400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабақ "Лагерь ханшасы" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз балалардың ұжымда өзара тіл табысуы, басқа ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуі арқылы беделге ие болуы, ұжым арасында достықты нығайту. Қыз деген нәзік жаратылыстың өзіне тән ерекшелігін, өмірдегі алатын орнын сезіндіру. Түрлі жаттығулар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін,ойын арқылы қызығушылықтарын,тілдерін жаттықтыру .
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Лагерь ханшасы»
Байқаудың мақсаты:
- қыз балалардың ұжымда өзара тіл табысуы, басқа ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуі арқылы беделге ие болуы, ұжым арасында достықты нығайту.
- қыз деген нәзік жаратылыстың өзіне тән ерекшелігін, өмірдегі алатын орнын сезіндіру.

-түрлі жаттығулар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін,ойын арқылы қызығушылықтарын,тілдерін жаттықтыру .
Сабақтың түрі:сайыс
Көрнекілігі: слайд,сұрақтар,суреттер.


Байқаудың талаптары:

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.Әр бөлімге 5 балдық бағамен бағалаймыз.
1.«Қыздар сұлу көрінер сәлемімен»
Сәлемдесу салты. Сайыстың бұл бөлімінде қыздар өздерін таныстырады. Таныстыру барысында аты-жөні, ата-тегі, оқыған, өскен жері, туған Отаны туралы өлеңдетіп, әнге қосып, тақпақтатып та, қарасөзбен де айтуға болады.

2. үй жұмысы (қол өнері)

3. Сән мен сымбат екеуі үйлескенде,
Көкірегің керімсал күй кешкенде
Дүниені төңкерер сұлулықты,
Табылмайды көз тігіп, сүймес пенде!- деп келесі бөліміміз «Жаздық сәндік киім»
( күй әуенімен шығады)

4. «Білімді қыз сүйкімді»(сұрақ-жауап). Қазақ елі тақырыбына сұрақтар билетке жазылып, билет алу барысында жауап беруге тиіс.
Сұрақтарды төмендегіше беруге болады:
- Қандай тыйым сөздерді білесіз? Оның мағынасы неде?
- Қазақ батырларын атаңыз?
- Қазақстанның өнер жұлдызы атанған қыздар кімдер?

- Қазақтың үш биі?

-

5. Қыздар өнердің сан қырын меңгеруі арқылы байқауда өнердегі өз мүмкіндіктерін көрсете алады.


Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға келіп тұрған
Аруларды ортамызға шақырамыз
(қыздар шығады).
Жүргізуші : Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
(Гимн орындалады)

Жүргізуші : Ал , құрметті халайық
Жарысты енді көріңдер.
Әділқазылар алқасы
Әділ баға беріңдер – дей келе бүгінгі байқауды бағалайтын әділ қазылар мүшесімен таныстырып өтейік ....

Жүргізуші:
Өнер қуып, қыздарымыз өтер деймін,
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Жарысқа түскен қыздар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
-Байқауымыздың бірінші кезеңі таныстыру.
1.---- Әлпештеген ата-анам
Қойды Гүлназ есімді
Қазағымның ертеңі
Болады деп мені.

2.-----
Мен қазақтың бір қызы,
Жарқыраған жұлдызы.
Шырын деген атым бар,
Үміт күтер ата-анам.
3.-----
Азан қойып шақырған
----- атты қыз болам.
Қазақстан мерейін,
Көтеруші мен болам


Енді құрметті әділқазылар сіздерге аруларымыз үй жұмыстарын дайындап келіпті .(Әділқазылар байқап баға берген кезде, қыздар киімдерін киіп көрсету)
Жүргізуші: Ал ,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
– деп ендігі байқауымызда қыздар сән үлгісін көрсетсе,
(Күй әуенімен, қыздар бір-бірден шығып көйлектерін көрсетеді)

Мен жаспын деп қысылма,
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады «надан» деп.
Ата –бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты. – дей келе, 4 –ші «сұрақ-жауап» кезеңін бастайық.

Жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер
Өнерлеріңді тексеріп,
Бәйгеге қатысып көріңдер.
Мың бұралып биленген,
Аруды кім сүймеген.
Күміс көмей аруларға,
Кімдер басын имеген.
– дей келе 5 кезеңіміз өнері. Өнерлерін тамашалап, әділ баға берейік!


Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес , жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық,байқаудың шешімін оқиды.

Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен байқауымыз аяқталды!
Назарларыңызға көп рахмет!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
703
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі