Материалдар / сайыс сабақ "Лидер" 5-7 сынып "Бағдарламалау негіздері" үйірмесі

сайыс сабақ "Лидер" 5-7 сынып "Бағдарламалау негіздері" үйірмесі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бағдарламалау негіздері" үйірме жетекшісінің ұйымдастыруымен "Лидер" атты 5-7 сынып оқушылары аралығында сайыс сабақ өткізілді. Сабақ мақсаты үйірме мүшелерінің жылдам әрі ізденімпаз екенін анықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
828
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сырдария аудандық Оқушылар үйі















«Лидер»

(сайыс сабақ)







Үйірме жетекшісі: А.Әбдікамалова

























2021 жыл

Күні:

Бекітемін:

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Умирзакова

Тақырыбы: «Лидер» (сайыс)

Күні: 06.01.2021ж

Мақсаты: 

1.Тапқырылыққа, шешендікке баулу, іздемпаздыққа жетелеу,ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.


2. Сайыскерлерді еліне, жеріне, оның салт-дәстүрлерін сыйлауға, халықымыздың болашағын гүлденуіне ықпал жасау.


Көрнекілігі: Нақыл сөздер, жоспар, нақыл, ұлағат сөздер.

Жоспар:


1.Бәйге сайысы


2.Дода сайысы


3.Полиглот сайысы


4.Жорға сайысы

Барысы: «Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста, сонда толық боласын елден ерек»

Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған білім сүйер қауым! Бүгінгі біздің «Дара тұлға –дана тұлға» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын, ей достар,

Осылайша шабытпен

Қане енді бастайық.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Сайыскерлерді халайық,

Қол соғып қарсы алайық.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Әділдікпен баға берер ұстазға,

Әділдікпен қара қылды жаруға,

Әділқазы алқаларын сайлайық.

Үздіктерді таңдап бүгін алуға – деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сайыс мынандай бөлімдерден тұрады:

1.Таныстыру

2. Бәйге

  1. Дода

  2. Полиглот

  3. Жорға


  1. тур «Таныстыру»

Бүгін келген сайысқа

Қатысқандар шетінен

Өнерлі де білімді

Таныстырып әрқайсысы

Өтсін бүгін өздерін

Танысайық, білейік

Құлақ соған түрейік


  1. тур «Бәйге»

Білімнің ұшқырлығын танытатын,

«Бәйге» тур да сайыскер жаңылмағын.

Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,

Асып, тасып, асықпа, қалыспағын – деп бәйгенің шартымен таныс болыңыздар.

1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ 14 сұрақ беріледі

2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.

3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын жазу керек.

4.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.

5. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан есептеледі


1. Биенің сүтінен жасалған сусын

а) шұбат ә) қымыз* б) қымыран

2. Тамаша дауысы үшін кімді “Қазақ бұлбұлы” деп атайды?

а)Б.Төлегенова* ә) Ә.Өмірзақова б)Р.Бағланова

3. Тіл білімінің атасы деп кімді атайды?

а)С.Сейфуллин ә)Ш.Құдайбердіұлы б)А.Байтұрсынов*

4. Христофор Колумб таба алмаған ел қалай аталады?

а)Үндістан* ә)Америка б)Қытай

5. Компос қай елде пайда болды?

а)Үндістан ә) Америка б)Қытай*

6. Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін отанымыздың символы санаған?

а) Қызғалдақ ә) Раушан б) Жусан*

7. Қазақтың тұңғыш профессоры

а) С Асфандаияров* ә)Қ Сәтбаев в) Ы Алтынсарин

8. Қасиетті рухани тілек

а) Бата* ә) Алғыс б) Арнау

9. Қан тоқтатанын элемент

а) магний ә)маргнец б)йод*

10. Картоптың отаны

а) Солтүстік Америка ә)Еуразия б) Оңтүстік Америка*

11. Аспан денелеріне аты берілген қазақтың ғалымы :

а) Ы Алтынсарин ә) Қ Сәтбаев* б)З Қабдолов

12. 4 мемлекеттік тілі бар ел

а) Швейцария* ә) Франция б) Испания

13. Ең кіші құс

а) киви ә) колибри* б) шымшық

14. Қазақстанның ұлттық теңгесі қашан айналымға енді?

а) 1991 ж ә) 1993 ж* б) 1995 ж


  1. тур. «Дода»

1 - жүргізуші:

-«Білекті-бірді жығар, білімді –мыңды жығар» деп дана халқымыз айтқандай, қай кезеңде де білімдінің өрісі кең екені даусыз.


Ең қиыны жарыстың «Дода» келді

Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Шарты: 1.Бұл сайыста 10 ойыншыға мына экрандағы 10 тақырыпты таңдау ұсынылады.

2. Ойыншылар кезегімен өз пәндеріне сәйкес тақырып таңдайды.

3.Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.

4. Ұпай аз жинаған 4 ойыншы келесі айналымға қатыса алмайды.



  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні:

  1. Өз елінің болысын өлтіргені үшін тұтқындалған, әкесімен түрмеде бірге отырған бала (Тұрар)

  2. ХІХ ғасыр әдебиетінің жазушылары (Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев )

  3. Менің өнердегі алғашқы ұстаздарым- әкем мен анам” кімнің сөзі?

(Д.Жолжақсынов)

  1. Жылдың ең ұзақ күні (22 маусым)

  2. Жеті жұтты атап беріңіз (Құрғақшылық, жұт(мал қырылу), өрт,

оба, соғыс, топан су, зіл-зала )

  1. Физика және информатика пәні:

  1. Орындаушы орындай алатын амалдар тізбегі. (алгоритм)

  2. Ең алғаш бағдарлама жазған ғалым кім? (Ада Лавлейс)

  3. Не себептен түнде жұлдыздар жанап- өшкендей болып тұрады?

(Кеңістіктегі шаң – тозаңдардың әсерінен)

  1. Спектр дегеніміз не? (7-түсті айтамыз)

  2. Қар мен суды қайнатуға бола ма? Болса қалай? (болады)

  1. Ма тематика пәні:

  1. Пифагор теоремасы ( )

  2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең? (180 градусқа )

  3. н еге тең? ( )

  4. Синустар теоремасы ( )


  1. Пирамиданың көлемінің формуласы ( )

  1. Биология пәні:

  1. Балықтарды зерттейтін ғылым (Ихтиология )

  2. Вирусты ашқан орыс биологы? (Д Ивановский)

  3. Ең тез өсетін өсімдік (Бамбук)

  4. Екі ағзаның селбесіп тіршілік етуі? (Симбиоз)

  5. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай 3-ке бөлінетін денешіктер? (Пластидтер )

  1. Тарих пәні:

  1. Тәуелсіз мемлекеттер Достығын құру үрдісі қай жылы аяқталды және қай қалада? (1991жылы 21 желтоқсан Алматы қаласында)

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі” туралы конституцияның күші бар заң қабылданған жыл?

(1991 жыл 16 желтоқсан)

  1. Жеті жарғы заңы бойынша хандық кеңеске кімдер жіберілмеді ?

(Қарусыз келген адам)

  1. 14 ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан? (Тоғылық -Темір)

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев президенттік лауазымын ұзарту қандай жолмен қабылданды?

(Референдум арқылы)

  1. Денешынықтыру пәні:

  1. Футболдан әлемнін 5 дүркін чеппионы атанған командасы?

(Бразилия)

  1. 2000 жылы жазғы олимпиада қайда болды ? (Сидней)

  2. Тоғызқұмалақта қай кезде тұздық ашылады?

(Екі құмалаққа үш құмалақ түскен кезде)

  1. Шахмат ойыны неше жыл бұрын пайда болды ? (1500 жыл бұрын.)

  2. Тоғызқұмалақта жалпы неше құмалақ бар? (162 құмалақ)


  1. тур «Полиглот»

Ал, ойыншылар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық

Шарты: 1.Ойыншыларға мақал – мәтелдерде қалып кеткен сөз және жұмбақтар жасырылады.

2. Мақалдағы қалып кеткен сөзді және жұмбақтың шешімін тауып, оны үш тілге аударады.

3. Әрбір жауап үшін 1 ұпайға ие болады.

4. Ұпай аз жинаған 3 ойыншы келесі айналымға қатыса алмайды.


  1. Тіл жоқ өзінде

Сөз бар ізінде Қаламсап – ручка - pen


  1. Еркек – үйдің егесі,

Әйел – үйдің .... Шеге – гвоздь - nail

  1. Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,

Дабылдап дабылын ол қағып тұр.

От жағып, дабыл қағып тұрғанда,

Сабалап төмен қарай су ағып тұр.

Жаңбыр – дождь - rain

  1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, бір атасы мен немересі кетіп бара жатыр. Көшеде қанша адам кетіп бара жатыр?

Үш – три - three

  1. Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас Жұлдыз – звезда – star

  1. Екі бала қатар тұрса да,

Бірін – бірі көрмейді Көз – глаза – eyes

  1. Оқу білім бұлағы

Білім ... шырағы Өмір – жизнь - life


  1. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі – екіншісінің әкесі, алайда екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кім болғаны?

Қыз – девочка - girl

  1. Жасыл болып жыпырлап өнеді,

Сары болып үзіліп түседі. Жапырақ – листва - leaf

  1. Суда жүзеді,

Тұмсығы ұзын,

Махабат құсы. Аққу – лебедь - swan

  1. тур «Жорға»

Шарты:

1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.

2. Әр тақырып 10,20,30,40,50 санды ұяшықтарға бөлінген.

3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.

4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та кү

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ