Материалдар / Сайыс сабақ. «Информатика әлеміне саяхат» эстафета 8 "А" сынып

Сайыс сабақ. «Информатика әлеміне саяхат» эстафета 8 "А" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат» эстафета Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2022
468
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

«№9 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Информатика пәні мұғалімі: Есболов Ермехан Жанадилович


Информатика пәнінен сыныптан тыс іс - шара
8 «А» сынып оқушыларына арналған ойын

Сабақтың тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат» эстафета
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика,

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
Командалар
І топ –медиа
ІІ топ – Жаһандық


Таныстыру
1. Кім жүйрік?
2. Жұмбақтарды тап
3. Ойлаңда тап
4. Адасқан әріптер
5. Кім тапқыр?
6. Кім жылдам?

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Информатика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Информатика әлемінде» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Кім жүйрік?» деп аталатын
І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, болу керек. Әр топқа 4 сұрақтан береді, жауап бермесе келесі топқа жауап беруге рұқсат. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

I топ.
1. Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы (Пернетақта)
2. Өшірілген құжаттар қайда сақталады (Қоқыс жәшігі)
3. Бас әріпті жазу үшін қандай пернені басу керек (Shift)
4. Компьютердің алдына қандай өсімдікті қою қажет (Кактус)

II топ.
1. Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады? (2)
2. Интернетке қосылуға арналған құрылғы (Модем )
3. Word Pad бағдарламасында келесі жолға өту үшін қай пернені басу керек? ( Ентер)
4. Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады? (Колонка)
Жүргізуші: Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.

“ Жұмбақтарды тап” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.
1 - топ
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)
3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)
2 - топ
4. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)
5. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)
6. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)

Жүргізуші:
Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік, - дей келе
“ Ойлаңда тап” атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде екі топқа ребус шешу беріледі дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Жүргізуші:
Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен деп,
ІІІ кезең бойынша топтардың ұпайын санаймыз.

Жүргізуші: Ойынымыздың IV кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру, әр топқа 4 сұрақтан. 4 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Нимотор ----------- Монитор
2. Пьюромтек ------- Компьютер
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
5. Рльоукятакл ------ Калькулятор
6. Атқсуа -------------- Сақтау
7. Аэкторикелн ----- Электроника
8. Дңеөу -------------- Өңдеу

Жүргізуші:
V. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?

М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А

Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.
VI. Жарысымыздың келесі кезеңі «Кім жылдам» кезеңі.

Ақпараттану күнбе – күн,

Тез – ақ дамып келеді.

Таппай іздер жүргенің,

Компьютерге енеді.

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрінде,

Ақпараттық заманың – дей келе сайысымыздың келесі бөлімі«Жылдам тағыда жылдамырақ» деп аталады. Тақтада «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» деген сөз беріледі. Арнайы парақша таратылады. Тақтадағы сөзден  минут ішінде сөз құрау  керек. (Әрбір сөзге  ұпай беріледі).



Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылады.
Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика әлемінде» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!




Арқан тартыс.

1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап бағала)

2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

6.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8.     Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

9.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ