Сайыс сабақ “Жас химиктер”

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Сайыс сабақ “Жас химиктер”

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныптарға арналған химия пәнінен сайыс сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жұмыстың тақырыбы: «Жас химиктер»

Мақсаты: жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,сұрақ тапсырмаларын, есептер шығару, тәжірибе көрсету арқылы ой-өрісін кеңінен дамыту,білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету

Міндеттері:

Химия курсы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау

  • оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасыру, тіл байлығын, ой ұшқырлығын, іздемпаздығын, шығармашылық қабілетін, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

  • Өз - өзіне сенімді, жеке - жеке қиындықтан шығуға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ

Ресурстары:

(материалдары, көздері)

интерактивті тақта, слайд


Жоспар:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А) оқушылармен, келген қонақтармен сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.

ІІ. Ойынға қатысатын оқушыларды таныстыру.

Кіріспе сөз: Армысыздар, ұстаздар және білім сүйер қауым!. «Қайда қарасақта,қайда көз жіберсек те химия ғажайыптары»демекші,шындығындада бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.Атап айтсақ,күнделікті көріп жүрген ағаштың,көмірдің жануы.Міне осындай таңғажайып сыры мол химия пәнінен 7 сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Жас химиктер» сайысына қош келдіңіздер! Бұл «білімділер» сайысы.

Енді бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды ортаға шақырайық.

Топтармен таныс болыңыздар! 1-ші топ тек қана мықтылардан құралған «Цезий» тобы. Топ капитаны Абдрахманұлы Ержан. Бүгін білім майданына кімдермен келдіңіз?

Қошеметтеріңіз!

Ал «Цезий» тобына қарсы білім сайыстыратын ол кілең жүйріктерден құралған «Натрий» тобы. Топ капитаны Қамбаров Нұрдәулет.Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.

Олай болса бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болайық:

- Ойынға 2 топ қатысады, әр топтың басшысы және топ атауы болады

- Әр топқа ойын барысында тапсырмалар беріледі.

- Әр тапсырманың қиындығына байланысты ұпай саны болады.

- Дұрыс жауап берген топтың еншісіне сәйкес ұпай қойылып отырады.

- Қосымша сұраққа жауап берген топқа да ұпай саны қосылып отырады.

«Жас химиктер» сайысына қатысушы сайыскерлерлерімізді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтер болсам:

1.Кім жылдам?

2.Есептер додасы

3.Мен зертханашымын

4.Кім тапқыр ?

5.Капитандар сайысы

Бәрекелді! Ендеше ойынымызды бастаймыз. Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Кім жылдам».

Бұл кезеңде 20 сұрақтан қойылып,әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1. Авагадро саны тең? (6, 02 *10
23)
2. Газдың моль көлемі? (22, 4л/моль)
3. Қышқылдар қандай болады? (сұйық және қатты)
4. Реттік номері 29 - шы элементтің неше электрон қабаты бар?(4)
5. Периодтық жүйеде неше период бар? (7)
6. Қай элементтің атомдық массасы 12? (Mg)
7.Сілтілік металдардың периодтық жүйеде орналасуы? (І топ, негізгі топша)
8.Заттар дегеніміз
 (денелерді құраушылар)

9 9 .Химия пәні нені оқытады? (заттарды, олардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін оқытады)

10.Химиялық реакцияның қандай белгілерін білесің? Атаңыз. (жылудың бөлінуі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі, т.б)

11.Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі (молекула)

12.Берилий, мырыш, кальций, магний валенттіліктері (тұрақты екі валентті)

13.Заттардың басқа заттарға айналып түрленуін зерттейтін ғылым? (химия)

14.Егер атомдар бір түрінен түзілетін заттарды қалай атаймыз? (жай зат)

15. Латынша силициум деп - (кремний)

16.Салыстырмалы атомдық массасы 108-ге тең болатын элемент: (күміс)

17.Жұмыртқаның пісуі қандай құбылыс? (химиялық)

18.Оттегінің валенттілігі неше тең? (ІІ)

19.Бұлттану қандай құбылыс? (физикалық)

20.Заттар қандай агрегаттық күйде болады? (газ, қатты, сұйық)

Жүргізуші:Жарайсыңдар, сендер бірінші турда белсенділік көрсеттіңдер.

Тағы келді сыналар шақ айналып,

                   Тереңіне білім теңіз бойланып,

           Кім шешеді,сол сайыста ұтып тұр

                    Есеп шешер кезегіде келіп тұр,-деп есептер додасы кезеңіне кезек береміз.

І топ

1. Мына заттың Fe2(SO4)3 салыстырмалы молекулалық массасын табыңыз

2. Массасы 7,2 г темір кесегіндегі молекула саны

ІІ топ

1. Массасы (қ.ж.) 8,4 л кальцийдің массасы

2. Мына заттың Al(OH)3 салыстырмалы молекулалық массасын табыңыз

Дескриптор:

Есептердің берілгенін жазу – 1 балл

Есептің формуласын дұрыс жазады – 2 балл

Есептің дұрыс шығарады – 2 балл

Жалпы балл саны – 5 балл


Жүргізуші:

Химия мен медицина дамыған,

Өндірісте химияны таныған.

Химиясыз кірмес жердің құнары

Мұндай ғылым әр кез биік тұрады - деп үшінші тапсырмамызға келейік.Үшінші кезеңіміз «Мен зертханашымын» . Бұл кезеңде оқушыларға берілген тапсырма бойынша зертханалық жұмыс жасайды. Ол жұмыстың тақырыбын, мақсатын, құралдар мен реактивтерін жазып, қорытындысын төмендегідей кестеге сызады:

І топ


Жұмыс барысы

Не байқадың?

Қорытынды

Сынауыққа 2 мл натрий гидроксидін NaOH құйып,оған фенолфталеин индикаторын 2-3 тамшысын тамызсақ,ерітіндінің түсі қандай түске өзгерді?Оның үстіне 1 мл тұз қышқылын қосыңыз.Не байқалды? Ерітінді ортасы қандай?




ІІ топ


Жұмыс барысы

Индикаторлар

Орта белгілері,

қорытынды.

Белгісіз заттың 3 мл-ден ерітіндісін 3 сынауыққа құйыңыздар.Содан соң 1-ші сынауыққа лакмус,2-ші сынауыққа метилоранж,3-ші сынауыққа фенолфталеин құйыңыз.Не байқадыңыздар?Түсу қалай өзгерді? Ерітінді ортасы қандай?Белгісіз зат не болып табылады?

Лакмус


Метилоранж

Фенолфталеин



Дескриптор:

Жалпы балл - 5

Тәжірибе жасайды – 1 балл

Ортаға байланысты сәйкес келетін түстерін анықтайды – 2 балл

Ерітінді ортасын анықтайды – 2 балл



Мұғалім: Ал енді ұпай санын көрейік . Келесі кезеңіміз «Кім тапқыр»деп аталады.Бұл кезеңде әр химиялық формулаларды химиялық атаулармен сәйкестендіреді.


Shape1



Жүргізуші:Ең қиын жарыстың бәйге келді,

Мықтылары ортаға шықсын енді,

Тез жауап бер,ойланып тұрып қалма.

Осы ойыннан көрейін ерен ерді- деп Капитандар сайысына кезек береміз.


1. Сутегінің валенттілігі бірге тең? (иә)
2. Н2О күрделі зат? (иә)
3. Алюминий металға магниттеледі?( жоқ)

4. Ас тұзының судағы ерітіндісі біртекті ? (иә)
5. Мұздың еруі физикалық құбылыс? (иә)
6. Фенолфталеин индикатор ма ? (иә)
7. Периодтық жүйедегі элемент 109 саны бар? (иә)
8. Темір қосылыстарындағы 6 валентті болады? (жоқ)
9. Магний, кальций, стронций, барий сілтілік жер металдары? (иә)
10. 6, 023 - 1023Авогадро саны?(иә)
11. Қалыпты жағдайдың мәні 44, 9л/моль? (жоқ)
12. Бейорганикалық қосылыстардың 5 - ке жіктеледі(жоқ)
13. «Атом» сөзі грекше бөлінбейтін деген сөз.( иә)
14. .Отынның жануы химиялық құбылыс (иә)
15. Германия елімен аталатын элемент франций?( жоқ)
16. Электртерістілігі жоғары бейметалл фтор? (иә)
17. Күкірт қышқылының қалдығын сульфат деп атайды? (иә)
18. Период саны 8? (жоқ)
19. Атом құрамындағы электрондардың таңбасы оң болады.(жоқ)
20. Д. И. Менделеев түс көрген кезде ойлап тапты.(иә)
Осы арада ең аз ұпай алған оқушы ойыннан шығады.


Химияны оқу парыз әркімге,

Оқиды оны барлық елде, әр тілде.

Химияның оқыңдар әр бөлімін,

Кездесер ол алдарыңнан әр күнде,- дей отырып, ұпай сандарымызды анықтау үшін сөз кезегін әділ қазы алқасына береміз.

Марапаттау рәсімі.



Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.


Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып - деп бүгінгі «Жас химиктер» атты сайысымызды тәмәмдаймыз.

Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!!



Нейрожаттығулар























Слайд








https://wordwall.net/resource/52048500

қоңыраулар



















































Сынауықтар,натрий гидроксиді(NaOH),фенолфталеин,лакмус,

метилоранж,тұз қышқылы(HCL),кесте





















































Липучкалы қағаз,қоңыраулар






































































































Бағалау парағы




Топ

«Бәйге»

«Есептер додасы»

«Мен зертханашымын»

«Кім жылдам?»

«Капитандар сайысы»

Қорытынды

І – ші топ















ІІ- ші топ

























































Елеу Көшербаев атындағы № 279 мектеп-лицейі


Бекітемін

Оқу ісінің орынбасары

_________Ш.Жиенқұлова






«Жас химиктер»

(сайыс сабақ)





Күні: 07.02.2023ж

Сынып: 7

Өткізген: химия пәні мұғалімі Танатова Нурия Дастеновна



















2022-2023 оқу жылы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2024
271
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі