«100
жаңа есім» бағдарламасы аясында
«Қазақстанның атақты физик ғалымдары»
атты сайыс сабақ.
Тақырыбы:
«Ньютон
әлеміне саяхат»
Орындаған:
Рысбекова А.Р
8-сынып
Өскемен
қаласы
2017-2018жж
Бейнежазба
«Рухани жаңғыру»
Кроссворд
шешу арқылы тақырыпты ашу.
1.
Формуласы қандай энергия?
2. Қысымды
тапқан ғалым.
3. Үйкеліс коэффициентінің
айтылуы.
4. Жылулықты өлшейтін
физикалық шама.
5. mgh қандай энергия?
6.
Механикалық жұмыс күш пен ......көбейтіндісіне
тең.
Тақырыбы:
«Ньютон әлеміне саяхат» ( сайыс сабақ)
сайыс
сабағын өткізу үшін 8а,ә сынып оқушыларынан
2топ құралады.
«Архимед
күші»,«Үйкеліс күші»
Сайыстың
мақсаты:
Оқушыларды
Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге,
жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең
көзқарастарды сіңіру арқылы таным
белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Оқушылардың
физика пәнінен алған білімдерін қолдана
біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой
пікірлерін дамытып, пән ге қызығушылықтарын
арттыруға, іздемпаздыққа тәрбиелеу ,
тапқырлыққа
баулу,ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Оқушылардың
ақыл ойының,шығармашылығының дамуына
жағдай жасау.
2017-2018
оқу жылындағы тәрбие жұмысының басты
ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә.
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды
рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын
оқушылар арасында кеңінен насихаттау
болып табылады.
Сабақтың
өту барысы: 1.Кіріспе бөлімі.
Ойын кезеңдері
I
кезең: Таныстыру.
ІІ
кезең: Бәйге «Сұрақтар»
IІI
кезең: «Жеті жұрттың тілін біл cұрақтың
жауабын
үш тілде айту
IV
кезең: «Ғажайып күштер» Есептер
шығару.
V
кезең: Жанкүйерлерге сұрақ.
Қорытынды
Сабағымызды
бастамас бұрын әділ-қазыларды сайлап
аламыз.
Кіріспе
бөлімі.
Таланттылар
ойланып,толғансын,
Тұлпарлары
топ жарысында жүлде алсын.
Көңілді
тапқыштар,білгіштер,
Бар
өнерін алдарына салады.
Кім
білімді, оқыған болса егер,
Бүгінгі
күннің жеңімпазы болады.
I
кезең: Таныстыру. Әр топ өз тобын
таныстырып қорғайды.
Бейнежазба.
Атақты
ғалымдар туралы және де Қазақстан
ғалымдары: Асқар Жұмаділдаев, Мұхтарбай
Өтелбаев.
ІІ
кезең: Бәйге.
1.
Физика сөзінің мағынасы
Жауабы: Табиғат
2.Механикалық
қозғалыс дегеніміз не?
Жауабы:
Уақыттың
өтуімен дененің басқа денелерге қатысты
кеңістіктегі орнының өзгеруі
3.Жер
төңкергіш ғалым
Жауабы: Архимед
4.«Физиканың
оң қолы химия болса,математика оның
көзі» деген ғалым
Жауабы: М.В.Ломоносов
Ғылымда
эксперименттік зерттеу әдісін алғаш
рет қолданған ұлы итальяндық физик
және астроном
Жауабы: Галилео
Галилей
6.«Жердің
дәл шар емес екенін далаға шықпай,үйде
отырып-ақ қалам ұшымен дәлелдеген»
ғалым
Жауабы: Исаак
Ньютон
Қазақстан
алғашқы ондыққа кірген мойындатқан 5
физиктер.
Видеоролик.
II
кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
Сұрақтың жауабын үш тілде айту
Дененің
жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін
физикалық шама
Жауабы: Энергия,
energy /энежи/
2.Әлемде
не бар болса соның бәрі қалай аталады?
Жауабы:Материя,
matter /мәйте/
3.Траекторияның
ұзындығы не деп аталады?
Жауабы: Жол,
дорого,road /роуд/
4.
Бір зат молекулаларының басқа бір зат
молекулалары аралығына ену құбылысы
Жауабы: Диффузия,
diffusion /диффузион/
6.Жердің
жалғыз серігі
Жауабы.Ай,
луна, moon /мун/
7.Өздігінен
сәуле шығаратын зор энергия көзі
Жауабы:Күн.
Солнце, sun /сан/
Ортақ
сұрақ:
Дененің
өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
Жауабы.Күш,
сила,strength /стрининд/
III
кезең: Ғажайып күштер. Есептер шығару.
І-топ
есептері:
№1.
Массасы
3кг шойын кесектің ауырлық күшін табыңар.
№2.
Суға көлемі 125 м3
болатын дене батырылған, осы денеге
әрекет ететін Архимед күшін анықтаңдар.
Судың тығыздығы 1000 кг/м3.
№3.
Амортизатордың серіппесі 320 Н күштің
әсерінен 9 мм-ге сығылды, қатаңдығы неге
тең?
№4.
Адам массасы 200 кг жүкті итеру үшін.
Қанша үйкеліс күші болады? Сонда үйкеліс
коэффициенті 0,03?
ІІ-топ
есептері:
№1.
Дененің массасы 20 кг. Оған әсер ететін
ауырлық күші қандай?
№2.
Керосинге батырылған көлемі 2·10-4м3
болат шарға әсер ететін Архимед күшін
тап (ρ=7800 кг/м3,
g=9,8 Н/кг).
№3.
4 Н күш әсерінен динамометрдің серіппесі
5 мм-ге ұзарды. Қатаңдығы неге тең?
№4.
Адам массасы 50 кг жүкті итеру үшін. Қанша
үйкеліс күші болады? Сонда үйкеліс
коэффициенті 0,02?
Жанкүйерлермен
ойын:
Жұмбақтар.
а)
Адам организмнің 65 процент
б)
Заттың үш күйінің біреу
в)
Үш күйде де бола алады
г)
Жерде онсыз өмір жоқ, Бұл не? (СУ)
2.
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз
еш жерге бармайсың.
Көлікпен
де,жаяу да
Саралайсың,таңдайсың.
Жауабы: Жол
1.
Қорапта бір физикалық дене бар?
а)
Ғылымда, физикада зерттеу жұмыстары
үшін қолданылады
б)
Беттік ауданы ең аз геометриялық
фигура
в)
Спортшы осы денемен дос
г)
Шар тәріздес
(ДОП)
2.Физика
табиғат туралы ғылым ретінде сөздің
ғылыми мағнасын
байытуда
тарихта «екінші ұстаз» атанған біздің
ұлы бабамыз.
|
Жауабы:Әбу
насыр әл-Фараби.
Қорытынды:
Осымен
бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл
жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік
білмегенді осы жолы,
Тағы
да үйренеміз аман болсақ! – дей отырып
бүгінгі көріп тамашаланған «Ньютон
әлеміне саяхат» атты
сайыс
сабағы өз мәресіне жетті.
Алда
әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол
асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің
күші мен найзаның ұшы керек
емес. Оған тек жүрек пен білім , талант
пен талап керек. Қазақ елінің абыройын
асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар
, талай-талай жаңалық ашар білімділер
керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын
қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне
жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы
үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ
екенімізді сезінейік.
Бейнежазба.
Асқар Жұмаділдаевтың ғалым ағаларымыздың
сөзімен аяқтаймын.