|
Сабақ №103 Ғажайып математика |
Мектеп: М. Ғабдуллин атындағы №52 жом |
|||
|
Күні: 13.02.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Енсегенов Кайрат |
|||
|
Сынып: 5 «А» |
Қатысқан оқушы саны: 21 |
Қатыспаған оқушы саны: |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
математикалық термин ұғымдарын меңгеру; ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау; математика пәніне қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту |
|||
|
Сабақтың мақсаты |
математикалық термин ұғымдарын меңгереді; ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындайды; математика пәніне қызығушылығы арттады, ойлау қабілетін дамиды теориялық алған білімін практикада қолдана алады. |
|||
|
Тілдік мақсат |
|
|||
|
Құндылықтарды дамыту |
Әділдікке, патриоттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту |
|||
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылстану, геометрия, тұрмыста қолдана алу |
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
интернет ресурстары (сайттар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, фигуралар |
|||
|
Бастапқы білім |
|
|||
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер |
|||
|
Басы 5 минут |
Ұйымдастыру сәті 1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, мынау ойынға жиналған қауым! Бүгінгі сайысымызды тамашалауға қош келдіңіздер! 2-жүргізуші: Бүгінгі күн ерекше күн болмақ. Себебі, қаһарлы қыстың соңғы айының осынау алғашқы күндерінде бастауышпен кеше ғана қош айтысып, орта буынға енді қосылған 5 сынып оқушыларының білімі сынға түспек. 1-жүргізуші: Біздің мақсатымыз: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой-өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін дамыту, өмірде кездесетін қиыншылықтарды оқушының өзі шеше білуіне ықпал жасау, өз күшіне сенімін арттыру. Топқа бөлу «Қамшы, домбра арқылы бөлу» |
|||
|
Топпен жұмыс |
Айыра біл жақсы менен жаманды, Айыра біл қарындаш пен қаламды. Айыра біл соқпақтарын өмірдің,
Қорытынды. |
|||
|
«Үй тапсырмасына» береміз. |
Әр топ өздерінің дайындап келген сөзжұмбақтарын қарсылас топтарға ұсынады. |
|||
|
Қалыптастырушы бағалау |
Мадақтау арқылы бағалаймын |
|||
|
Полиглот Жауаптарын үш тілде айту |
1-жүргізуші: Өрендерді сайысқа шақырамыз, Сұрақтармен бастарын қатырамыз Сүріндіріп аламыз, ұғындырып, Ғылымның уыз дәмін татырамыз. 1-жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар, Біреуінің арқалаған жүгі бар Біреуінің қатты істейтін миы бар Бәрінің бір жеңістен үміті бар. 1-жүргізуші:«Жеті жұмбақ» бөлімі. Әр топ бір жұмбақтың шешімін айтады. Шешімін таба алмаған топ кезекті бірінші қол көтерген топқа береді. (Слайд арқылы жұмбақтар көрсетіледі.) Үлкені бөліп нәрсені, Кішісі алады үлесін. Айырылмай бірге жүрген соң, Екеуіне қойылған бір есім. Бөлетін, алатын екеудің Есімін сен де білесің. Алдыңнан шығып күн сайын Жиі кездесіп жүресің. (Бөлшек. Дұрыс бөлшек.Дробь правильная дробь ) Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек. Шіңкілдек жүр шіңкілдеп. Сенімен бірге жүрем деп. Әр тоңқылдаққа діңкілдеп, Тоңқылдақ жүр күңкілдеп. (Цифрлар –цифры) Ол оқушы құралы, Қатеңді түзеп тұрады. (Өшіргіш- стерка) Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді, Дегенменен тұмсығынан өледі. (Қалам – карандаш) Он екі ақ парақ- Он екі ақ қанат, Жауабы әсем-ақ, Сызылған тақталап. (Дәптер – тетрадь) Апалы-сіңлілі келеді, Біріне-бірі ереді. (Екі аяқ – ноги) Төрт аяғы болғанымен Жүре алмайды өзінше. (Үстел – стул) Бір атқанда он алдым, Он атқанда мың алдым. (Тұқым – семена) |
|||
|
«Басбармақ» әдісі мен бағалаймын |
|
|||
|
«Ойымды жалғастыр... ойыны |
2-жүргізуші: Ойланайық азырақ, Уақытыңды үнемдеп, Жалғасын мен білем деп,-дей келе ,кезекті «Ойымды жалғастыр... » атты бөлімге берсек. 1-жүргізуші: Мақал-мәтел қазағымның мұрасы, Мақал білген қазағымның баласы. Мақал айтып жарысады жеті топ, Қай топ мақал-мәтелді, Біледі екен өте көп? Мақалдың жалғасын таба алмаған топ кезекті бірінші қол көтерген топқа береді. (Әр топқа слайд арқылы мақал-мәтелдердің жалғасын табу ұсынылады). І топ. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз). Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішер). І топ. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл). Арсызға(алты) күн мейрам. ІІ топ. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына). Бірдің кесірі (мыңға тиер). ІІ топ. Өтіріктің құйрығы (бір-ақ тұтам). Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ). ІІІ топ. Ер егіз, (еңбек жалғыз). Дос егіз, (дұшпан сегіз). ІІІ топ. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге жайылар). Алпы қарсақ (ат) болмас. |
|||
|
«Блок ағашымен» бағалаймын |
|
|||
|
Сергіту сәті: |
Бір сан айтылады. Егер ол сан қандай да бір санның квадраты болса, оң қолдарыңды, кубы болса, сол қолдарыңды,егер бір уақытта квадраты да, кубы да болса, екі қолдарыңды көтеріңдер. Мысалы: 9, 25, 27, 4, 81, 8, 64, 16 |
|||
|
«Кім мықты?» «Логикалық есептерге» |
1-жүргізуші: Кезекті «Кім мықты?» кезеңінің соңғы бөлімі «Логикалық есептерге» берейік. Бұл бөлімде логикалық есептер ұсынылады, сөз бірінші қол көтерген топқа беріледі(Слайд арқылы логикалық есептер көрсетіледі). №1. Бір бөлмеде бір ата, екі әке, екі бала отыр. Барлығы неше адам отыр? Неліктен? (ата, әке, немере). №2. Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн-жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған? (6 лақ) №3. Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда былай деп жауап берді: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар». Бұл кісінің қанша баласы бар? (үш қыз, үш ұлы). №6. Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеді? №8. Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут). |
|||
|
Жеке жұмыс 10 минут «Старт» «Кім жылдам» |
Оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмаларды қолдану А деңгейінің есептері № В деңгейінің есептері № С деңгейінің есептері №
1)0,67=4,2 2) 0,5*0,8=0,4 3)1,30,3=0,39 4) 4,8*2=9,6 5) 5,1*8=40,8 6) 2,5*5=12,5 7,22*0,08; 5,81*1,5; 1,42*0,3; 180*5,2; 0,14*0,25; 16,03*0,6; 3,52*0,12 ; 8,8*45 |
|||
|
«Медальмен тағу» әдісімен Бағалау |
|
|||
|
|
1-жүргізуші:Сонымен, бүгінгі «Ғажайып математика» атты сайысымызда қай топ жеңіске жетті екен, соны білейік. Сөз кезегі –әділқазылар алқасында! (Әділқазылар алқасы жеңімпаз топтарды жариялайды). 1-жүргізуші: Сайыстың соңғы сәті таяп қалды Демейміз «Өнерлерін аяп қалды». Жеңімпаз тобымызды анықтадық . Осылай сөзіміз де аяқталды. 2-жүргізуші: Біз сіздермен қоштаспаймыз, Алда әлі асулар бар, Биіктерді бағындырып Асулардан асыңыздар! 1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын құттықтаймыз! 2-жүргізуші: Жеңістеріңіз құтты болсын! |
|||
|
Соңы 5 минут |
Сабақты бекіту Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек ...» әдісі Үйге тапсырма: |
|||
|
Саралау – тапсырма тәсілі бойынша білім деңгейі әр түрлі оқушыларға «Смарт» әдісін пайдаланамын |
Бағалау – мадақтау, басбармақ, блок ағашы әдісі арқылы оқушыларды бағалаймын. |
|
Саралаудың қарқын тәсілі бойынша білім деңгейі жоғары оқушыларға бір шама уақыт беріп, логикалық тапсырмаларды орындатамын |
Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау |
|
Сабақ бойынша рефлексия Әділқазы арқылы қорытындылаймын |
|
|
Жалпы баға Таңдау әдісі бойынша керібайланыс жасаймын. |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сайыс сабақ. Математиканың ғажайыптары. 5-сынып

шағым қалдыра аласыз