Материалдар / Сайыс сабақ "Математикалық эстафета" 10сыныптар арасында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ "Математикалық эстафета" 10сыныптар арасында

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды бәсекелестікке үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
3394
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:__________________

Күні: 22/11/2018ж.

Сыныбы: 10 «А,Ә»

Пән мұғалімі: Нұрымбетова Раушан.

Математикалық эстафета

Мақсаты:  

 1)ойнап жүріп,ойлау білуге;

2)ауызша және тез есептеуге;

3)логикалық ойлау қабілетін дамытуға;

4)тапқырлыққа,іздемпаздылыққа,белсенділікке үйрету.

Көрнекіліктер: парта, қалам, есептер, тапсырмалар, екі топтың эмблемасы, сәлемдесу өлеңдері,спорттық ойындар, спорттық құралдар (секірте, арқан,доп,кедергілер)

Жоспар:

1.Жүргізуші сөзі

2.Екі топтың сәлемдесуі

3.1-ойын. Секіртпемен жүгіріп барып, логикалық сұрақтарға жауап жазу;

4.2-ойын. Допты жерге соға жүгіріп барып, сөзжұмбақтар шешу;

5.3-ойын. Кедергілерден жүгіріп өтіп, есептер шығару;

6.4-ойын. Сергіту сәті (арқан тартыс);

7.5-ойын. Топ мүшелері пойыз болып жүру арқылы кедергілерден өтіп, сұрақтарға жауап беру;

8.6-ойын. 2 оқушы арқаларына доп қыстырып барып, адасқан әріптерден математикалық термин сөздерді табу;

9.Қорытынды сөз.

Жүргізуші: Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын,білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қош келіпсіздер құрметті оқушылар,қонақтар! Сіздер бүгін математика жайлы көптеген мағлұматтармен танысасыздар.Математика адам ойы арқылы ғана жүзеге асады.Сондықтан математика-адам ойын тәртіпке келтіретін ғылым деп саналады.Қазір біз сендердің бойларындағы қабілеттеріңді шыңдауға математикалық сайысымызды бастаймыз.

Сендерден тек шапшаңдық,ұқыптылық,шыдамдылық талап етіледі.Сіздерге сәттілік тілеймін.

Алдарыңызда бүгінгі сайысқа қатысатын «Архимед» және «Пифагор» тобы,әр топтың топ басшысы  бар.

«Архимед» тобы ұраны

Шаршы алаңға жарысқа

Шықты біздің тобымыз.

Жеңілсек те,жеңсек те,

Ашық болсын жолымыз!

«Пифагор» тобы ұраны

 Құрметтеп бар ғылымды,ой-сананы

Тапқырлар тобы сәлем беріп қарсы алады

Сандар сырының құпиясы сайысында

Қашанда тапқыр болам деп ой салады!

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар!Бүгінгі математикалық эстафета ойынымызды  әділ бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Олар:

1.———————————————————————————————————————————————

2.———————————————————————————————————————————————

3.———————————————————————————————————————————————

 Жүргізуші:

Әділқазы,ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл.

Достықпенен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қарақылды қақ жарып әділқазым,

Еңбегін «Тапқырыңның» әділ сына-дей келе 1-ойынымызды бастаймыз.

1-ойын  «Секіртпемен жүгіріп барып, логикалық сұрақтарға жауап жазу»

  1. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)

  2. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды? (галактика)

  3. Диаметрдің жартысы? (радиус)

  4. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар (құрама сандар)

  5. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (Дұрыс бөлшек)

  6. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

  7. 1/10 санының кері саны? (10)

  8. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

2-ойын  «Допты жерге соға жүгіріп барып, сөзжұмбақтар шешу»

3-ойын  «Кедергілерден жүгіріп өтіп, есептер шығару»

4-ойын. «Сергіту сәті» (арқан тартыс)

5-ойын « Топ мүшелері пойыз болып жүру арқылы кедергілерден өтіп, сұрақтарға жауап беру»

6-ойын. «2 оқушы арқаларына доп қыстырып барып, адасқан әріптерден математикалық терминдерді табу»

 Жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,

Есеп тану пәні бар.

Сабағыңды оқысаң

Өміріңде жолығар.

Сайысымыз өз мәресіне жетіп келеді сөз кезегін әділқазыларға береміз.

53 ұпай санымен «Архимед» тобы алға шықты.

Сабақтың тақырыбы: Математикалық эстафета
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: топтық сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде

Жоспары:
1. Математикалық эстафета
2. Қателеспе
3. Жұмбақтар
4. Шырпымен ойын
5. “Сиқырлы квадрат”
6. Көңілді санау
7. Бірден сызып шық
8. Қорытынды

Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Математикалық эстафета» атты математикалық сайысына қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.).«Жалын» тобы мен «Тұлпар» топтарын ортаға шақыру.
Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

І бөлім. Математикалық эстафета
1. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
2. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды? (галактика)
3. Диаметрдің жартысы? (радиус)
4. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар (құрама сандар)
5. Алымы бөлімінен кіші бөлшек /Дұрыс бөлшек/
6. Санның ең кіші ортақ еселігін қалай табамыз?
7. Оң және теріс сандарды қалай ажыратамыз?
8. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
9. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
10. 1/10 санының кері саны? (10)
11. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
12. Шахмат ойынының отаны
13. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
14.“Миллион” деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы?

Жүргізуші: Келесі «Қателеспе!» деп аталады. Бұл бөлімде таңдап алған фигураларыңыздағы үшбұрыштардың саны қанша екенін айтасыздар.

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау - жеке – жеке сұрақтар қойылады, жылдам тез жауап беруі қажет.

Жүргізуші: IV бөлім. «Ойланып көр» деп аталады. Жұмбақтар оқылады, сол жұмбақтардың дұрыс жауаптарын жазу керек. Әр дұрыс жауап 30 ұпай.

1. Өзі төрт қанатты және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (инелік)

2. Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде
Бірін - бірі көрмейді. (көз)

3. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (қолғап)

4. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр бес ешкі
Екі қоян, үш түлке
Таба алмасаң бос күлкі. (28)

5. Бір - бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан,
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (8)

6. Түйе, бота аң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой. (15)

7. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан - жағына қарамай. (натурал сан)

8. Бүтін, бөлшек бөліктерден,
Барлығыда бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда. (ондық бөлшек)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!