жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сайыс сабақ Жаратылыстану пәнінен 6 сынып
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, география пәніне қызығушылықтарын арттыру, картамен жұмыс жасау есте сақтау қабілеттерін шапшаңдылықпен, тапқырлықпен жылдам жауап беруіне дағдыландыру дағдысын дамыту. Топтық жұмыс жасауға, бірлікке, жылдамдыққа және өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Сайыстың жүргізілу ретінімен топтарды таныстыру. Әділқазыларды анықтау.
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Ақыл – тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім - кен қанша алсаң азбайтұғын
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп бүгінгі білімге құлшынған жастардың «Қызықты сайыс» атты сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайыс 6- сыныптар арасында өткелі тұр. Әрбір сыныптан сыныптың намысын қорғауға жаратылыстану, география пәні бойынша ерінбей еңбек етіп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр 6 оқушыдан құралған 3 топ сынға түседі. Сайыс барысында география пәні бойынша топтардың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.
1 – кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (7 мин)
Әр топ атын, ұраны мен төсбелгісін таныстырып өтеді. Ең жоғарғы ұпай – 5 ұпай.
Өнер менен білімде
Әркімнің өз жолы бар
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар, - дегендей топтардың таныстыруына кезек берейік.
6 «б» сынып оқушылар
6 «в» сынып оқушылары
6 «г» сынып оқушылары
2 – кезең. «Зымыран сұрақтар» (6 мин)
Барлығы 15 сұрақ оқылады. Жылдам қол көтерген топ жауап береді. Жауабы қате болса, келесі топтың жауап беруге мүмкіндігі бар. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ең жоғарғы ұпай - 15 ұпай.
География ғылымының атасы. (Эротосфен)
Жердің ішкі құрылысы қандай қабаттардан тұрады? (Жер қыртысы, мантия, ядро)
Экватордың ұзындығы (40000 км)
Карта дегеніміз не? (Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі)
Карталар масштабы бойынша нешеге бөлінеді? (Ірі, орта, ұсақ)
Масштаб деген не? (сызбада, планда немесе картада бейнеленген кезде заттың нақты өлшемі неше есе кішірейтілгенін немесе ұлғайтылғанын білдіретін сан)
Ең үлкен көл? Каспий теңізі)
Бір мезетте қошқарғада, қойға да ұқсайтын жануар (Қошқарөгіз(
Тынық мқхитының ең терең жері. (Мариан шұңғымасы)
«Материя өте ұсақ, бөлінбейтін бөлшектерден тұрады» деген болжамды айтқан грек ғалымы? (Демокрит)
Озон дегеніміз не? (Иісінен таза ауа сезілетін, найзағайдан кейін пайда болатын газ.Озон зиянды әсірекүлгін сәулелерден біздің ғаламшарымызды қорғайтын қорғаныс қабатын түзеді)
Атом ядросы неше бөлшектен тұрады? (Протондар мен нейтрондар)
Индикаторды ойлап тапқан ағылшын химигі кім? (Роберт Бойль)
Еліміздегі ең ірі асбест кен орындарын атаңыз? (Қостанай - Жітіқара, Қарағанды – Жезқазған)
Қазақстан дүниежүзінде пайдалы қазбалар қоры бойынша нешінші орында? (6 орында)
3– кезең. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (5 мин)
Алдарыңыздағы картаны пайдалана отырып, берілген координаталар арқылы жасырылған қаланы табу керек. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. Ең жоғарғы ұпай - 10
1 – топ тапсырмасы:
1. Гималай тауы, 2. Амазонка ойпаты, 3. Эфиоп қыраты, 4. Орта Сібір Қыраты, 5. Кордильер тауы
2 – топ тапсырмалары:
1. Гвиана қыраты, 2. Атлас тауы, 3. Батыс Сібір жазығы, 4. Альпі тауы, 5. Иран қыраты
3 – топ тапсырмалары:
1. Тянь-Шань тауы 2. Бразилия қыраты, 3. Шығыс Еуропа жазығы, 4. Кавказ, 5. Ла-Плата
4 – кезең. «Адасқан терминдер» (3 мин)
Кестенің бірінші бағанын екінші бағандағы стикерлердің орнын ауыстыру арқылы дұрыс жауапты сәйкестендіреді. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ең жоғарғы ұпай – 6.
1-топ тапсырмасы: Сәйкестендіру тесті.
1 |
Жер қыртысынан шамамен 2900 км тереңдікке дейінгі қабат |
А |
Азимут |
2 |
Мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын қайнар |
Ә |
Деңгйлегіш |
3 |
Белгілі бір затқа қарай жүргізілген баңыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш |
Б |
Гейзер |
4 |
Картадағы абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар |
В |
Литосфера |
5 |
Жер бетіндегі салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал |
Г |
Горизонталь |
6 |
Жердің сыртқы қатты қабығы |
Д |
мантия |
Жауаптары: 1- д; 2 – б; 3 – а; 4 – г; 5 - ә; 6 – в.
2 – топ тапсырмасы:
Жауаптары: 1- ә; 2 – в; 3 – г; 4 – а; 5 - д; 6 – б.
3 – топ тапсырмасы:
Жауаптары: 1- г; 2 – д; 3 – в; 4 – ә; 5 - б; 6 – а
1 |
Жердің ең орталық өзегі |
А |
Глобус |
2 |
Жанартау атқылағанда жер бетіне шығып, төгілген отты қоймалжың зат |
Ә |
Ядро |
3 |
Жер қойнауындағы ығысулар мен ыдыраулардың әсерінен туатын жерасты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалысы |
Б |
Экватор |
4 |
Жердің кішірейтілген моделі |
В |
Лава |
5 |
Жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан |
Г |
Жер сілкінісі |
6 |
Ең ұзын параллель |
Д |
масштаб |
1 |
Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасы |
А |
Таулар |
2 |
Тау жыныстарын құрайтын заттар |
Ә |
Жер бедері |
3 |
Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі |
Б |
Меридиан |
4 |
Жер қыртысының бетіндегі ой-қырларының жиынтығы |
В |
Абсолюттік биіктік |
5 |
Бір полюстен екінші полюске қарай шартты түрде жүргізілетін сызық |
Г |
План |
6 |
Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан биік бөлігі |
Д |
минералдар |
– кезең. «Астаналар әлеміне саяхат» (5 мин) Жоғарғы балл – 6 ұпай
1-топ тапсырмасы:
1. Канада – Оттава
2. Эквадор – Кито
3. Мавритания – Нуакшот
4. Кения – Найроби
5. Оман –Маскат
6. Жапония – Токио
2 – топ тапсырмасы:
1. Қытай – Пекин
2. Грузия – Тбилиси
3. Йемен – Сана
4. Филиппин – Манила
5. Ботсвана – Габороне
6. Чили – Сантьяго
3 – топ тапсырмасы:
1. Венесуэла – Каракас
2. Гаити – Порт –о – Пренс
3. Нигерия – Абуджа
4. Судан - Хартум
5. Иран – Тегеран
6. Франция – Париж
6-кезең. «Полиглот» (4 мин)
Географиялық жұмбақтар жасырылынады, жауаптарын қазақша, орысша, ағылшынша айтуларыңыз керек. Әр дүрыс жауап 3 ұпай.
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жасы тамып барады. (Бұлт, облоко, cloud)
Бар ма, жоқ па, оны білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүрмейсің. (ауа, воздух, air
Жалғыз бағыт білері, бұрғаныңа көнбейді
Жол көрсетіп береді, өзі бірақ көрмейді. (тұсбағдар, компас, compass)
Тұрғыны жоқ елдер, үйі жоқ қалалар,
Ағашы жоқ ормандар, суы жоқ теңіздер. (карта, карта, map)
Үлкен-үлкен түйені, тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді, бауыры жатыр көгеріп. (тау, гора, mountain)
Бағалау: Әділқазыларға сөз кезегі беріледі. Ұпайларын есептеп бағасын айтады. (3 мин)
Сайыс міндеті – жеңу,
Оқу міндеті – білу.
Кім жеткенін мәреге,
Қалды бізге білу, - олай болса, сайыс қорытындысын төрешілерден білейік.
Кезеңдер |
Кезең атауы |
Жоғарғы балл |
6 «Б» |
6 «В» |
6 «Г» |
1 - кезең |
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» |
5 ұпай |
|
|
|
2 - кезең |
«Зымыран сұрақтар» |
15 ұпай |
|
|
|
3 - кезең |
«Тапқыр болсаң, талас жоқ» |
10 ұпай |
|
|
|
4 - кезең |
«Адасқан терминдер» |
6 ұпай |
|
|
|
5 - кезең |
«Астаналар әлеміне саяхат» |
6 -ұпай |
|
|
|
6 - кезең |
«Полиглот» |
15 ұпай. |
|
|
|
Қорытынды: (2 мин)
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - деп сайыскерлерімізге алдағы уақытта географиялық білімдерін одан әрі шыңдап, биіктерден көрінулеріне тілек білдіре отырып, алғысымызды айтамыз! Осымен біздің «Қызықты сайыс» сыныптан тыс сабағымыз соңына жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
1-топ тапсырмасы: Сәйкестендіру тесті.
1 |
Жер қыртысынан шамамен 2900 км тереңдікке дейінгі қабат |
А |
Азимут |
2 |
Мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын қайнар |
Ә |
Деңгйлегіш |
3 |
Белгілі бір затқа қарай жүргізілген баңыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш |
Б |
Гейзер |
4 |
Картадағы абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар |
В |
Литосфера |
5 |
Жер бетіндегі салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал |
Г |
Горизонталь |
6 |
Жердің сыртқы қатты қабығы |
Д |
мантия |
.
2 – топ тапсырмасы: Сәйкестендіру тесті.
3 – топ тапсырмасы: Сәйкестендіру тесті.
Бағалау:
1 |
Жердің ең орталық өзегі |
А |
Глобус |
2 |
Жанартау атқылағанда жер бетіне шығып, төгілген отты қоймалжың зат |
Ә |
Ядро |
3 |
Жер қойнауындағы ығысулар мен ыдыраулардың әсерінен туатын жерасты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалысы |
Б |
Экватор |
4 |
Жердің кішірейтілген моделі |
В |
Лава |
5 |
Жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан |
Г |
Жер сілкінісі |
6 |
Ең ұзын параллель |
Д |
масштаб |
1 |
Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасы |
А |
Таулар |
2 |
Тау жыныстарын құрайтын заттар |
Ә |
Жер бедері |
3 |
Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі |
Б |
Меридиан |
4 |
Жер қыртысының бетіндегі ой-қырларының жиынтығы |
В |
Абсолюттік биіктік |
5 |
Бір полюстен екінші полюске қарай шартты түрде жүргізілетін сызық |
Г |
План |
6 |
Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан биік бөлігі |
Д |
минералдар |
Кезеңдер |
Кезең атауы |
Жоғарғы балл |
6 «Б» |
6 «В» |
6 «Г» |
1 - кезең |
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» |
5 ұпай |
|
|
|
2 - кезең |
«Зымыран сұрақтар» |
15 ұпай |
|
|
|
3 - кезең |
«Тапқыр болсаң, талас жоқ» |
10 ұпай |
|
|
|
4 - кезең |
«Адасқан терминдер» |
6 ұпай |
|
|
|
5 - кезең |
«Астаналар әлеміне саяхат» |
6 -ұпай |
|
|
|
6 - кезең |
«Полиглот» |
15 ұпай. |
|
|
|
1-топ тапсырмасы:
1. Канада –
2. Эквадор –
3. Мавритания –
4. Кения –
5. Оман –
6. Жапония –
2 – топ тапсырмасы:
1. Қытай –
2. Грузия –
3. Йемен –
4. Филиппин –
5. Ботсвана –
6. Чили –
3 – топ тапсырмасы:
1. Венесуэла –
2. Гаити –
3. Нигерия –
4. Судан -
5. Иран –
6. Франция –

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген