«Қазақ
тілінің білгірі» атты тіл байқауы
Қатысушылар: 5-6 сынып
оқушылары
Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілін білудің
маңыздылығын түсіндіру; тіл жайлы білімдерін айқындау және
толықтыру; ойлау, жүйелеу қабілеттерін шыңдау; оқушыларды қазақ
тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы:
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі өткізіліп отырған
«Қазақ тілінің білгірі» атты тіл сайысына қош
келдіңіздер!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ,
кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті,
кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды
бауырыңа,
Ақ
қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! – деп жырлаған екен сыршыл ақын
Мағжан Жұмабаев. Ендеше қазақ тілі өз мәртебесін жоғалтпай,
күннен-күнге өркендей берсін.
Тілді білмей мәдениетті
меңгеру мүмкін емес. Қазақ тілі қадамын нық басып, ғұмыры ұзақ болу
үшін атсалысайық.
Рухы – қазақ, ұлты өзге
болса да
Тілі – қазақ, ділі өзге
болса да
Тұғыры бір, ұраны бір
қазақпен,
Мақсаты
бір, арманы бір Алашпен, - дей келе 8 – орыс, өзбек сыныптары
арасында өткізгелі отырған «Қазақ тілі білгірі » танымдық,
тапқырлық сайысына қош келдіңіздер!!!
Сайысқа
сегіз ойыншыдан тұратын екі топ қатысады. Қане, ойыншыларымызды
қарсы алайық!!! 5 сыныптардан құралған «_______________» тобы мен 6
сыныптардан құралған «_______________» тобы. Қошемет көрсетеміз!
(ойыншылар өз орындарына орналасады).
Қазылар орнықтырар
әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл
мықты.
Білімі мен тапқырлықтың
жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз
мықты, - демекші, қазылар алқасын таныстырып өтейік.
1.
2.
3.
4.
5.
- Ал қазір қай топ сайысты
бірінші бастайтынын жеребе тарту арқылы білеміз.(Жеребе
тартылады).
Ал,
қанекей, келіңдер,
Біріңе бірің
еріңдер.
Біліміңізді
тексеріп,
Ойынға
қатысып көріңдер, - дей келе, сайыстың кезеңдерімен таныстыра
кетейін.
Сайыс 6
кезеңнен тұрады:
1-кезең.
«Таныстыру»
2-кезең.
«Бәйге» (топ басшыларының сұрақ-жауап сайысы);
3-кезең.
«Адаспай тап» (мақал-мәтелдер сайысы);
4-кезең.
«Тапқыр болсаң шешіп көр» (сөзжұмбақ, ребус шешу
сайысы);
5-кезең.
«Көп сөз – бір мағына» (тұрақты тіркестердің мағынасын ашу
сайысы);
6-кезең.
«Мені түсін» .
Әр
сайыстан кейін топтың берген жауаптарына ұпай беріледі. Қазылар
алқасы қорытынды шығарып, айтып кетуі керек.
Сайыстың бірінші шартын
бастаймыз.
Өнер менен
білімде
Әркімнің
өз жолы бар
Сайысарлық
бүгінде
Өзіңдік
менің үнім бар, - дегендей білімпаз оқушыларымыз өздерін
таныстырсын.
Топтың
аты, топ ұраны, топ басшысы болуы керек. Ал енді топтарға кезек
беріледі. Бірінші кезекте «_________» тобы өздерін таныстырады. Ал
«__________» кезек өздеріңізде. Бастаңыздар!
-
Сонымен сайыстың 1 – шарты бойынша әділқазы
алқаларының екі топқа қойған бағаларын білейік.
-
Ал енді, құрметті сайысқа қатысушы
топтар!
Білім деген биік
шың,
Бақытқа сені
жеткізер.
Білім деген
ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың келесі кезеңін
бастаймыз.
2-кезең.
«Бәйге»
Биыл қазақ халқының біртуар
ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі,
қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175
жылдық мерейтойын тойлағалы отырмаз. Бүгінгі сайысымызға да Абай
атамызға арналған кезең беруді жөн көрдік.
Сайыстың
шарты бойынша топ басшыларына 1 минуттан уақыт
беріледі. Топ басшылары 1 минут ішінде
Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығына байланысты берілген
сұрақтарға жауап табуы тиіс.
Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан
беріледі.
Сұрақтар:
Жарайсындар! Екі топтың да басшысы өз білімдерін көрсетті.
Қошемет көрсетіп қояйық!
«Көре – көре көсем
боласың,
Сөйлей – сөйлей шешен
боласың», - демекші, сайысымыздың келесі кезеңі
«Адаспай
тап» - деп аталады. Бұл жерде сайыскерлерге берілген мақал –
мәтелдерді керекті сөздер арқылы толықтырып жазып, оқып берулері
қажет. (Оған – минут беріледі). Сайыскерлеріміз тапсырманы орындап
болғанша,
Сегіз қырлы, бір
сырлы,
Біздің балалар
өнерлі.
Саусақтары
майысып,
Меңгеріп те
алыпты
Ән менен
би өнерді, - дей келе бишілеріміздің биін тамашалап отырайық.
Рахмет! (Сайыскерлер жауаптарын әділқазылар алқасына апарып
береді).
4-кезең.
«Тапқыр болсаң шешіп көр», - деп аталады.
Бұл
сайыста топтар үйден құрастырып келген сөзжұмбақ және ребустармен
алмасып,оны 5 минут ішінде шешіп, жауаптарын айту
керек.
Сайыскерлер берілген тапсырманы орындап болғанша, біз
жанкүйерлерге сұрақ қойсақ, «Әзіл – көңіл кілті» деп аталады. Мұнда
сіздер әзіл сұрақтарға жауап берулеріңіз қажет.Олай болса мұқият
тыңдаңыздар әрі ойланып дұрыс жауап беруге тырысыңыздар. Ол
жауаптарыңыз өз топтарыңызға қосымша ұпай болып қосылады. Әр дұрыс
жауапқа бір- бір ______________ беріледі. Соңында ________ жинап,
әділқазылар алқасына беріңіздер.
Көп тіл
білсең – көкжиегің кең болар, - дей келе, сайыстың 5-кезеңіне
келдік. Бұл кезеңде топтар берілген тұрақты тіркестердің мағынасын
ашуы керек. Топтар берген жауаптарын ортаға шығып айтады.
Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі. (Әр оқушы ортаға
шығып, бір тұрақты тіркестен оқып, мағынасын айту
керек).
1 – топқа :
Құрметті әділқазы алқалары,
сайыстың 5- кезеңі бойынша ойыншыларымыздың алған ұпайларымен
таныстырып өтсеңіздер
Келесі кезеңіміз: Топ
басшылар, келіңдер,
Топқа
сұрақ беріңдер.
«Түсін
мені, достарым» деп
Сүрінбей
әрі өтіңдер.
Топ
басшысы берілген сөздерді айтпай, басқа сөздер арқылы немесе
синонимдер арқылы түсіндіреді. Топ мүшелері жасырылған сөзді
табады.
І топ ІІ
топ
Қазақ
тілі – тастамайтын әліппең,
Болғаның
жоқ барлық сырын танып сен.
Қазақ
тілін жақсы көру арқылы,
Достасасын басқа барлық халықпен.
-
Сайыстың 6 – кезеңі бойынша
әділқазы алқаларының ойыншылырға қойған бағаларымен таныс
болайық.
-
Ал, құрметті көрермендер,
біздің сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды. Енді сөз тізгінін
әділқазылар алқасына берсек деймін. Құрметті әділқазылар, топтардың
ұпайларын есептеп, жеңіске жеткен топты жария етулеріңізді
сұраймыз!
-
Ал сайыста жеңіске жеткен « »
тобын жеңісімен құттықтаймыз.Ал « тобына ойында жеңілсеңдер де
өмірде жеңілмеңдер дейміз. Сендердің жеңістерің әлі
алда!
Алтын
бесік –ағайын-жұрт, туғаным,
Дос бөліссе қыза түсер
думаным.
Барлық
ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс жүзінде Тіл
Заңын!
Ал,құрметті көрермендер,осымен 5-6 сыныптар арасында
өткізілген «Қазақ тілінің білгірі танымдық, тапқырлық сайысы да
аяқталды. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп
рахмет!
-Болашаққа ұмтылған жолымыз
бар,
Жарқын өмір тұтқасы
қолымызда.
Осыменен аяқтайық біз
сайысты,
Көріскенше аман-сау болыңыздар!
Сайыс кезеңдері аяқталған
соң, жеңімпаз топ анықталады. Қазылар алқасы жеңген топты
құттықтап, марапаттайды.