Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сайыс сабақ: "Нағыз қазақ жігіті"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сынып жетекшісі
:Оспанова Гульмира
Жолмагамбетовна
Тақырыбы: Нағыз
қазақ жігіті-2018
Мақсаты: 1. Ата
салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы
қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың
бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу,
өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалаыптастыру,
дамыту.
3. Ата салтын
ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына
сіңіре білер ұрпақты
тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:
Нағыз қазақ жігіті – 2018 тақырыбы, мақал- мәтелдер, байқауға
қажетті құрал – жабдықтар, шарлар
т.б.
Байқау барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1-жүргізуші:
Несібелі.
- Құрметті
ұстаздар, ата- аналар,
оқушылар!
Қадірлі
қонақтар! Бүгін бізде Нағыз қазақ жігіті-2018 атты бойына өршіл
рухы бар, парасатты жігіттер сайысы
өтпекші.
2-жүргізуші:
Ақмарал
Нағыз кәусар
жігітті,
Нағыз қайсар
жігітті,
Нағыз бұлбұл
жігітті,
Нағыз дүлдүл
жігітті,
Анықтайтын кез
келді!
1-жүргізуші:
Несібелі
Уа, халайық,
халайық,
Мұнда назар
салайық!
Ата жолын
жалғамақ
Ел дәстүрін
қолдамақ
Ел намысын
қорғамақ,
Ұлдар шықсың
ортаға,
Бүгін сұлтан
атанбақ! Дей отырып, ортаға Нағыз қазақ жігіті байқауына қатысушы
сайыскерлерімізді қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық! Қарсы
алыңыздар!
2-жүргізуші:
Ақмарал
Нағыз қазақ
жігіті байқауына қатысушы сайыскерлердің ақыл- парасаты мен
өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс
болыңыздар!
1.
2.
1-жүргізуші:
Несібелі.
Қайсысы әнші,
кім биші,
Талабына
қарайық.
Кімдер зерек,
кім жылдам,
Таланттарын
табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен
таныстырып өтейін:
I. Бөлім
Тегімді менің сұрасаң... өзің
таныстыру.
II. Бөлім
Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес өнер
сайысы.
III. Бөлім
Білімді мыңды жығады салт – дәстүрге байланысты сұрақ- жауап
сайысы.
IV.Бөлім Ердің
асылы күшінен білінеді Қол күресі,гір
көтеру.
V. Бөлім Мақал-
мәтел сайысы
2-жүргізуші:
Ақмарал.
Ақыл- көрік
бойларында жетеді,
Әлі талай
сынақтардан өтеді.
Мына отырған
баршанызды өзімен
Тез арада
таныстырып өтеді –
деп,
Тегімді менің
сұрасаң... өзін таныстыру сайысың
бастайық
1-жүргізуші:Несібелі : Ортаға 1-
сайыскерімізді шақырамыз.
Сайысқа келіп
қалыпты
Жүрек жұтқан
батылым
Нұрдәулетіміз
елгезек,
Алады тез
тіліңді.
2-жүргізуші:
Ақмарал : Ортаға 2- сайыскерімізді
шақырамыз.
Екінші ұл
Бекзаттың
Өн бойында бар
талап
Ән салуға
жалықпайды
Шаршамайды,
сірә бір.
1-жүргізуші:
Несібелі: Ортаға 3- сайыскерімізді
шақырамыз.
Тілеулесте
өнерлі
Игерген бар
өнерді
Жолың болсын
Тілеулес
Өнеріңді төк
,енді
2- жүргізуші:
Ақмарал: Ортаға 4- сайыскерімізді
шақырамыз
Қарсы алайық
Байтеев Ерасылды,
Күші көп оның
қарашы.
Таныстырып өтер
өзін
Дүйім жұрттың
алдында
1-жүргізуші:
Несібелі: Ортаға 5- сайыскерімізді
шақырамыз
Белсенді де,
беделді
Шақырайық
ортамызға Бақтиярды
Өнерімен
сусындатсын көрерменді
Бақтияр деген
жігіт көрікті
2-жүргізуші:Ақмарал : Ортаға 6-
сайыскерімізді шақырамыз
Сегіз қырлы бір
сырлы
Біздің
Нұрсұлтан өнерлі
Қолдары оның
шебер-ақ
Игерген өнердің
барлығын
1-жүргізуші:Несібелі :Ортаға 7-
сайыскерімізді шақырамыз
Сері болған
Ерасыл
Өрге жүзсін
өнерің,
Таудай болсын
талабың.
Қуанышпен
жанарың,
Шоқтай болып
жансын.
1-жүргізуші:Несібелі
1-Бөлім.
Тегімді менің сұрасаң... атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің
бағасын сұраймыз.
2-жүргізуші:
Ақмарал
Парасатты ер
жүрек,
Ақылымен әр іс
біледі.
Өнерің барда
жігіттер,
Тоқталып сірә,
іркілме.
Жұрт қарасын
қызығып,
Бәрекелді! деп
шіркінге, - дей отырып,
сайысымыздың
Жігітке жеті
өнер аз, жетпіс өнер көп
емес
2- бөлімді
бастаймыз.
2-бөлімЖігітке
жеті өнер аз, жетпіс өнер көп
емес
бойынша
сайыскерлеріміздің бағасын
сұраймыз.
1-жүргізуші:
Несібелі: Ей жігіттер!
Сендерге артар
міндет көп.
Көтер биік ата
салтын құрметтеп
Ақтай білсең
ата-баба үмітін
Әрбір сөзі –
тәлімі мол бір мектеп.
(
сайыскерлерімізге салт- дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады
)
3-Бөлім Білімді
мыңды жығады бөлімін
бастаймыз.
2-жүргізуші:
Ақмарал: Бірінші –сайыскерге
сұрақ:
Қазақша ай
аттарының аталуын ата.
Жауабы:
Қаңтар,Ақпан, Наурыз, Сәуір, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүек,
Қазан, Қараша, Желтоқсан.
1-жүргізуші:
Несібелі: Екінші сайыскерге
сұрақ:
4- түлік мал
төлдерінің аталуы қандай?
Жауабы: I.
Жылқы малы: Құлын, жабағы, тай, құнан ,
бесті,тұлпар.
II. Сиыр малы:
Бұзау, тана, құнажын мен өгіз,
бұқа.
III. Қой малы:
Қозы, тоқты, Ісек, тұсақ,саулық,
қошқар.
2-жүргізуші:
Ақмарал:Үшінші сайыскерге
сұрақ:
Қазақ халқының
дәстүр-салт, той-томалақтарын атап
шық,
Жауабы: Бесікке
салу,қырқынан шығару, тұсау кесер,сүндетке отырғызу, бет ашар,
көкпар, той бастар.
1-жүргізуші:
Несібелі: Төртінші сайыскерге
сұрақ:
Қазақ халкының
тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер
өткен?
Жауабы: Хандар:
Абылай,Әбілхайыр, Тәуке,Жәңгір
т.б.
Батырлар:
Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай,Наурызбай,
Есет,
Кенесары.
Шешендер:
Жиренше, Бөлтірік т.б.
Билер: Қаз
дауысты Қазбек, Төле би, Әйтеке би,
т.б.
2-жүргізуші:Ақмарал: Бесінші сайыскерге
сұрақ:
5 асыл мен 5
дұшпанды ата.
Жауабы: Бес
дұшпан мыналар: өсек,өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал
шашпақ.
Бес асыл
мыналар: талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым
жасау.
1-жүргізуші:
Несібелі: Алтыншы сайыскерге
сұрақ:
Ұлттық
ойындардың түрлерін ата.
Жауабы:
Ақсүйек,асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу
т.б.
2-жүргізуші:Ақмарал: Жетінші сайыскерге
сұрақ:
Аттың ер-
тұрмандарына нелер жатады.
Жауабы: Жүген,
ішкілік, желдік, тоқым, ер, құйысқан, өмілдірік,үзенкі Аткөрпе,
тартпа,қамшы.
2-жүргізуші:
Ақмарал: Білімді мыңды жығады атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің
бағасын сұраймыз.
1-жүргізуші:
Несібелі: Ей , ер жігіт, ер
жігіт,
Ей, өр жігіт,
өр жігіт.
Атына ерік бер,
жігіт
Күшінді көрсет
, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың Ердің асылы күшінен білінеді
атты 4 бөлімімізді бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттеріміздің
мықтылығын анықтау мақсатында Қол күресі, гір көтеру сайысы
өткізіледі.
1-жүргізуші:
Несібелі: Ердің асылы күшінен білінеді атты бөлім бойынша
сайыскерлеріміздің бағасын
сұраймыз.
2-жүргізуші:
Ақмарал: Мықты болсан талаптарды
орында,
Келді кезек
мықтыларды танытар.
Бұл сыннан да
өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде,
қуана бер, күлімде –
деп,
Мақал-мәтел
сайысы деген бөлімді
бастайық.
( сайыскерлер
конвертті тандап ішіндегі тапсырманы сол бойда
орындайды)
1-жүргізуші:
Несібелі: Мақал-мәтел сайысы атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің
бағасын сұраймыз.
Осымен, Нағыз
қазақ жігіті-2015 атты өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы
мәреге де жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша сыныбымыздың
бір топ биші қыздарының Қазақ биін
тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:
Ақмарал: –Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі
қонақтар,оқушылар!
Өздерінізбен
бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ, Жүйріктен
жүйрік озар жарысқанда демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын
анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.Жеңімпаздарды
номинация бойынша
марапаттау.
1-жүргізуші:Несібелі: – Бүгінгі
сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер
көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы
ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарына нұр жаусын
дейміз!
2-жүргізуші:
Ақмарал: – Өркендерің өссін, мейірлерің үстем болсын! Келесі
кездескенше, күн нұрлы
болсын!
Марапаттау:
1. Бас жүлде-
Нағыз қазақ жігіті – 2018.
2. Дарынды
жігіт.
3. Сегіз қырлы
, бір сырлы.
4. Өнерпаз
жігіт.
5. Парасатты
жігіт
6. Алғыр
жігіт.
7. Шымыр
жігіт.