Сайыс сабақ жоғарғы сыныптар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ жоғарғы сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен жоғарғы сыныптар үшін қызықты интеллектуалды сабақтар ұйымдастыруда қолданылатын ойын немесе сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cайыс сабақ: «Информатик-2019»

Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату.
Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер.
Қатысушылар: 9, 10,11 сынып оқушылары.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатик-2015» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.

Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Әр сыныптан бір немесе екі оқушыдан қатысады. (Ойыншылар өздерін таныстырады.)

9 сыныбынан: Қази Айдос, Махамбетамин Ұлдана
10 сыныбынан: Жақыпбек Нұрай
11 сыныптан: Досқожа Әсем


Бүгінгі ойынымыз 5 турдан тұрады.
Ойын барысымен таныстырамыз Слайд шоу

1-тур. «Бәйге»
2-тур. «Полиглот»
3-тур. «Ғажайып алаң»

4-тур. «Қиял әлемі»
5-тур. «Жорға»





1 тур. «Бәйге». Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт-сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал «Бәйге» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ он сұрақ беріледі.

(
Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.)
1.
Аталған байттар тізбегі? (файл, байт, диск)
2. Windows -
пен жұмыс істей алатындардың барлығы? (объект, экран, интерфейс)
3.
Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (принтер, сканер, модем)
4.
Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас тілі? (Паскаль, программа. интерфейс)
5.
Бір жолға қанша оператор жазуға болады? (25, 125, 256)
6.
Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (тышқан, пернетақта, микрофон)
7.Компьютердің ақыл – ойы? (Монитор, процессор, камера)
8. Мәтін дегеніміз не? (Есептер, Кестелер, Жолдар тізбегі)
9. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Архивтеу, антивирус, оперативті программа)
10. Меңзердің алдындағы символды кетіретін перне (Enter, Delete, пробел)

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

2-тур. Полиглот.
1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді. (дыбыс, звук, sound)
2. Жіпке ілдім мен өзім
Кіп-кішкене күн көзін. (шам, лампочка, lamp)
3. Ақпараттың қайнар көзі. (табиғат, природа, nature)
4. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы. (тышқан, мышь, mouse)
5. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы ... (тоқ, ток, currnt)
6. Өнер алды қызыл ... (тіл, язык, landuade)
7. Батырмалы енгізу құрылғысы (пернетақта, клавиатура, )
8. Жойылған құжаттар сақталатын қап (себет, корзина, )

Алдыңғы турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады
3-тур. «Ғажайып алаң»

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.

(Сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетіледі)
30 (
оң) жақтағы Есепшот Грецияда қалай аталды? (Абак)
30(
ортадағы) – 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц қандай есептеуіш құралын ойлап шығарды? (Арифмометр)
30 (
сол) жақтағы Компьютердің атасы (Чарльз Беббидж)
40(
оң) жақтағы Алғашқы программист (Ада Лавлейс)
40 (
ортадағы) – Компьютер шығаратын әйгілі ІВМ фирмасының негізін салушы (Герман Холлерит)
40 (
сол) жақтағы Бірінші электронды машина (ENIAC)
50(
ортадағы) – Ең өнімді вирусқа қарсы бағдарлама (Касперский)
50 (
сол) жақтағы Принтерлер қандай түрлерге бөлінеді (Матрицалық, бүріккіш, лазерлік)
50 (
ортадағы) – Microsoft фирмасын құрған адам (Билл Гейст)
Алдыңғы турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады

Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

4-
тур. «Қиял әлемі». Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыруы тиіс. «Егер мен хакер болсам» Ойыншыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Кезекпен өнерін ортаға салады.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап өтіп жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен
Алдыңғы турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады

5-тур. «Жорға». Бұл кезеңде берілген 1 минут ішінде дұрыс әрі жылдам жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2. Ақпаратты шығару құрылғысы. (принтер)
3. Сурет салуға арналған программа (пайнт)
4.Вирусты тауып жоятын бағдарлама (антивирус)
5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
6. Бір битте қанша байт бар (8)
7.Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)
8. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)
9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)
10. Ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы (процессор)
11. Екілік жүйесінің сандары (0, 1)
12. Өзін басқа программаларға енгізіп алатын кішігірім программа (вирус)
13. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)
14. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал (модем)
15. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)
16. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет)
17. Жергілікті желімен жұмыс жасауға арналған қапшық (Желілік орта)
18. Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)
19. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
20. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)
21. Дискета түрлері (3, 5 және 5, 25 дюмдік)
22. Адам денсаулығына зиян келтіретін құрылғы (монитор)
23. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)
24. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)
25. Электрондық кестенің ең кіші элементі (ұяшық)
26. Windows сөзінің аудармасы (терезе)
27. Мәліметтерді енгізу пернесі (Enter)
28. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)
29.Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete)
30. Перне тақта қандай құрылғы (енгізу)
31. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)
32 . Жад нешеге бөлінеді (2)
33.Жергілікті желіге қандай құрылғы керек? (хабб)
34. Бір килобайтта қанша байт бар (1024)
35. Монитор түрлері (электронды түтікшелі, сұйық кристаллды, плазмалық)
36. Электрондық кестенің жұмыс аймағы (кітап)

Қорытындылаймыз!
Бүгінгі көріп тамашалаған «
Информатик-2019» атты ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Келесі кездескенше Сау саламат болыңыздар!













Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектебі









Shape1


(ойын сабақ)

Орындаған: А.Құлманова





















2019-2020 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2021
803
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі