жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сайыс сабақ "Жұлдызды сәт" 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды сәт»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімге деген құлшынысын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, топтық, ұжымдық жұмыс жасауға дағдыландыру.
Міндеттері:
-
Қабілетті оқушылардың негізгі пәндерден білім деңгейін анықтау.
-
Танымдық ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын, ой-өрісін арттыру.
-
Оқушыны ептілікке,шапшаңдыққа үйрету.Уақытты үнемдей отырып, ұтымды жауап таба білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер жазылған плакаттар, интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап әдісі, «миға шабуыл» стратегиясы.
Сабақтың барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі
1.Дайындық жұмыстары
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар 2-сынып оқушыларының «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер!
Халқымыз жан-жақты адамды «Сегіз қырлы бір сырлы» дейді. Адамның сегіз қырының бірі – оның білімі. Олай болса, 2-сынып оқушылары өз білімдерін ортаға салады.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өреңді
Білімнің нәрлі сырына!-дей келіп, бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймыз!
Өнер менен білімде
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар, -дегендей, білімпаз сайыскер топтарын таныстырайық.
I-топ: «Білім» 2 «Г» сынып оқушылары
II-топ:«Болашақ» 2 «Ғ» сынып оқушылары
-Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Әділқазы бағалайды сіздерді.
Жеңіс-мәре жақын ба, әлде алыс па?-демекші қазылар алқасымен таныстырайық.
-Енді, сайыс кезеңдерімен танысайық
1-кезең: «Кім көп біледі» (математика пәні бойынша)
2-кезең: «Сен білесің бе?»(әдебиеттік оқу пәні бойынша)
3-кезең: «Тіл өнері» (қазақ тілі пәні бойынша)
4-кезең: «Табиғат –тал бесігім» (дүниетану пәні бойынша)
5-кезең: «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (жағдаят туғызу)
6-кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
-Енді,сайысымызды әрі қарай жалғастырайық!
1-кезең: «Кім көп біледі?»
-Әр топқа математика пәні бойынша сұрақтар қойылады.
«Білім» тобының сұрақтары:
1.Барлық қабырғасы тең фигура қалай аталады? (шаршы)
2. Қабырғасы 3см –ге тең шаршының периметрін тап. (12см)
3. х-35=25 Теңдеудің шешуін тап.
4.1м 3дм 5см неше см-ге тең? (135см)
5.Логикалық есеп: Бір топ үйрек ұшып барады.Олар барлығы бесеу.Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады? (біреуі, өйіткені қалғандары ұшып кетеді.)
«Болашақ» тобы
1.Қарама-қарсы қабырғалары бірдей фигураны ата. (тік төртбұрыш)
2. Ұзындығы 4см, ені 2см тік төртбұрыштың периметрін тап. (12см)
3.60-х =35
4.1м 5дм 3см неше см-ге тең? (153см)
5. Ағашта 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Ағашта қанша құс қалды? (11)
2-кезең: «Сен білесің бе?»
«Білім» тобы
1.Оқиғасы « Тазалық-денсаулық кепілі» деген мақалға құрылған шығарманы ата. (Ы.Алтынсарин «Салақтық»)
2. «Ұйқышылдық – жаман әдет» деген нақыл сөз қай мәтінге қатысты? (О.Әубәкіров «Сүт қалай ұйықтады?»)
3. «Өндірмесе дәнеме,
Мақтанғаннан не пайда.» - деген жолдар қай мәтіннің қорытынды ойы?
(Е.Ерботин «Даңғой»)
4. «Өркөкірек, мақтаншақ» сөздерінің мағынасына жуық келетін сөзді ата. (Тәкаппар)
5. «Даңғой» сөзінің мағынасын ашатын сөзді ата. (Мақтаншақ)
«Болашақ» тобы
1. «Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп өтеді» деген мақалға қатысы бар шығарманы ата. (Ж.Кәрбозин «Жиырма тиын»
2.М.Гумеровтің әңгімесінде көк кептерді атқан кім? (Аймаған)
3. «Көлдің мұзын күн тесті,
Аппақ тонын жер шешті» деген жолдарда қай жыл мезгілі туралы айтылған? (Көктем)
4. «Үлгілі бала» деген кітабы бар балалар жазушысы кім? (С.Көбеев)
5. «Сәлем» сөзінің мәні қандай? (Тыныштық, бейбітшілік)
3-кезең: «Тіл өнері» (қазақ тілі пәні бойынша)
Шарты: жұмбақтың шешуіне дыбыстық талдау жасау
«Болашақ» тобы
-
Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп қоқып тұрады. (Қоян)
-
Екі аяқ кезек-кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіріп кетеді. (Доп)
3.Мәтін түрін анықта.
Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол - біздің екінші үйіміз.Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді. (Пайымдау)
4.Сөз құрамына талда: Балықшылар
5. Семантикалық карта бойынша жұмыс.
-
Сөздер
Зат есім
Жалқы зат есім
Жалпы зат есім
Етістік
Дара етістік
Күрделі етістік
Алибек
оқып отыр
кітап
келді
Ақтау
оқушы
оқыды
4-кезең: «Табиғат – тал бесігім»
«Білім»
1.Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады? (компас, тұсбағдар)
2.Өсімдіктің негізгі мүшелерін ата. (тамыр, сабағы, жапырағы,гүлі)
3.Өсімдіктің негізгі әрі жер астындағы мүшесі. (тамыры)
4. Табиғат құбылыстарын ата. (жаңбыр, қар, бұршақ, жел)
5.Тірі табиғаттарды ата.
«Болашақ»
1.Көкжиетің негізгі неше тұсы бар?
2.Қандай топырақта өсімдік жақсы өседі? (Құнарлы)
3. Қандай топырақты құнарлы топырақ дейміз?
4. Құрғақ жерде өсетін өсімдіктің тамыры қандай болады? (Ұзын)
5.Өлі табиғатты ата.
5-кезең: «Тапқыр болсаң,талас жоқ»
Шарты: әрбір топқа жағдаят ұсынылыды.Жағдаяттарды үлестіремін, ақылдаса отырып дайындала беріңіздер. 1минут уақыт беріледі.
«Білім»
Жағдаят: Бүгінгі сыныптағы дастарыңның бірінің көңіл күйі жоқ, сабаққа қатыспайды, ешкіммен сөйлеспейді,ойынғада шыққан жоқ . Сен дос ретінде не дейсің?
«Болашақ»
Үзілісте ойын ойнап жүрдіңіздер, досыңыз аяғын ауыртып алды.Кенет қоңырау соғылды, сабаққа бару керек, ал досыңыз болса аяғын баса алмай қатты қиналып тұр. Не істейсіздер?
6-кезең «Сөз тапқанға, қолқа жоқ»
-Гүлшоқтарындағы әріптерді дұрыс құрастырсаң мақал шығады. 2минут уақыт беріледі.
Білім азбайды,
Ақыл тозбайды.
Ән: «Мектебім, аяулы мектебім»
-Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
-Бүгінгі «Жұлдызды сәт» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып қатысқандарыңызға көп рақмет!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген