Материалдар / САЙЫС САБАҚ "ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

САЙЫС САБАҚ "ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР"

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАҚСЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2405
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өнерлі өрге жүзеді.


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың технология пәнінен үйренгендерін көпшілікке

көрсету, өз ойларын еркін,ашық айта білуге,

мәдениетті сөйлеуге үйрету. Жас ұрпаққа ата-баба дәстүрі,

әдет-ғұрып туралы мағлұмат беру.

Еңбек туралы ой-өрісін дамытып,өз бетімен әрекеттеніп жұ-

мыс жасауға баулу және іскерліктерін арттыру. Оқушылардың

танымдық жеке шығармашылық икемдігін дамыту.

Эстетикалық талғамын ұштап,өнерге,шығармашылыққа,ұқып-

тылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс сайыс сабақ.


Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер,кеспе қағаздар,сайыс тапсырмалары, жұмбақ-

тар.


Бүгінгі заман талабына сай адам сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек.«Үйрету

үлкеннен,үйрену кішіден» демекші,өткеннің өнегесін,дәстүрдің татымдысын

бала бойына сіңіру әрбір ұстаздың міндеті.

Біздің күнделікті іс-әрекеттеріміз білімге,оқуға,үйренуге бағытталған,бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшаңдақ тапқырлық та өте қажет.

Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады;

  1. Сәлемдесу.

  2. «Мақалды жалғастыр» сайысы.

  3. Жұмбақтың шешуін тап.

  4. Үй тапсырмасы.

  5. Бәйге.

  6. «Әрі дәмді,әрі тез» салат жасау.


Жүргізуші; Өнер,білім,өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділ-қазы алқаларын.

Әділ-қазылар алқасын таныстыру.


Жүргізуші: Бірінші сайысымыз «Сәлем -сөздің атасы» демекші әр топтың сәлемдесуі, топтарын таныстыруы.


  1. сайысымызды бағалайық.


Жүргізуші: Келесі бөлім «Мақалды жалғастыр» сайысы.Мақалдың екінші бөлігін табу.


  1. Еңбек етсең ерінбей.

(Тояды қарның тіленбей)


2. Өнерлінің қолы алтын,

(Өлеңшінің сөзі алтын)


  1. Еңбектің наны тәтті,

(Жалқаудың жаны тәтті.)


Еңбексіз елге (сыймас)


Істеу қиын,

(Сынау оңай.)


Еңбекшіге әр күн сәт,

(Еңбексізге бір күн сәт.)


Еріншектің (ертеңі бітпес.)


Орақ ұстап әкең қалғанша,

(Оймақ ұстап шешең қалсың.)


Жеті рет өлшеп,

(Бір рет кес.)


Ақты төкпе,

(Сиырды теппе.)


Асыл қайшы пішуге сән,

(Күміс қасық ішуге сән)


Құрғақ қасық (ауыз жыртыр.)


Шешесін көріп қызын ал,

(Ыдысын көріп асын іш.)


Көз қорқақ,(қол батыр)


Адамды адам еткен (еңбек)


Жылқыда өт жоқ,

(Құста сүт жоқ.)


Оқу инемен (құдық қазғандай.)


Өз үйінде ою оймаған,

(Кісі үйінде сызу сызбас.)



  1. сайысымызды бағалайық.


Жүргізуші: 3 бөлім «Жұмбақтар шешу»


Ал кәнеки,қыздар ,ойнайық,

Ойнайық та ,ойлайық

Қандай жұмбақ болсада

Шешпей оны қоймайық—дегендей жұмбақ шешіп көрейік.


Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)


Арық ат қарны қабысқан,

Бір көлді ішіп тауысқан. (қасық)


Қимылдаса қос шебер

Қыруар-қыруар іс өнер. (қол)


Кйім деуге жатпайды,

Киімді кірден сақтайды. (алжапқыш)


Инеден бір елі қалмайды,

Бөлшектерді тігіспен жалғайды. ( жіп)


Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (шәйнек)


Суда туады, суда өледі. (тұз)


Біреуге киін дейді,

Ал өзі киінбейді. (тігін машинасы)


Саусаққа киіп едім тобатай,

Инені жүгірттім оп-оңай. (оймақ)


Сүңгіп барып бұл мықты,

Бүтіндейді жыртықты. (ине)


Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда

Бәрі содан шығады

Ірімшік, май,құртың да. (сүт)


Екі семсер айқасқан

Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)


Дәмді –дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан)


Тұмсығы мықты

Қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)


Ал ендеше 3 бөлімді бағалайық.


  1. сайысымыз үй тапсырмасы әр топ өз қолөнерімен таныстырып өтсін.


Қандай жақсы майысып тұрғандарың,

Бойыңа жинағандай өнер бағын.

«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой,

Біздің қыздар көрсетсін бұйымдарын.

Жүргізуші: Әділ-қазылар алқасы бағалап жіберсеңіздер.


Жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ-жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты.


Әр топқа 10 сұрақ беріледі тез әрі нақты жауап беру керек.


  1. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды,синтетикалық)

  2. Қазақстанда мақта өсетін аймақ? (Оңтүстік Қазақстан)

  3. Құрақ қандай фигуралардан тұрады? (геометриялық)

  4. Қазақтар қандай баскиімді аруларға лайықты деп білген? (қасаба)

  5. Балық фаршынан дайындалатын тағам? (паштет)

  6. Қамырдың негізі: (ұн)

  7. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам? (құрт)

  8. Ашытқыны күшейту үшін ашытпалы қамырға аздап ... қосылады? (қант)

  9. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше: (түскиіз)

  10. Аналарымыздың ақ,кіршіксіз,мөлдір таза ниетін көрсететін баскиім: (ақ жаулық)

  11. Мода сөзінің аудармасы: (сән)

  12. Мақта неше жылдық өсімдік? (бір)

  13. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш,оймақ,ине)

  14. Құрақтың қандай түрлерін білесің? (жұлдыз,ботагөз,тырна қатар,шаршы,шахмат)

  15. Қасқыр,түлкі,қарсақ секілді аңдар терісінен тігілген тон: (ішік)

  16. Ақ киізден тігілетін жаздық баскиім: (тақия)

  17. Уақытша тігістің түрі: (көктеу)

  18. Қалыңдық киетін баскиім: (сәукеле)

  19. Жеңсіз жаздық киім: (қамзол)

  20. Шашқа тағатын әшекей: (шашбау)



  1. сайысымызды бағалайық.


  1. «Әрі дәмді, әрі тез» салат жасау сайысы.


Табылар бойларынан нелер білім,

Арқалап келіп өнер жүгін.

Бүгінгі дәмді тағам салаттардан

Көреміз сайыскерлер шеберлігін.


Жүргізуші: Әділқазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.


Қорытындылау.


Көгере бер, өсе бер,

Өмір жолы еңбекпенен шешілер

Шыңға шығар шынар болып шынайы,

Кездеспесін ешқашан да кесірлер.


Барына риза болсын көрермендер,

Осыменен бұл сайысты тамамдасақ.

Байқауда білгенді де білмегенді,

Тағы да үйренерміз аман болсақ.


Жеңімпаздарды марапаттау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!