400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Сайыс сабақ "Жұлдызды сәт"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып ұстаздарына жаратылыстану пәні бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сайыс сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды сәт»  

Сайыс сабақтың  мақсаты:

а)ойын арқылы  сыныпта алған білімдерін тереңдете  түсу;

ә)ойын арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін дамыту;

 б) білімділікке,алғырлыққа,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар ,қонақтар 2 сынып оқушыларының  «Жұлдызды сәт» сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Білімменен тәнті етеді тектілер,

Мұратына білім қалды жеткізер.

Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.,- дей келе сайыс сабағымызды бастайық.

1-топ «Білімділер»

2-топ «Тапқырлар»

3 топ «Алғырлар»

Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едің талай сында.

Қара қылды қақ жарып әділ қазым,

Еңбегін тапқырлардың әділ сына – деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық

Сонымен бүгінгі біздің сайысымыздың әділ қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.

Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін.Сонымен сайысымызды басталық.

І.Кезен «Таныстыру»

 Әр топ басшысы өз тобының мүшелерімен таныстырып шығып,ұрандарын бірігіп айтады.

«Білімділер»      Білім басқа бітеді,қына тасқа бітеді.

«Тапқырлар»       Оқыған -озар,оқымаған-тозар.

«Алғырлар»          оқу инемен құдық қазғандай      

Жарайсындар балалар!

Сайысымыздың ІІ-ші кезеңі :

 «Білгенге-маржан» деп аталады.Бұл кезенің шарты сұрақтарға 1 минут ішінде лезде жауап беру керек.

Дұрыс жауап берсеңіздер1 ұпайға ие боласыздар.

/ қазақ тілі пәнінен/
1. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)

2.Сөз құрамын ата (түбір, жұрнақ,қосымша)

3.Қазақ тілінде қанша дыбыс бар (40)

4.Қатаң  дауыссыз дыбыстарды ата (қ,к,п,с,т,ф,х,һ,ч,ш,щ)

5.Ұяң дауыссыздарды ата (б, в, г, ғ, д, ж, з,)

6.Үнді дауыссыз дыбыстарды ата. (р, л, н, м, ң, й, (у))

/ математика пәнінен/

1.Көбейтудің компоненттерін ата /көбейткіш,көбейткіш,көбейтіндінің мәні/

  1. Ауылда 3күн, 3түн боран соқты. Неше тәулік боран болды? /3 тәулік/

3.ұзындық өлшем бірліктерін ата /мм,см,дм,км,/

3.Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2кг болады. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады? /2 кг/

4.Бір бірімен жарысқа Төрт аю, бір арыстан Екі қой мен бір түлкі Бәрі нешеу кім білді?/сегіз/

5.масса өлшем бірліктерін ата / гр,кг, ц, т./

6.Шаршы дегеніміз не?/бұл барлық қабырғалары тең болатын тіктөртбұрыш/

/ орыс тілі пәнінен/

Әр сөздің тек аудармасын айту.

1.мектеп – школа

2.мұғалім – учительница

3. знания – білім
4. природа – табиғат
5. небо – аспан
6. Родина – отан
/ әдебиеттік оқудан/

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?
    2. 5 дос пен 5 дұшпанды ата.
    3. Еңбек туралы мақал — мәтел айт.

ІІІ-кезең      / логикалық математика курсы бойынша/

«Кім тапқыр?»   бұл кезеңнің шарты:

  Таяқшалармен тапсырмасы. Дұрыс жауап   5 ұпай

1 топ            5 таяқшадан   2 үшбұрыш құрастыр

2 топ            7 таяқшадан   3 үшбұрыш құрастыр

3 топ            5 таяқшадан   бірдей  2  үшбұрыш құрастыр

IV-кезең  «Сөз құрамақ»     / Қызықты грамматика курсынан/

Кемпірқосақ сөзінен бірнеше сөз жаса, дыбыстық талдау жаса.

V кезең «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында сурет алу

Қазылар алқасына сөз беріліп,марапаттаулар болады.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
852
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі