400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабақ "Жас физик"

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні бойынша оқушылардың ой-өрісі мен танымдық белсенділіктерін ойын арқылы арттыру; Оқушылардың танымын арттыра отырып, ізденімпаздыққа, белсенділікке баулу;Пәнге қызығушылығы мен ізденісін арттыра отырып, жауапкешілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Жас физик » атты білімділік сайыс


Мақсаты:

  • Физика пәні бойынша оқушылардың ой-өрісі мен танымдық белсенділіктерін ойын арқылы арттыру;

  • Оқушылардың танымын арттыра отырып, ізденімпаздыққа, белсенділікке баулу;

  • Пәнге қызығушылығы мен ізденісін арттыра отырып, жауапкешілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;


Ұйымдастыру кезеңі.

1- айналым. ʺКөкпарʺ

2 - айналым. ʺ Жұмбақ тас ʺ

3 - айналым. ʺ Үш таған ʺ

4 - айналым. ʺ Лидерге жету ʺ


І - айналым «Көкпар»

Физика пәні бойынша сұрақтар ұяшықтарға бөлінген. Сұрақтардың ауырлығы бойынша тиісті баллмен есептеліп отырады. Сайыс ережесі бойынша осы айналымнан кейін ең жоғарғы балға ие болған 4 оқушы қалуы тиіс.


Физика

20 физиканың мақсаты /табиғатта болып жатқан әр түрлі ф.қ өзара байланыстарын ашу/

30 табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері /бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу/

40 физикалық ұғымдар дегеніміз не? /ф.қ мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдер/

Астраномия

20 күн жүйесі құрамындағы планеталарды ата? /меркурий, шолпан, жер, марс, юпитер, сатурн, уран, нептун/

30 уран мен шолпанның ерекшелігі /өзін-өзі айналу бағыты қарама-қарсы бағытта/

40 меркурий, марс, юпитер, сатурн қазақшы аттары/кіші шолпан, қызыл жұлдыз, есекқырған, қоңырқай/

Заттар құрылысы

Қатты денеге тән қасиет? /пішіні мен көлемін сақтайды/

30 аморф дене мен кристалл дененің айырмашылығы? /Аморф денеде малекулалары ретсіз,

кристалл денеде молеулалары ретпен

орналасады

/

40 Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары

  1. /Барлық денелер молекулалардан,

атомдардан тұрады.

2. Молекулалар үздіксіз бей-берекет

қозғалыста болады.

3. Олардың арасында тартылу күші мен

тебілу күші әрекет етеді

Үлкен және кіші сандар

20 «Өлшемдердің метрлік жүйесін» енгізу туралы Конференция қай жылы қай қалада өтті? ? /1793 жылы Францияда

/

30

1/1000 000 000 000

Бөлшек санды ықшамда

/10-12/

40

150 000 000 км ықшамда

/1,5· /



ІІ - Айналым «Жұмбақ тас»

Қазақтың ертеден келе жатқан таста жасырылған /10/ жұмбағын шешулері керек. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға 10 баллдан есептеліп отырады. Сайыс ережесі бойынша осы айналымнан кейін жоғарғы балға ие болған 3 оқушы қалуы тиіс.

1. Алма түсіп қасына,

Қасына емес, басына.

Тартылыс заңын таптым деп,

Кетті ғалым алысқа /И. Ньютон/


2. Бір бұлбұл отырады салып әнді,

Жүруге аяғы жоқ, емес жанды.

Өнері қандай асқан деп ойладым.

Бір демде жер түбінен хабар алды /Радио/


3. Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді,

Бірақ өзі көрмейді. / Компас/


4. Тар шеңберді айналып ,

Тұр қазықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды /Қабырға сағаты/


5. Көкке қараған, жұлдыз санаған /Телескоп/


6. Алтын теңге кетеді,

Күміс теңге келеді. / Күн мен ай/


7. Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразы сұрайды /Масса/


8. Біреудің бір ұлы бар және қызы,

Біледі ол екеуін дүние жүзі.

Ұйықтайды ұлы түнде қызы күндіз

Жүргенде білінбейді басқан ізі. /Күн мен Түн/


9. Мұз жарғыш жүзіп келеді

Бауыры қызып келеді

Абайла ойып түсер

Ондайлар бұзық келеді /Үтік/



10. Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланам өмірге жарық үшін /Электр тогы/

ІІІ -Айналым «Үш таған»

Shape1 Үш бұрыштағы берілген ф.шамалардан бір-біріне байланысын табу керек. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға 5 баллдан есептеліп отырады. Сайыс ережесі бойынша осы айналымнан кейін ең жоғарғы балға ие болған 2 оқушы қалуы тиіс.


Shape2

m



Shape4 Shape3

v

ρ






4-Айналым «Лидерге жету» Оқушыларға 2 түрлі тәжірибие беріледі және сол тақырыпқа байлынысты өзінің пікірін жұртшылыққа жеткізе білдіруі тиіс. Ең жоғарғы балл - 50 балл.

А. Шыны ыдысқа ашық көгілдір түсті мыс тотиянының ертіндісін құйып, оның үстіне таза суды құйып қоялық. 2 аптадан кейін ..................................................................?

1. Бұл қандай құбылыс?

2. Қандай күйдегі құбылысты бақылауға арналған тәжірибие?

Жауабы: сұйықтықтардың арасындағы шекара жойылады, ыдыста бір түсті ерітінді түзіледі.Сұйықтықтардың молекулалары үздіксіз және ретсіз қозғалыста болады. Бұл процесс диффузиядеп аталады.


Б. Түйісетін беттері мұқият тегістелген қорғасын мен алтынды бір-біріне беттестіріп, 5 жыл өткеннен кейін.....................................................................................?

1. Бұл қандай құбылыс?

2. Қандай күйді құбылысты бақылауға арналған тәжір ибие?

Жауабы: бір-біріне 1мм тереңдікке өтіп, тұтасып, жабысып қалады. Қатты денелердегі диффузияны бақылауға арналған тәжірибие. Бұл процесс диффузия деп аталады. Қатты денелерде диффузия баяу жүреді.


Сайыс соңында жеңімпаз мақтау қағазымен марапатталады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1080
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі