400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабақ "Кітап -білім бұлағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханашыларға кітап туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Кітапханашы: Қайырлы күн ұстаздар, оқушылар!Бүгінгі «Кітап – білім бұлағы» атты 5 сынып оқушыларымен өтетін сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке

Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.

Әрі ақылшың- рухани қазынаң

Құнды байлық баға жетпес бұл өте.



Кітапханашы: Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Кітапханашы:

Сайыста озып шығар жүйріктері

Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.

Қанекей, оқырмандар сайысқа шық,

Таң қалдыр біліміңмен көрерменді – дей келе Сайысқа қатысушыларымызды таныстырп өтейін.

5 сынып оқушылары: Дүйсенбі Әдемі, Қайырлиева Диьлназ, Каукенов Жалғас, Жүнісбекова Гүлім, Наурызханов Әділет.



Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.

  1. Жұлдызды сәт. (Сұрақ жауап)

  2. Әріптер сыр шертеді. ( Әр қатысушы әріптер таңдайды сұрақтың жауабы сол әріптен басталады.)

  3. Сөз тапқанға.

  4. Мақал - мәтелдер сайысы.  (Қалған екі оқушы білім, кітап, оқу, ұстаз туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады)

Кітапханашы: Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар дей келе сайысымыздың бірінші кезеңі Жұлдызды сәт кезеңіне кезек берейік. (Сұрақ-жауап)



Осымен 1 кезең аяталды. Екінші кезеңге кезек берейік. Кітапханашы: Әріптер сыр шертеді деп аталады. ( Әр қатысушы әріптер таңдайды сұрақтың жауабы сол әріптен басталады.)

Б – балдан не тәтті (бала)

Қ – Еліміздің байырғы тұрғындары қалай аталады? (қазақтар)

Е – Еліміз орналасқан құрлық қалай аталады? (еуразия)

А – Баланың алғаш атқа мінуі (ашамай)

Т – баланың алғаш алысқа аттануы

Ә – Тұңғыш рет қазақ әнін шет елге орындап күміс жүлде алған әнші? (Әміре)

Ж – Ленинградтық өренім өлеңінің авторы (Ж. Жабаев)

М- білім ордасы ( мектеп)

С – ШҚО обл қала (Семей)

Ш – Сен тұратын ауыл (Шолақорда)

Кітапханашы: Осымен екінші кезеңіміз аяқталды ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз.                                                             

  1. Сөз тапқанға. Қатысушыларға әріп беріледі.

Осы әріптерге байланысты сұрақтарға жауап беру.

  1. Есімің кім?                                        1. Сабақ оқуға кім көмектеседі?

  2. Кітапты қалай оқисың?                       2. Мектепке қай уақытта барасың?

  3. Кітапты қалай ұстайсың?                     3. Таңертең тұрғанда анаңа не айтасың?

  4. Неше жастасың?                                4. Сөмкеңде не бар?

  5. Мектепке кіммен келесің?                   5.Ұйықтар алдында әжеңе не айтасың?

  6. Бос кезде немен шұғылданасың?         6. Кітапты қалай оқисың?

  7. Тоңазытқышта не бар?                       7. Үстіңе не киесің?

  8. Жақсы керетін тамағың?                     8. Әжеңді сен қалай жақсы көресің?

  9. Туған күнің қай айда?                        9. Кіммен доссың?

  10. Ең тәтті не?                                      10. Бос уақытыңда не істейсің?



ІV.  Мақал - мәтелдер сайысы.

1. Кітап оқығандыкі,                1. Күш білімде, білім – кітапта,

2. Білім тоқығанды                  2. Кітап – ғылым, тілсіз - мұғалім.

3. Кітап –асыл қазына.            3. Оқусыз білім жоқ,

3. Кітап –алтын сандық,           Білімсіз күнің жоқ.

 іші толған қазына құт.             4. Білім тозбайды,

 4. Оқу түбі тоқу.                          ақыл азбайды.

5. Кітап – білім бұлағы,             5. Кітап – ақылшы дос

   білім өмір шырағы.                    Қойған жерде жатады,

6. Әліппенің ар жағы -                                 Қолыңа алсаң тіл қатады.

    білім бағы.                                           6. Кітап - ең сабырлы ұстаз.

7. Кітапсыз - білім жоқ.                          7. Кітабың сенің құралың,

    білімсіз күнің жоқ.                                  жағар білім шырағың.

8. Ойна да күл,                                        8. Білім – қымбат,

    Оқы да біл.                                           білу қиын.

9. Өзіңді – өзің білу үшін                       9. Артық білім кітапта,

    кітап керек.                                              ерінбей оқып көруге.

Осымен сайысымыз аяқталды. Әділ қазыларымызға сөз кезегін берейік. Қош, сау

болыңыздар.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
4141
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі