Материалдар / Сайыс сабақ: "Жас эколог" интеллектуалдық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ: "Жас эколог" интеллектуалдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабақ: : "Жас эколог" интеллектуалдық сайысы оқушыларды табиғатты сүюге,аялауға,қорғауға бағыттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2021
2712
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

Мектеп директорының ғылыми әдістемелік

Жетекшісі жөніндегі орынбасары

_______________Ш.Баймағамбетова

Күні: 15.10.2021ж
Сынып:
6 «А,Ә,Б сыныптар
Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы:
«Жас экологтар»

Жұмыс түрі: Интеллектуалдық сайыс
Сайысымыздың мақсаты:
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру және табиғатты, қоршаған ортаны аялауға үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сайысқа қатысатын 6 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

1 топ «Жас экологтар» ; 2 топ «Жасыл желек»; 3 топ «Табиғат»

Бүгінгі сайысымызда әділдік ететін әділ-қазылар мүшесімен таныстырып өтейін:

1. Мектеп директорының ғылыми әдістемелік

жетекшісі жөніндегі орынбасары Баймағанбетова Шамшырақ Өтегенқызы

2. Биология пәні мұғалімі Тәжібаева Толқын Жұмахметқызы

3. Биология пәні мұғалімі Даулетова Зауре Айтугановна
Кіріспе бөлім:

Балалар, аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның – деп Жамбыл атамыз айтқандай

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және оқушылар!.Табиғат, Отан, Туған жер, Атамекен деген киелі сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті ұғымдар.

Бүгінгі таңда адамзат баласының алдындағы ең басты мәселе - өзімізді қоршаған тіршілік ортасын, келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп, көріктендіріп жеткізу. Өйткені, тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен байланысты.

Туған өлкеміздің табиғатын, қоршаған ортаны аялау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Жас экологтар »  интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз
Негізгі бөлім:
Оқушылар қысқаша видеороликке назар аударайық. Видеороликте бізге не туралы айтқысы келді?

Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау – адамзаттың азаматтық борышы. Бұл туралы Елбасымыз өз Жолдауында: «Жаһандандыру және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайда қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс» деген болатын.

Сайыс VI кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру ( өз тобын,ұранымен,белгісімен)
2. «Жедел сұрақ» 3 сұрақтан беріледі
3. «Ой толғау» 2 мин
4. «Экодизайнерлер»
5. «Мақалдың жалғасын тап»
6. «Әдеби сайыс»

Сайысты бағалау балдық көрсеткішпен бағаланады. Ең жоғарғы баллдық көрсеткіш 5 балл


І кезең. «Таныстыру». 5 балл

Әр топ өзінің атын белгісін, ұранын қорғайды.
ІІ кезең
«Жедел сұрақ» әр топқа 3 сұрақтан қойылады жылдам жауап беру керек (әр дұрыс жауапқа 1 балл)
Жас эколог тобына

1.Дүние жүзінде неше материк бар? (6)
2.Табиғатта су үш күйде болады. Қандай? (қатты,сұйық.газ)
3.Ауа температурасын қандай аспаппен өлшейміз? (термометр)

Жасыл желек тобына
1.Ауаның қасиеті қандай? (серпімді,сығымды)
2. Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабатын не деп атаймыз? (топырақ)
3.Қандай табиғат құбылыстары бар? Физикалық және химиялық


Табиғат тобына

  1. Жер шарындағы ең ыстық материк? Африка

  2. Алғашқы қазақ ғарышкері? Т.Әубәкіров

  3. Ауа қабаты қалай аталады? Атмосфера

    Қосымша сұрақ?
    1..Жер серігі? Ай

2.Жердің су қабығы? Гидросфера

ІІІ кезең. «Ой толғау !» (2- минут уақыт беріледі)
(дұрыс нақты жауапқа 5 балл).
«Егер де мен........ болсам....» (Эколог) (Орманшы) (Өлкетанушы)

ІV кезең. Экодизайнерлер. Тұрмыстық қалдықтардан бұйымдар жасау 5 мин уақыт беріледі, 5 баллдан беріледі


V кезең. Мақалдың жалғасын тап. Қай топ жылдам және дұрыс жауап. 1 балл
1.Табиғат-.............(тал бесік)
2. Адамның табиғатсыз күні жоқ,- ( Табиғаттың оны айтар тілі жоқ)
3. Жауынмен жер көгереді, - ( Батамен ел көгереді)
4. Ағаш тамырымен мықты, - (Адам дос-жарымен мықты)
5. Жаңбыр бір жауса ,--( Терек екі жауады)
6.Қыстың көзі .......(қырауда)
7.Бір тал кессең ...... (он тал ек)
8.Бұлақ көрсең .......(көзін аш)

VI кезең. Әдеби сайыс. 5 балл

Биылғы жыл қазақтың көрнекті ағартушы педагогы Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл және жырау-ақындарымыздың бірі Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай, табиғат тақырыбына арнаған өлең шумақтарынан үзінді айту.

Әділ –қазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарғанша

Ортаға Ерсұтанның орындауында «Ауылым» әнін қабыл алыңыздар!
Келесі сөзді әділ - қазылар алқасына беру.

Қорытындылау.
«Ел жағалай қонбаса,бетегелі бел ғаріп,қаз үйрегі болмаса,айдын шалқар көл ғаріп» -деп Асан қайғы бабамыз айтып кеткендей,туған жеріміздің табиғатын аялайық!

Балалар сіздерге тілер тілегім,

Жолдарың әрдайым ашық, жан жақтарыңа күн шуағын шашып, гүлдей құлпырып, көңілдерің мұхит суындай таза болсын.
Марапаттау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!