Материалдар / Сайыс сабақ математикалық сауаттылық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ математикалық сауаттылық

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ ға дайындық 10-11 сыныптарға арналған математикалық сауаттылықтан сайыс сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2023
219
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

159 "Еңбекші" орта мектебі





Сыныптан тыс шара


«Көшбасшы - математик»

зияткерлік сайысы


10-11 сыныптар



Пән мұғалімі: Құрманбекова Мейрамкүл Каналбайқызы












Сабақтың тақырыбы: «Көшбасшы - математиктер» зияткерлік сайысы

Сыныптар: 10–11

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, сана - сезімін жан - жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру. Белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау, білімдерін жинақтау, ҰБТ-ға дайындығын күшейту.

Сабақтың түрі: интелектуалды- зияткерлік сайыс

Сабақтың әдістері: сайыс, сұрақтар, тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Негізгі бөлім:

Жүргізуші: -Армысыздар, бүгінгі «Көшбасшы - математик» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым!

Бүгінгі сайысымызға 10 - 11 сынып оқушыларының қатысып отыр.


Сабағымызды бастамас бұрын сайыс шарттарымен таныстырып өтейік.

Сайыс шарттары:

1. Бәйге.

2.Кім жылдам?.

3. "Сиқырлы ұяшықтар".

Жүргізуші: Бүгінгі ойынымызға әділ баға беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:

1. ______________________________________________________________________

2. ______________________________________________________________________

3.______________________________________________________________________


1. Бәйге.

Бұл кезеңде әр топқа жеке алдын ала дайындалған 10 сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 5 ұпай беріледі. Ойлануға 1 мин уақыт беріледі.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

1-топқа:

1. Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

(кері таңбаға өзгереді)

2. Көбейтіндісі 1 - ге тең сандар. (кері сан)

3. Рационал сандар жиыны қандай сан жиындарын қамтиды? (Бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер)

4. Жұп функцияның графигі қай оське симметриялы болады? (ордината осьіне)

5. Сан аралықтарының неше түрі бар? Оларды атаңдар. ( 5 түрі, Кесінді, интервал, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле)

6. Бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)

7. Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)

8. 2 - нің 11 дәрежесі қаншаға тең? (2048)

9. Тік бұрыштан үлкен, жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш (доғал)

10. Әріпті өрнек дегеніміз не? (құрамында әріпі бар өрнек)

2 -топқа:

1. Нөлдік вектордың ұзындығы неге тең? (нөлге)

2. Үшбұрыштардың неше ұқсастық белгісі бар? ( 3 )

3. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді (медиана)

4. Геометрияның кеңістікті зерттейтін бөлімі (стереометрия)

5. Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу үшін қандай формула қолданылады? (дискриминант)

6. Шектеусіз көп қайталанатын бір цифр немесе цифрлар тобы қалай аталады? (период)

7. Жай сан дегеніміз не? (бірге және өзіне ғана бөлінетін сандар)

8. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы неге тең? ( өзімен сыбайлас емес ішкі бұрыштардың қосындысына)

9. Кері пропорционалдықтың графигі ( гипербола)

10. Қандай сандар 5 – ке бөлінеді? (0 және 5 цифрына аяқталатын натурал сандар)

3-топқа:

1. функциясының графигі? (шеңбер)

2. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу (жанама)

3. Сағаттың ¼ -і неше минутқа тең?   (15 минут)

4. Гипотенузаның квадраты катеттерінің квадратының қосындысына тең. Қандай үшбұрыш туралы айтылып тұр? (тікбұрышты үшбұрыш)

5. Үшбұрыштың 9 элементі (3 төбесі, 3 бұрышы, 3 қабырғасы)

6. Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы. (косинус)

7. Ең үлкен хорда (диаметр)

8. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (нөл)

9. Жұп тригонометриялық функция (косинус)

10. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы сандар)



2.Бөлім.

"Кім жылдам"

Қатысушыларға ортақ тапсырмалар ұсынылады.Қай топ шапшаң әрі дұрыс жауап берсе,сол топқа 10 ұпай беріледі.

1 тапсырма:

Егер a b=a+a*b болса, 3 4 өрнегінің мәні нешеге тең?

Жауабы:15

2 тапсырма:

Сұрақ белгісінің орнындағы санды анықтаңыз:

2 6=18

3 5=20

7 2=?

Жауабы:16

3 тапсырма:

Екі орамда бірдей маталар болды. Бірінші орамнан 10 м, екіншісінен 40 м кесіп алғанда, бірінші орамда екінші орамға қарағанда 2 есе артық мата қалды. Бастапқыда әрбір орамда қанша метр мата болғанын анықтаңыз.

Жауабы:70м

4 тапсырма:

2,1; 3,5; 4,6; 2,1; 0,3; 0,6; 4,6; 2,1 сандардың модасын табыңыз.

Жауабы:2,1

5 тапсырма:

Кездейсоқ алынған екі таңбалы санның жай сан болу ықтималдылығын анықтаңыз.

Жауабы:7/30

6 тапсырма:

5 орындыққа үш оқушыны неше тәсілмен отырғызуға болатынын анықтаңыз

Жауабы:60


3. "Сиқырлы ұяшықтар". Қатысушыларға математикалық сауаттылықтан

10, 20, 30, 40 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша топ мүшелері сұрақты және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезеңі ұпайы көп топқа беріледі. Сұраққа жауап бере алмаса, жауап беру құқығы қарсыластарына беріледі.


  1. 10 ұпай Сандық тәуелділік : Егер бөлу, азайту амалдарын білдірсе, 84 21⊳ 3 11 өрнегінің мәні

Жауабы:66

20 ұпай Сандық тәуелділік: Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз

3х+6=2х+46

25%

10


7х+5=2х+75

50%

?


Жауабы:7

30 ұпай Сандық тәуелділік: Қанатпен Айдар әрбір кіреберістің әрбір қабатында 4 пәтерден болатын бір үйде тұрады. Қанат 5-ші қабатта нөмірі 83-ші пәтерде, ал Айдар 3-ші қабатта нөмірі 169-шы пәтерде тұрады. Үй неше қабатты?

Жауабы:8

40 ұпай Сандық тәуелділік: Шаруашылық бірлестігінде әрбір 30 бас малдың 12-і жылқы. Жалпы мал басы 220. Әрбір 11 жылқы 15 га жайылымдық жердің шөбін жейді. Шаруашылық бірлестігінде барлық жылқы қанша гектар жердің шөбін жейтінін табыңыз?

Жауабы:120





10 ұпай Анықталмағандық:

Есептеңіз: Қорапта 8 көк шар мен 12 қызыл шар бар. Кездейсоқ алынған бір шардың көк түсті болуының ықтималдығын табыңыз.

Жауабы:0,4 немесе 8/20

20 ұпай Анықталмағандық: С¹°₁₀ +С¹₁₀

Жауабы:11

30 ұпай Анықталмағандық: теңдігі берілген. a+5 өрнегінің мәнін табыңыз.

Жауабы:20

40 ұпай Анықталмағандық:Қызыл, жасыл, көк, сары түсті шарлардың барлық саны 70. Қызылдан басқа шарлар саны 45, жасылдан басқа шарлар саны 50, көктер басқа шарлар саны 55. Осы шарлардың ішінен кездейсоқ алынған шардың сары түсті болу ықтималдығын табыңыз.

Жауабы:1/7


10 ұпай Өзгерістер мен Тәуелділік Екі бидонда 70 литр сүт бар. Егер бірінші бидоннан екінші бидонға 12,5 % сүтті құйсақ, онда екі бидондағы сүт бірдей болады. Бірінші бидонда неше литр сүт болған еді?

Жауабы: 40л

20 ұпай Өзгерістер мен Тәуелділік: 2:3қатынасындағы екі санның қосындысы 30-ға тең. Осы сандардың көбейтіндісі қанша болатынын көрсетіңіз.

Жауабы: 216

30 ұпай Өзгерістер мен Тәуелділік: Кестеде төрт адамның жастарын екі-екіден жұптастыра қосқандағы нәтижелері көрсетілген. Жасы ең үлкені мен ең кішісі:

Сәуле

-

-

-

-

Жоламан

-

-

-

93

Кенжегүл

-

-

87

76

Гүлнар

-

82

99

88


Гүлнар

Кенжегүл

Жоламан

Сәуле

Жауабы:Жоламан-Кенжегүл

40 ұпай Өзгерістер мен Тәуелділік: Айнұр кондитер фирмасына 10 торт жасауға тапсырыс берді. Бір торттың салмағы 0,9 кг. Айнұр ең арзан тортты қандай бағамен алатынын анықтаңыз.

Кондитерлік фирмалар

Торт жасау шығыны

(100 гр үшін тг)

Безендіру құны

(1 дана үшін)

Жеткізу құны

(тг)

А

450

200

900

В

500

350

950

С

400

400

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!