Сайыс сабақ. Химия тұрмыста. 8 сынып

Тақырып бойынша 29 материал табылды

Сайыс сабақ. Химия тұрмыста. 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Химия тұрмыста. Мақсаты: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту. Сабақ түрі: Сайыс сабағы. Сайыс барысы: І. Ұйымдастыру. ІІ. Таныстыру. ІІІ. Химиялық бәйге. ІV. «Қалауың білсін!» V. «Оқушылар ізденісінен» VІ. Сиқырлы сандар. VІІ. Капитандар сайысы. Армысыздар ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Химия тұрмыста» атты 8 а сыныптың оқушылары арасындағы сайыс сабағына қош келдіңіздер! Олай болса ортаға 8 сынып оқушыларын құралған « », « » тобы шақырылады. ІІ. кезең. Таныстыру. ІІІ. «Химиялық бәйге» (бұл кезеңде оқушылар берілген 10 сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі. І - топқа: 1. Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? (жоқ) 2. Су ауадан екі есе ауыр ма? (жоқ) 3. Фосфор бейметалл ма? (иә) 4. Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па? (жоқ) 5. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма? (жоқ) 6. Натрий хло
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Химия тұрмыста.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту.
Сабақ түрі: Сайыс сабағы.
Сайыс барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Таныстыру.
ІІІ. Химиялық бәйге.
ІV. «Қалауың білсін!»
V. «Оқушылар ізденісінен»
VІ. Сиқырлы сандар.
VІІ. Капитандар сайысы.
Армысыздар ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Химия тұрмыста» атты 8 а сыныптың оқушылары арасындағы сайыс сабағына қош келдіңіздер!
Олай болса ортаға 8 сынып оқушыларын құралған « », « » тобы шақырылады.
ІІ. кезең. Таныстыру.
ІІІ. «Химиялық бәйге» (бұл кезеңде оқушылар берілген 10 сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.
І - топқа:
1. Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? (жоқ)
2. Су ауадан екі есе ауыр ма? (жоқ)
3. Фосфор бейметалл ма? (иә)
4. Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па? (жоқ)
5. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма? (жоқ)
6. Натрий хлориді ас тұзы деп атала ма? (иә)
7. Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфраммен жасай ма? (иә)
8. Алғышқы көмекке пайдаланатын бейметалл йод па? (иә)
9. Марганцовканың құрамында темір бар ма? (жоқ)
10. Мрамор, бор, әктастың формулалары бірдей ма? (иә)
ІІ - топқа:
1. Күміс, алтыннан әшекей бұйымдар жасала ма? (иә)
2. Ас содасының химиялық құрамы натрий гидрокарбонаты ма? (иә)
3. Қанның құрамында темір элементі кездеседі ме? (иә)
4. Судың молекулалық формуласы аш екі, о екі ме? (жоқ)
5. Сіріңкенің құрамында калий металы бар ма? (жоқ)
6. Химия ғылымының тарихында ұлы алтын заң ашқан Менделеев па? (иә)
7. Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы Ломоносов па? (иә)
8. Ең қиын балқитын металл алтын ба? (жоқ)
9. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш па? (иә)
10. Темекі құрамына кіретін улы зат никотин ба? (иә)

ІV кезең. «Қалауың болсын!» (Әр топтың бір - бір қатысушыны ортаға шақырамыз, ұсынған ұяшықтардың бірін таңдайды (кубик 1, 2, 3 әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай)
1 - ұяшық сұрақтары
1. Дәрігерлер беретін анттың авторы? (Гиппократ)
2. Ас содасының формуласы? (NaHCO_3)
3. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі? (Активтелген көмір)
4. Оттектің сұйылту температурасы қандай? (-183ᵒС)
5. 61 жас неше мүшел? (5мүшел)
6. Ылғал тартқыш қышқыл? (Н2 SO4)
7. Тоңазытқыштарда қолданылатын газ? (NH3)
8. Сүйекті қаптайтын элемент? (Кальций)
9. Қан қысымын өлшейтін аспап? (тонометр)
10. Ауада неліктен алма сарғаяды? (Fe(2+) ионы Fe(3+) ионына айналады)
2 - ұяшық сұрақтары.
1. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл? (НСl)
2. Әр заттың жылы, салқын, ыстық қалпын не дейді? (температура)
3. Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым? (экология)
4. Судың агрегаттық күйлерін ата? (мұз, сұйық, бу)
5. Сутекті ашқан ғалым? (Г. Кавендиш)
6. 70 - 80жас аралығын қалай атаған? (қария, қарт, ақсақал)
7. Электр тоғын ең күшті өткізетін металдар? (күміс, мыс, алюминий)
8. Магниттік қасиеті бар металл? (темір)
9. Калий перманганатының KМnO_4тұрмыстық атауы? (маргонцовка)
10. Ең қатты металл? (хром)
3 - ұяшық сұрақтары:
1. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі? (молекула)
2. Фосфор деген сөз қандай мағына береді? (жарық тасушы)
3. Иммунитет дегеніміз не? (ағзаның жұқпалы ауруға қарсы тұру қасиеті)
4. Ең ауыр металл? (Осмий)
5. KClO_3 – бертолле тұзы қай жерде кездеседі? (шырпының басында)
6. Мұхит суларында қанша NaCl бар? (2, 8%)
7. Сұйық металл? (Сынап)
8. Тайқазан қандай металдардан құйылған? (мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, темір, алтын, күміс)
9. Темірдің атомдық салмағы? (56)
10. Көмір қышқылының формуласы (Н_2 СО_3)
4 - ұяшық сұрақтары:
1. Судың қатты күйі. (мұз)
2. Ең жеңіл металл. (Литий)
3. Денесінде қышқылы бар жәндік? (құмырсқа)
4. Оттекті ашқан ғалымдар? (Пристли, К. Шееле)
5. Топырақты құнарландыратын элемент. (Азот)
6. Кремний (IV) оксидінің тұрмыстық атауы? (құм)
7. Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді? (мыс)
8. Тістің құрамында кездесетін элемент? (фтор)
9. Ауаның молекулалық массасы қаншаға тең? (29)
10. Аl салыстырмалы атомдық массасы: (27)
V кезең. «Оқушылар ізденісінен» (әр топ өздерін қорғайды)
Бұл кезеңде оқушылар тәжірибе жасайды. Тұрмыстық заттардан химиялық тәжірибелер көрсетеді.
VI кезең. «Сиқырлы сандар» (бұл кезеңде 2 топқа жылдар жасырылады, оқушылар сол жылдарда қандай жаңалық ашылды соны айтады).

6000 жыл бүрын сабын өндірісі пайда болған

1878 ж Томас Эдисон электр шамын өмірге әкелді
1774 ж – швед ғалымы Готлиб Ган марганцовканы алғаш рет ашқан

1933 ж йодталған ас тұзын өндірді.

1861 ж бельгиялық ғалым Э. Сольве ас содасын алды.

1808 ж (кальций және магнийді ашқан Гемфри Дэви)

1811 ж француз химигі Б.Куртуа йодты ашқан.

1825 ж бос күйінде алғаш рет алюминийді даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған.

1784 ж Генри Кавендиш Судың химиялық құрамын анықтады

1814 ж Йенс Якоб Берцелиус Химиялық элементтердің қазіргі химиялық таңбаларын енгізді.


VI кезең. Капитандар сайысы. Біршене әріптер беріледі. Сол әріптерден жеті химиялық сөздерді атау
«Г» әрпімен басталатын жеті химиялық сөздерді атаңыз: (газ, галоген, гомолог, гидрокарбонат, глюкоза, графит, гидролиз)
«К» әрпімен басталатын жеті химиялық сөздерді атаңыз: (карбонат, кристаллогидрат, көмірсулар, күкіртсутек, крахмал, каучук, көміртек)
«М» әрпімен басталатын жеті химиялық сөздерді атаңыз: (мұнай, метилоранж, молекула, метан, металл, майлар, мұз)
Жеңімпаз топ марапатталады.
Қорытынды: Мұғалім сөзі:
2030 - дың барысымыз
Болашаққа бастайды әр ісіміз
Егемен елімізді көркейтетін,
Білім шыңына шығу - парызымыз,- дей отырып, бүгінгі
сайысымызды аяқтаймыз

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2024
291
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі