400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабақ "Математика және спорт" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сабақ. Бұл сабақта тек математика емес сонымен қатар спортта бар. Өте қызықты сайыс сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Математика және спорт»  сайысы

Мақсаты: математика мен спортты байланыстыра отырып,оқушылардың пәнге деген    қызығушылығын арттыру және спорттық   ойынға деген көз қарасын, сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Сайыстың өткізілуі: Спорт мұғаліміне рапорт беруі.

 

Жүргізуші:     

Қайырлы күн көрермен!

Құрметті ұстаздар, оқушылар,

Сөз бастайын термелетіп өлеңмен

Тәрбиелі, білімді боп әрқашан

Жас өркенде қанат жайып кемелден.

Құрметті оқушылар, ұстаздар математика пәні бойынша қазіргі апта сайын теледидардан өткізіліп жүрген интеллектуалдық танымдық бағдарламасы негізінде «Математика және спорт» атты сайысты өз ортамызда өткізгелі отырмыз.


Әділқазылар алқасын сайлау.

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.

Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт — дей отырып сайысқа қатысушы командалармен таныс болайық.

1 – команда: 5 «А» сынып «Жалын» тобы

2 – команда: 5 «В» сынып «Болашақ»

Жүргізүші:   Ал, балалар енді ойынымыздың бірінші

турын бастаймыз.

 І тур.Ауадағы есептер:
Бөлменің арт жағында шарлар жатады, шардың ішінде есептер салынған (6 шар).Скакалкамен секіріп барады. Қайтарда шарды бөлменің алдыңғы жағына ракеткамен алып келіп,  шарды жару керек те,  ішіндегі есептерді өзінің тобымен бірге шығару керек.

І топқа:
1. Спортшы төрт күнге жаттығуда сәйкесінше 6,42 км, 8,64 км, 12 км, 9,38 км жүгірді. Спортшы орта есеппен күніне неше километр жүгірді?(арифметикалық ортасын тап) Жауабы: 36,44 : 4 =9,11

2.Бес тоғызды пайдаланып амалдарды қолданып 10 санын жаз.
Жауабы: 9+99/99=10 ,   99/9-9/9=10
3.Оқушы бір сан ойлады, ол санға 56,2 – ні қосып, 8 – ді азайтқанда 60 саны

шықты. Оқушы қандай сан ойлады?
ІІ топқа:
1.Спортшы төрт күнгі жаттығуда сәйкесінше 14,82 кг спорттық киімін, 12,16 кг спорттық киімін, 18кг спорттық киімін, 23,5 кг спорттық киімін сеткасына салып жүрді. Спортшы орта есеппен күніне неше доп салды? (арифметикалық ортасын тап)

2.6 санын  тек қана 3 рет пайдаланып амалдар қолдана отырып 30  санын өрнекте.

Жауабы: 6*6-6=30

3.Оқушы бір сан ойлады, ол саннан 23 – і азайтып, 23,8 – ді қосқанда 56 саны шықты. Оқушы қандай сан ойлады?



Жүргізуші: «Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талапқа

Қолыңды бекерге бос соға берме

Ойсыз соқыр сезімнің соңына ерме

Зерделеп сұрақ – жауап санаңа түй

Сонда ортақ боласын бар жеңіске» - дей келе ІІ турымызды бастаймыз.

ІІ тур: Дене жаттығулары:

Түсіндірме: Мен бір геометриялық ұғымды айтамыз. Сіздер сол геометриялық фигураны жасайсыздар. Мысалы: түзу десек, Сіздер біріңнен кейін бірің тұра қалып, түзу боласыңдар:

Екі топ сайысады. Кім бірінші болады, әділ қазылар алқасы анықтайды.

1.     Шаршы болыңыздар

2.     Тік төртбұрыш

3.     Үшбұрыш

4.     Шеңбер

5.     Параллель түзу

6.     Түзу

7.     Бұрыш


Жүргізуші: «2030 – дың бағдарлы биігі

Білімнің еншісі мұны әркім біледі

Сондықтан достар-ау  дарынды қайрайық

Алынбас қамал жоқ шыңдайық жігерді»  – дей отырып, ІІІ кезеңімізді бастаймыз.

ІІІ тур. «Белбеу» 
Шарты: команда мүшелері бір белбеудің ішінде тұрып тапсырма столына жету керек. Тапсырма алып оны орындау керек. (Логикалық есептер)

1.Торда 12 тотықұс отыр.Оның 11 – нен басқасы ұшып кетті. Торда неше тотықұс қалды? Жауабы: 12 тотықұс бар, себебі тордан шыға алмайды

2. Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?Жауабы: 100 саусақ

3. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын

4. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет

5. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық

2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан

3. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат – үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1 - Марат, 2 - Асет, 3 - Талғат

4. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.

5. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу

Жүргізуші:            «Игеріп атом күшін ігілікке

Бұл күнде ғылым саны тұр биікте

Ойлап тапқан бәрін де адам миы

Сондықтан бас иемін жүйріктікке» — дей отырып, келесі кезеңімізді бастаймыз.

IV.Эстафета: Шарты: Қапшықпен секіру арқылы тапсырмаларға жетіп бір тапсырманы орындайды,қапшықты алып орнына қайтады. Келесі оқушы жалғастырады.

І топқа:

1.Ондық бөлшектерді салыстыр:

А)52,6 және 8,445 Ә)63,2 және 63,25 Б)72,99 және 72,98

2.Теңдеуді шеш:

(х – 16)*9=126

3.Амалды орында:

45*28 – 290

4.Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: 12586

5.Тік төртбұрыштың ені 12см, ұзындығы 16см. Тік төртбұрыштың ауданын тап?

6.Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жаз:

7.ЕКОЕ(6,14)=?

8.ЕҮОБ(12,32)=?

ІІ топқа:

1.Ондық бөлшектерді салыстыр:

А)54,6 және 81,445 Ә)43,02 және 43,11 Б)72,99 және 73,99

2.Теңдеуді шеш:

(х + 76):7=15

3.Амалды орында:

98*14 +28

4.Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: 25689

5.Тік төртбұрыштың ені 12см, ұзындығы 16см. Тік төртбұрыштың периметрін тап?

6.Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жаз:

7.ЕКОЕ(6,13)=?

8.ЕҮОБ(30,42)=?

V тур. Спорттық терминдер (топпен 1 минутта спорттық терминдер жазу керек)

  Білім деген биік шың

         Бақытқа сені жеткізер

         Білім деген ақылшың

         Қиындықтан өткізер.

VI тур.Топ басшылар сайысы: (математика және спорттан алған білімдерін тексеру)

І топ:

1.Сәуле дегеніміз не?(Басталу нүктесі бар,аяқталу нүктесі жоқ түзу)

2.Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті? (көбейткіштердің орны ауысқанымен мәні өзгермейді)

3.Теңдеу дегеніміз не? (құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік)

4.Сүйір бұрыштың градустық өлшемі? (90 градустан төмен бұрыш)

5.Бұрыс бөлшек дегеніміз не? (Алымы бөлімінен үлкен болса бұрыс бөлшек болады)

6.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз? (Олардың алымарын қосып,алым етіп,сол бөлімнің өзін қалдыру керек)

7.Рио олимпиадасында 69 кг салмақта қандай спортшы алтын алды? (Данияр Елеусінов)

8.2014 жылғы қысқы олимпиада қай елде өтті?       (Сочи)

9. Шахматта «пат» ұғымы нені білдіреді?       («тең ойын»)

ІІ топ:

1.Координаталық сәуле дегеніміз не? (Бастапқы нүктесі бар, оң жаққа қарай бағытталған сәуле)

2.Қосудың ауыстырымдылық қасиеті? (қосылғыштардың орны ауысқанымен қосындының мәні өзгермейді)

3.Бұрыш дегеніміз не? (бір нүктеден басталатын екі сәуледен құралған фигура)

4.Доғал бұрыштың градустық өлшемі? (90 градустан үлкен 180 градустан кіші бұрыш)

5.Дұрыс бөлшек дегеніміз не? (Алымы бөлімінен кіші бөлшек)

6.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай азайтамыз? (азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып,алым етіп жазып,сол бөлімнің өзін қалдыру керек)

7.Рио олимпиадасында ауыр атлетикадан күміс алған қазақтың қызы? (Жазира Жаппарқұл)

8. Бокстан Қазақстан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы?(Бекзат Саттарханов)

9.Шахмат тақтасында қанша ақ, қанша қара шаршы бар?(32 ақ, 32 қара)    




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2068
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі