жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сайыс сабақ: "Көңілді тапқырлар клубы"
Сабақтың тақырыбы: «Көңілді тапқырлар клубы».
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: математиканы оқып білу барысында оқушыларды табандылыққа, жүйелікпен ой қорыту, мақсатқа ұмтылушылыққа үйрету.
б) Дамытушылық: логикалық пайымдауды жетілдіру, білім сапасын арттыру, математикадан алған білімдерін өмірде орынды қолдана білуге үйрету. Логикалық ой-өрісін дамыту.
в) Тәрбиелік: пәнге қызығушылықтарын арттыру, ұлттық тәрбиемен ұштастыру, көпшіл және зерек болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.
1.жүргізуші:Армысыздар,ардақты,ұлағатты ұстаздар, "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сайыскерлер"! "Математика - ғылымдар патшасы" дегендей, бұл ғылым адам өміріне, оның ой-өрісінің дамуына аса қажет. Математика пәніне деген қызығушылығымызды арттыру мақсатында өткізгелі отырған бүгінгі " Көңілді тапқырлар клубы" атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2.жүргізуші:
Сандардың біз сырына үңілеміз
Үйренбеген достардан түңілеміз
Білгеніңді бұл пәннен жасырсаңдар,
Бүгін достар,әрине жеңілеміз - дей келе бүгінгі кешімізді ашық деп жариялаймыз.
1.жүргізуші: "Көңілді тапқырлар клубы" атты сайысқа 7 сынып оқушыларынан құрылған топтардың бүгінгі жарысын бағалайтын әділ-қазылармен таныстарамыз.
2.жүргізуші:Жарысымыздың алғашқы туры "Танысу" деп аталады.
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
Алға қойған мақсаты
Әрқашанда мектепте
Шығып жүрген жақсы аты.
Жанұяда ылғи дарындар
Жүректе от, көздерінде жалын бар
"Тапқырлар" тобын халайық
Құрметпен қарсы алайық..
"Тапқырлар" тобы:
а)Ұраны:" Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар"
б) Сәлемдесу:
Шаршы алаңға жарысқа,
Шықты біздің тобымыз
Жеңілсек те,жеңсек те,
Ашық болсын жолымыз!
Әділ-қазыға:
Армысыңдар құрметті
Әділ-қазы алқасы
Сіздерден әділ шешімді
Күтеді бүгін баршасы
Алдарыңда тұрғандар
Білім жолын қуғандар,
Әділ болса қазылар.
Жеңеміз деген арман бар!
1.жүргізуші:
Біріміз-Күн, біріміз-Ай болайық,
Жарыстың атына тек сай болайық
Іске сәт деп көпшілік бата берсе
"Алғырлар" тобын
Қошеметтеп қарсы алайық!
"Алғырлар"тобы:
а)Ұраны: " Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз"
б)Сәлемдесу:
Құрметпен бар ғылымды, ой –сананы
"Алғырлар" тобы сәлем беріп қарсы алады
Бүгінгі математика жарысында
Қашанда тапқыр бол деп ой салады!
Әділ-қазыға:
Әділ қазы, ақ қазға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар жарыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
2.жүргізуші:
Білімдіден шығады алғыр шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра және бұлбұлдай шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.
Алғырлар мен тапқырлар арамызда
Білімдерін көрсететін баршамызға
Ал келесі кезекті біз береміз
Көрсетсін деп өнерін баршамызға.
2 – тур "1001 мақал" деп аталады. Бұл турдың шарты: сан есімі бар математикалық мақал-мәтелдерді кезекпен қайталамай, тоқтап қалмай айту керек.
1.жүргізуші: Сайысымыздың 3-туры "Полиглот" бөлімін бастаймыз. Бұл турда сайыскерлерімізге жұмбақтар жасырылады. Жауабын міндетті түрде үш тілде айту керек.
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап-книга-book)
Өзі сөйлеу білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
(қалам-ручка-pen)
Алды-артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсін де.
( Түзу-прямая-straight)
Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді?
(8)
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қас лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой.
(15)
2-жүргізуші: 4-тур. "Сөз тізбегі".
Математикалық атаулар мен ұғымдар,
Есте болар құрбылар бәріңнің де.
Енді бір сәт солардан тізбек құрсақ,
Артық болмас, бастайық, кезек сізде!
"Сөз тізбегі" деп аталатын бұл турда "Алғырлар" тобына - "Т", "Тапқырлар" тобына "К" әрпінен басталатын математикалық терминдерден көп сөз жазу керек.
1.жүргізуші: 5-тур. "Көп формула білесің бе?"
Ойла-ойла тереңнен
Жақсы емес көп бөгелген.
Формуланы білмесең
Таяқ жейсің өмірден!, - дей келе формулалар сайысына кезек берейік. Шарты: математика пәні бойынша білетін формулаларды дұрыс жазып беру керек.
2-жүргізуші: 6-тур. Жорға.
Біреу озса жарыста
Біреу артта қалады.
Ренжіместен тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. Сайысымыздың ең шешуші кезеңі "Жорға"бөліміне көшейік. Бұл бөлімде капитандар сұрақтарға тез әрі нақты жауап беруі тиіс. Бір минут ішінде қанша сұрақ тыңдап, нешеуіне дұрыс жауап беру капитанның шапшаңдығы мен білімділігіне байланысты. Әр жауап бір ұпай.
"Алғырлар" тобына:
-
0-ден үлкен сандар?
-
Үшбұрыштардың барлық қабырғаларының қосындысы?
-
Тік бұрыштан кіші бұрыш?
-
тәулікте неше сағат бар?
-
екі санның бөліндісі
-
екі қатынастың теңдігі?
-
100 жылдың басқа атауы?
-
картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес Жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы?
-
бір-бірімен тек қана таңбалары арқылы ажыратылатын сандар?
"Тапқырлар"тобына:
-
алымы бөлімінен үлкен бөлшек?
-
ең кіші жай сан?
-
алымы бөлімінен кіші бөлшек?
-
құрамында әріпі бар өрнек?
-
1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал санды қалай атайды?
-
тең бөліктер?
-
бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан?
-
шеңбер центрін оның бойындағы кез-келген нүктемен қосатын кесінді?
-
барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш?
1.жүргізуші: "Музыкалық номер".
"Қос ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра,
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра", - дегендей қазақтың қай бас қосуы, жиын тойы домбырасыз, өлең-жырсыз өтпеген. Назарларыңызға екі топтың музыкалық сәлемін ұсынбақпыз.
2-жүргізуші: Келесі тур үй тапсырмасы. Екі топ өздерінің өмірмен байланыстыра құрастырылған есептерінің шығарылу жолдарын түсіндіреді.
1.жүргізуші:
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
әділ-қазы сіздерге сөз береміз
жеңімпаздар кім болып сарапталды?
Құрметті әділ-қазылар біз сіздерге топтардың ұпайлар санын есептеп, жеңімпаздарды анықтауды тапсырамыз.
2-жүргізуші: әділ-қазылар жалпы ұпайлар санын есептеп болғанша біз оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.
Әділ-қазылар жеңімпаздарды анықтап, қатысушыларды марапаттайды.
1.жүргізуші:
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділ-қазы, көрермен сау тұрыңыз
Күтеді бізде жақсы күндер әлі!
I-тур. «Таныстыру».
Тобы: "Тапқырлар"
а)Ұраны:" Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар"
б) Сәлемдесу:
Шаршы алаңға жарысқа,
Шықты біздің тобымыз
Жеңілсек те,жеңсек те,
Ашық болсын жолымыз!
Әділ-қазыға:
Армысыңдар құрметті
Әділ-қазы алқасы
Сіздерден әділ шешімді
Күтеді бүгін баршасы
Алдарыңда тұрғандар
Білім жолын қуғандар,
Әділ болса қазылар.
Жеңеміз деген арман бар!
Тобы: "Алғырлар"
а)Ұраны: " Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз"
б)Сәлемдесу:
Құрметпен бар ғылымды, ой –сананы
"Алғырлар" тобы сәлем беріп қарсы алады
Бүгінгі математика жарысында
Қашанда тапқыр бол деп ой салады!
Әділ-қазыға:
Әділ қазы, ақ қазға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар жарыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
2– тур "1001 мақал"
Бұл турдың шарты: сан есімі бар математикалық мақал-мәтелдерді кезекпен қайталамай, тоқтап қалмай айту керек.
3-тур. "Полиглот"
Бұл турда сайыскерлерімізге жұмбақтар жасырылады. Жауабын міндетті түрде үш тілде айту керек.
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап-книга-book)
Өзі сөйлеу білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
(қалам-ручка-pen)
Алды-артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсін де.
( Түзу-прямая-straight)
Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді?
(8)
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қас лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой.
(15)
4-тур. "Сөз тізбегі"
"Сөз тізбегі" деп аталатын бұл турда "Алғырлар" тобына - "Т", "Тапқырлар"тобына - "К" әрпінен басталатын математикалық терминдерден көп сөз жазу керек.
5-тур. "Көп формула білесің бе?"
Шарты: математика пәні бойынша білетін формулаларды дұрыс жазып беру керек.
6-тур. " Жорға".
"Алғырлар"тобына:
1 .0-ден үлкен сандар?
2. 1 километрде неше метр бар?
-
5 санына кері сан?
-
тәулікте неше сағат бар?
-
екі санның бөліндісі
-
екі қатынастың теңдігі?
-
100 жылдың басқа атауы?
-
картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес Жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы?
-
бір-бірімен тек қана таңбалары арқылы ажыратылатын сандар?
"Тапқырлар" тобына:
-
алымы бөлімінен үлкен бөлшек?
-
ең кіші жай сан?
-
алымы бөлімінен кіші бөлшек?
-
құрамында әріпі бар өрнек?
-
1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал санды қалай атайды?
-
тең бөліктер?
-
бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан?
-
шеңбер центрін оның бойындағы кез-келген нүктемен қосатын кесінді?
-
барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш?
7-тур. "Музыкалық номер".
Назарларыңызға екі топтың музыкалық сәлемін ұсынбақпыз.
8-тур. " Үй тапсырмасы."
Үй тапсырмасы. Екі топ өздерінің өмірмен байланыстыра құрастырылған есептерінің шығарылу жолдарын түсіндіреді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген