400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ "Кел, балақай, ойнайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып ұстаздарына жаратылыстану пәні бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Кел, ойнайық, балақай!»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәндерге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: түрлі түсті суреттер, шарлар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар «Кел, ойнайық, балақай!» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Жүсіп Баласағұн атамыз айтқандай білім — адам баласының ортақ қазынасы. Олай болса бүгінгі сайыс сабағымызда сынға түсетін топтармен таныстырып өтейін.
Бал, балауса жайқалғандай гүлдерің
Бірің тұңғыш, кенжесіңдер бірлерің,
Қарсы аламыз даярлық тобының
Балжайнаған ұлдары мен жауқазындай гүлдерін. 
1.«Ботақан»

2. «Балапан»

3. «Қошақан» тобы

Сайыстың кезеңдері:
І кезең – «Әрбір бала – бір жұлдыз»

Ойын шарты : оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. 1.Дыбыстарды көрсетіледі, оқушылар тауып қандай дыбыс екенін табады.Жазылуымен көрсетеді (2 жұлдыз)

2.Жаңылтпашты жаңылмай айт (1 жұлдыз)

1.Піскен алма топ – топ түсті,Топ – топ түсіп, көптеп түсті.

2.Пеш үстінде бес мысық, бес күзетші бес пысық.

3.Талғат балға тап, тағы да жаңғақ шақ.

4.Бар май шайқа, байқа жай шайқа.

5.Олар Оралдан оралды, Омар Аралдан оралды.

6.Қыс қыспаса, қыс па? Құс ұшпаса құс па?

7.Жағажайды жағалай жүгіреді Қамажай.

8.Омартаға балалар барар, Балаларды аралар талар.

9. Пай-пай-пай, Жайылып жүр тай.

10.Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай.

11. Даланы қар жабар, Қарға балалар аққала қалар.

12. Түрің түрленіп, кідірмей оқы, Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы.

13. Қыста құлағым үсіп кетті, Үсіп, ісіп кетті.

14. Қызым жүзім же, Жүзім үзіп же.

15. Шаншар шаршап жатыр, Қайсар жайша жатыр.

16. Заңгер меңгергенді дәрігер меңгере ала ма?

17.Дәрігер меңгергенді заңгер меңгере ала ма?

18.Ақ тай ақ па, қара тай ақ па?

3.Сөздерді оқып буынға бөлу. Дыбыстық талдау жасау(2 жұлдыз)

ІІ кезең – Қызықты математика

Болашақ білім – ғылым тұтқасында,

Мына әркез ой – санаға ұстасында.

Заманның компьютердей кезеңінде ,

Математика тағы тұр көшбасында , - дей отырып қызықты есепке кезек береміз.

1.Мысалдарды шығарып, суретті безендіріп боя.

2.Не артық?

3.Қай фигура жетпейді?

ІІІ кезең. Суретті құрастыру



Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректеріңде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым
Өрендер өрлей берсін өнерлерің
Айналаң бәрі сенің көрерменің
Тілеймін дәл осылай барлығының.
Тек қана биіктерден көрінгенін деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі