400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Сайыс сабақ "Озық ойлы оқушы"

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа арналған сайыс сабақтары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Озық ойлы оқушы

Күні: 20.02.2018

Пәні: Информатика

Тақырыбы: Информатика әлемінде сайысы

Мақсаты:

А) Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін еске түсіру  арқылы білімдерін тереңдету;

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге деген   қызығушылықтарын арттыру;

Б) Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Армысыздар,  ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі «Информатика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сонымен қатар сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1. «Ақпарат тобы»_________

2. «Информатика тобы» _______________

Сайыс екі команда арқылы өтеді.  Сайысқа қатысатын командалар:

         I топ – «Ақпарат тобы»

         II топ – «Информатика тобы»

Сайыс 6 – кезеңнен  тұрады. Кезеңдері:

1. « Кім жүйрік?»
2. « Мақал сөздің мәйегі»
3. «Қас қағым сәт»
4. «Полиглот»
5. «Кім жылдам?»


  1-кезең: «Кім жүйрік?
1-топ

1. Компьютердің миы         (процессор)

2. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)

3. Ақпараттық ең кіші өлшем  бірлігі (бит)

4. Зиянкесті программа  (вирус)

5. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (монитор)

6. Көп пернелі құрылғы (пернетақта)

7. Сырдқы жад  (диск)

2-топ

1. Компьютер бұл мамансыз жұмыс істемейді     (программист)

2. Сандер мен әріптерді енгізу құрылғысы   (пернетақта)

3. Ақпараттың сандық көшірмесін шығаратын құрылғы? (сканер)

4. Сурет салуға арналған программа? (Paint)

5. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)

6. Принтердің неше түрі бар? (3)

7. Мәтінді жою пернелері (Delete, Backspace)

2-кезең: «Мақал сөз мәйегі». Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу керек.

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.     (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады                             (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас       (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім              (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Білмесең, «анықтама»-дан сұра             (Білмесең білгеннен сұра)

6. Компьютер тіршілік көзі                         (Су тіршілік көзі)

3-кезең: «Қас-қағым сәт».

I – топ: « Ақпарат тобы»»

1. Информатика пәні нені зерттейді ?

Жауабы: (Ақпараттық процестері)

2. Қолданбалы программаларды ата ?

Жауабы: (Word, Excel, Access, Power Point)

3. Модем қандай қызмет атқарады ?

Жауабы: (Интернет  жүйесіне  қосатын   құрылғы)

4.Деректерді сақтауға арналған программа ?

Жауабы: (жады)

5. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған программа ?

Жауабы: (Word)

6. Ақпарат қандай мағына білдіреді ?

Жауабы: (түсіндіру, баяндау, ақпарат)

7. Компьютердің қандай түрлерін білесіңдер ?

Жауабы: (қалта, планшеттік ДК, тасымал  компьютерлер)

8. Ең алдымен адамдар есептеулерді қалай жүргізді ?

Жауабы: (тастар мен ағаштардан)

9. Paint графикалық редакторының құралдар тақтасында неше құрал орналасқан ?

Жауабы: (16)

10. Құжатты қағазға басып шығар жолы ?

Жауабы : (Файл – Печать)

II  топ: «Информатика тобы»

  1. Компьютер дегеніміз не ?

                   Жауабы: (ақпараттық процестерді жүзеге  асыратын құрал)

  1. Стандартты программаларды ата ?

                    Жауабы: (Word Pad, Paint, блокнот)

  1. Вирусты тауып жоятын программа ?

                    Жауабы: (Антивирус)

  1. Сандар нешеге бөлінеді ?

                    Жауабы: (бүтін және нақты)

  1. Жойылған нысандар орналасатын қапшық ?

                    Жауабы: (Себет)

  1. Принтердін неше түрі бар ?

                    Жауабы: (3)

  1. Informatio қай елдің сөзі ?

                    Жауабы: (латын)

  1. Раіnt графикалық редакторының терезесі неше бөлімнен тұрады ?

                    Жауабы: (6)

  1. Ең алғашқы программаны жазған адам  ?

                    Жауабы: (Ада Лавлейс)

  1. Құжатты сақтау жолы ?

                    Жауабы: (Файл – Сохранить)



4-кезең «Полиглот» бұл кезеңде компьютер құрылғыларына байланысты жұмбақтар жасырылады. Жұмбақтың жауабын орыс, ағылшын тілдерінде айту


Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар  көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын (
тышқан – мышка – mouse)

  1. Қанша тетік тізілген
    Саусағыңды сезінген
    Барлық сенің ойыңды
    Компьютерге енгізген (
    пернетақта – клавиатура –  keyboard)

  2. Компьютермен енеді,
    Қағазға басып береді.
    (басып шығарғыш – принтер – printer )

  3. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер – курсор – mouse pointer)

  1. Өзі темір, жаны жоқ.
    Ақпаратты сақтап таратқан,
    Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер – компьютер – computer)

  2. Барлық сурет, мәтінді
    Компьютерге енгізген
    Керек емес жерін де
    Компьютерден өшірген   (мәтіналғы – сканер – scanner)

5- кезең «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?

М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А

Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.

Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылады.
Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Озық ойлы оқушы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16.03.2018
889
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі