дән өсті туған өлке сауырында

Ішсең ас, кисең киім, үй жиһазы,

Химия дәру болған болған сауығуға – келесі кезең

Кім тез, кім жылдам?(есеп шығару)

Есеп:

Массасы 33,3г кальций хлориді мен 16,4г натрий фосфаты әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасын және зат мөлшерін есептеңдер.(15,5г,0,05моль)

Жүргізуші:

Химия – ел ырысы, ғасыр үні,

Ғылымға қазіргі зор басын иді.

Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған

Ашылды табиғаттың жасырыны-дей келе келесі кезең


Жұмбақты шеш




1. Өзім газбын, менімен демаласың,

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.


ОТТЕК

2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.


СУ

3. Адам мен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктін торына ілігеді.

КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ


4. Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан басталады.


СУТЕК



5. Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды.


күкірт


6. Ол болмаса астың дәмі кірмес,

Кім бар екенортада оны білмес.


АС ТҰЗЫ


3. Машина мен трактордыңжаны,

Қара металлургияның наны.


ТЕМІР

7. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады


ҚОРҒАСЫН

8. Шыдасаң алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. Су


Жүргізуші:

7.Таң қалдыршы қауымды бұл топ басшы,

Сен тобыңның бетке ұстар ел басы.

Бір білімнің топқа ортақ тілі-сен,

Даңқы болар сайыстың  бұл білімгер.


Әр топ басшыдан шығып сұрақтарға жауап береді








Химиялық тілде құттықтау: оқушыларға сөздер беріледі, сөз құрап құттықтау лебізін айту керек.

Берілген сөздер:ауа, натрий, хлор, күкірт, мыс, күміс

Мысылы:

Алтындай ардақты,

күмістей салмақты,

суға жүзген балықтай бүгінгі кеш қонақтары,

көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын

cіздерге темірдей қатты,

болаттай мықты денсаулық,

көмірдей қара көздеріңіз бен,

алмаздай өткір сөздеріңізбен жанды жадыратып.

Өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпін.

Әділ қазылар алқасының ұйғарымы бойынша жеңімпаз топты анақтап, марапаттау


Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Химия лидері» сайысы өз мәресіне жетті.

Қош сау болыңыздар!


































«Болашақ» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Химия


Сыныптан тыс іс-шара

Интеллектуалдық сайыс

«Химия лидері»


Пән мұғалімі: Тумабаева Ж.Д



2016-2017 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
749
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі