Сайыс сабақ "Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ "Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстанның болашағы - білімдік ұрпақ»

Мақсаты

1. Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып, ой - өрісін кеңейту, білімге деген қызығушылығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.

2. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелілік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

Өткізілу формасы: XXI ғасыр көшбашысы интеллектуалдық бағдарлама негізінде

Көрнекілігі: Білім туралы даналық сөздер, мултимедия кабинеті.

Ашылу сәті.

1-жүргізуші: Қазақстан Републикам - бұл менің,

Кең маңдайың сүйгізіп тұр күнге елім,

Ұлан - ғайыр далам берген пейіл бар

Адал достан бөлерім жоқ берерім.

2-жүргізуші: Қазақстан Республикам - бұл менің

Бақ санаған тыныштығын іргенің

Қызғанбаған жер иесі қазағым

Басқалардың бақытты өмір сүргенін,

1-жүргізуші: Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен - ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасу жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориалық,тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұсынумен келеді.Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кенде емес. Ұлы Абай, Ыбырай, Шәкәрім сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес.

2-жүргізуші: Ал Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бой жететін білім моделінен, өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз»-деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған.

1-жүргізуші: Ендеше құрметті жас достар! Білім мен ғылым бәсекесі туындаған XXI ғасырдың, тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақ көшбасшылары білім додасына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ата-бабамыздың қолымен келген қасиетті Тәуелсіздікті берік етер, іргесін сөкпей, алдыңғы 50елдің қатарына жетелер XXI ғасырдың Қазақстандық көшбасшылары, құрметі қонақтар, егемендігіміздің 23 жыл толуына байланысты өткізілетін мектепішілік «Қазақстаның болашағы - білімді ұрпақ» атты тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Олай болса, XXI ғасыр көшбасшысы теледода негізінде өтіліетін зеректік ойынымыздың қатысушылары, төр сіздерде.

2-жүргізуші: Әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

1-жүргізуші: Сайысымызда білімі мен тапқырлағымен саналатын қатысушыларымызбен таныстырар болсақ , №1 қатысушымыз 9-сынып оқушысы Нұржігіт Әмина: – Қандай сынақ болса –дағы беріспе, әрқашан да үміткер бол жеңіске.

2-жүргізуші: №2 қатысушымыз 9-сынып оқушысы Шылмырза Ардана: - Досқа жан-тәнімен берілу сенімді тірек, бақытқа барынша ұмтылуда білімде керек.

1-жүргізуші: №3 қатысыушымыз 9-сынып оқушысы Мыңжасар Айгерім: - Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп.

2-жүргізуші: №4 қатысушымыз 9-сынып оқушысы Дербіс Ұлан: - Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар.

1-жүргізуші: №5 қатысушымыз 9-сынып оқушысы Дербіс Бекнұр: - Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені.

2-жүргізуші: №6 қатысушымыз 9-сынып оқушысы Сүйінбай Қарлығаш: - Бақытты болашақтың қамы үшін, барымды саламын Тәуелсіздік таңы үшін.

1-жүргізуші: Ал, енді сайысымыздың өту барысымен таныстырайық: 1. «Сен білесің бе?» тарих пәні бойынша сұрақтар беріледі)

2-жүргізуші: 2. «Менің таңдаған пәнім – менің болшақ кәсібімнің көрсеткіші»

Ұяшықтарда әр пәннен сұрақтар беріледі.

1-жүргізуші: 3. «Қасиетті жетілік» киелі жеті санына байланысты сұрақтар қойылады

2-жүргізуші: 4. «Кім жылдам?» Математикалық есеп шығарылады

1-жүргізуші: 5. «Мен үш тілді білемін» Қазақша, орысша, ағылшынша жауап беру

2-жүргізуші: 6. «Жолы болғыш адамның орындалар арманы» жеңіп шыққан екі оқушы сайыскерге қойылатын сұрақтар

2-жүргізуші: Ендеше,құрметті сайыскерлер, ағартушы ғалым, Ыбырай Алтынсаринның «Бір Аллаға сиынып, кел балар оқылық» дегендей, «Бір Аллаға сыйынып, кел жастар сайысымызды бастайық»

1-жүргізуші: Сайысымыздың бірінші бөлімі «Сен білесің бе?» деп аталады. Мұнда әрбір сайыскерге 4 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапты құрметті әділ-қазылар алқасы 1 ұпайға теңестіреді.

2-жүргізуші: Бірінші сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1) Қазақ хандығының негізін салушы хан? (Керей мен Жәнібек)

2) Абайдың шын есімі? ( Ибраһим)

3) Абылай ханың кеңешісі кім? (Бұқар Жырау)

4) ҚР - ның жер көлемі қанша?( 2-млн. 724,9 мың шақырм)

1-жүргізуші: Екінші сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1) Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан

хан кім? ( Жәңгір Бөкей ұлы)

2) Исатайдың ақын досы (Махамбет)

3) Тәуелсіз Қазақстанды ең алғаш таныған мемлекет? (Түркия)

4) ҚР-ның шекарасының ұзындығы қанша шақырым?

(3мың шақырым)

2-жүргізуші:Үшінші сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1) Қазақ халқының территориясын кеңейткен, халқының санын

1млн - ға жеткізген (Қасым хан)

2) Қазақтың тұңғыш шешені кім? (Жиренше шешен ХV)

3) ҚР – да «Халық қаһарманы» және «Ғасыр адамы» жоғары

атағын иеленген қайраткер? (Т.Әубәкіров)

4) «Айқап» журналы қай жылдары жарық көрді? (1911-1915жж)

1-жүргізуші: Төртінші сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1) Қай ханның кезінде «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған

заман» деп аталады?

(Тәуке хан)

2) ҚР – да ұлттық волюта теңге қашан айналымға енді? (1993ж

15-қарашада)

3) Қазақстанда қанша ұлт өкілдері өмір сүреді? (130 – дан астам)

4) ҚР Президенті қай жылы сайланды (1-желтоқсан 1991ж)

2-жүргізуші: Бесінші сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1) Қазақта тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған палуан

кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

2) 1912жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу

құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)

3) Үйсіндердің билеушісі қалай аталды? (гуньмо)

4) ҚР-сы қандай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей,

Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Түрікменстан)

1-жүргізуші: Алтыншы сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1) Орыс империясына қарсы қазақ халқының біртұтас

ұлт-азаттық көтерлісінің қолбашысы кім болды?

(Кенесары Қасымұлы)

2) Ақмола қаласы қай жылдан бастан Астана аталды?

(1998ж 6 мамыр)

3) Қ. Р. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997ж 11шілде)

4) Қазіргі ҚР гимінің авторлары? Ж.Нәжімеденов,

Н.Ә.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов)

2-жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Менің таңдаған пәнім-менің болашақ кәсібімнің көрсеткіші» деп аталады. Сайыскерлерге жасырын сандар беріледі. Бұл сандардың астарында әр пәнен сұрақтар беріледі.Осы сұрақтарды таңдау әр сайыскерлердің өз таңдауында.

1.Қазақстан тарихы 2.География 3.Биология

4. Қазақ тілі 5.Әдебиет 6.Физика

1

2

3

4

5

6

1-жүргізуші: 1.Қазақстан тарихы

1.Кеңес өкіметінің негізін салған? (В.И.Ленин)

2. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сулама жылдары.

(1723-1727)

3.Ұлы Жібек жолы қай жерден шықты? (Қытайдан)

4.Жоңғар мемлекеті қай жылы құрылды?(1635ж)

5. Кенесары бастаған көтеріліс қай жылдары болды?

(1837-1847ж)

2-жүргізуші: 2.География

1. Қанша құрлық бар?(6 құрлық)

2. Шөл зонасы Қазақстан аумағының қанша

пайызын алып жатыр?(44% -ын)

3. Қазақстанда ірлі - ұсақты қанша көл бар?(48264көл)

4.Гүрілдеген су деп аталатын сарқырама?

(Ниагара - Солтүстік Америка)

5.Ең таза көл? (Байқал)

1-жүргізуші: 3.Биология

1. Мидың орташа салмағы қанша? (1300-1400)

2.Жүйке жасушалары қалай аталады?( Нейрон)

3. Бүйректің қауіпты ауруы? (Нефрит)

4. Жасушалардың құрылысымен қызметін

зерттейтін ғылым? (Цитология)

5. Ағзада дене салмағының қаншасы қаннан құралады

(5л немесе 6-8%)

2-жүргізуші: 4.Қазақ тілі

1. Сөйлемнің түрлерін ата? (Хабарлы сөйлем,

Сұраулы сөйлем, Бұйрықты сөйлем, Лепті сөйлем)

2.Баяндауыш құрылысына қарай қандай

түрлерге бөлінеді?(Дара, күрделі, үйірлі)

3. Буының қанша түрі бар?( Ашық,тұйық,бітеу)

4. Стильдің түрлері (публицистикалық стиль,

ғылыми, көркем әдебиет, ауызекі, ресми іс-қағаздар стильі

5. Қосымша деген не?(Түбірден кейінгі бөлшекті

қосымша дейміз. ( Мысалы: балық –балықшы)

1-жүргізуші: 5.Салт-дәстүр

1.Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін

берілетін ақшалай заттай сый?( Байғазы)

2. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын

ойын-сауық?(Шілдехана)

3. Сәби қаз турғаннан кейін тез жүріп кетсін деген

тілекпен жасалатын рәсім?( Түсаукесер)

4. Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегі?( Ит көйлегі)

5. Балалардың төбе шашын ұзартып,моншақ

араластырып өсіріп қояды. Бұл тек ер балаға жасалады?

( Айдар)

2-жүргізуші: 6.Физика

1. Белгілі бетке түсіретін күштің ауданы (қысым)

2.Электролиз заңын кім ашқан? ( Майкел Фарадей)

3.Астрономияның негізгі құралы? (Телескоп)

4.Адамның дене температурасын зерттейтін

құрал (градусник)

5. Қысымды кім ашқан? (француз ғалымы Блез Паскаль)


1-жүргізуші: Олай болса, «жеті атасын білген ер, жеті жұртың қамын жер»деп білім тұлпарларын «Қасиетті жетілік» ойына шақырамыз.


1-жүргізуші: Жеті қазынаны ата?(1-сайыскерге)

1.Ер жігіт; 2.Сұлу әйел; 3.Ақыл, білім; 4. Жүйрік ат; 5.Қыран бүркіт; 6. Берен мылтық; 7.Жүйрік тазы;


2-жүргізуші: Жеті ғаламды ата? (2-сайыскерге)

1.Шығыс; 2.Батыс; 3.Оңтүстік; 4.Солтүстік; 5.Аспан; 6.Жер; 7.Жер асты


1-жүргізуші: Жеті жұтты ата?(3-сайыскерге)

1.Құрғақшылық; 2.Жұт; 3.Өрт; 4.Оба; 5.Соғыс 6.Топан су; 7.Зілзала (Жер сілкіну)


2-жүргізуші: Жеті атаны ата. (4-сайыскерге)

Жауабы: 1. Бала; 2. Әке; 3. Ата; 4. Арғы ата; 5. Баба 6. Түп ата; 7. Тек ата.


1-жүргізуші: Жеті жоқты ата. (5-сайыскерге)

1.Жерде өлшеуіш жоқ. 2.Аспанда тіреуіш жоқ. 3.Таста тамыр жоқ. 4.Тасбақада талақ жоқ. 5.Аллада бауыр жоқ. 6.Аққуда сүт жоқ. 7.Жылқыда өт жоқ.



  1. Сайысымыздың келесі бөлімі «Кім жылдам?» деп аталады. Математикалық есеп шығарылады.

  1. (107*5)+(365*4)=1995

  2. 742+216+316+642=1916

  3. (2366/2)-(2424/3)=1991

  4. 2723/7*345/69=1945



1-жүргізуші: Сайысымыздың бесінші бөлімі «Мен үш тілді білемін» деп аталады. Сұрақтарға қазақша, орысша, ағылшынша жауап беру керек.


«Мен үш тілді білемін»

1-сұрақ: қ) ҚР конститусиясы қашан қабылданды?(30 тамыз 1995ж.)

о) Конституция состоит из скольких разделов и статей?(9 разделов

98 статей)

а)What colors is the Kazakhstan flag? (blue and yellow)


2-сұрақ: қ) Жеті жарғыда бір құнның мөлшері қанша? (мың қой)

о)В каком году было принято тенге РК? (15 ноября 1993 года)

а)Who wrote anthem? (Kaldayakov, Nazarbaev, Nazhimedenov)


3-сұрақ: қ) Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)

о) В каком году Республика Казахстан получила

независимость? (16 декабря 1991г.)

a) What is the capital of USA? (Washington)


1-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы бөлімі «Жолы болғыш адамның орындалар арманы» деп аталады.Қалған екі оқушыға 10 сұрақтан беріледі.

Бірінші сайыскерге қойылатын сұрақтар.

1.Орта ғасырларда Түркістан қаласы қалай аталған? (Иасы)

2. «Жеті жарғы» Заңдар ережесін кім шығарды? (Тәуке хан)

3.Вирустың бар – жоғын анықтайтын және жоятын бағдарлама. (Антивирус)

4.Ең атақты дыбыссыз күлдіргі кім? (Чарли Чаплин)

5.Күн мен түн теңелген күн?(22-наурыз)

6.Алматы қандай таудың етегінде орналасқан?(Іле Алатау)

7.Н.Назарбаев қай жылы,қай жерде туылған?(1940ж 6-шілдеде Алматы облысы,Қаскелең ауданы,Шамалған ауылы)

8.Қарағандыда көмір кенін тапқан кім?(А.Байжанов)

9.1917-20жылдарда Алаш орда мемлекеті мен Алаш партиясының ұйымдастырушысы, әрі басшысы болған кім?(Ә.Бөкейханов)

10.Қазақ тарихындағы тұңғыш биші қыз? (Ш.Жиенқұлова)


2-жүргізуші:

Екінші сайыскерге қойылатын сұрақтар.

1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?(Т.Әубәкіров)

2.Қазақстанда қанша облыс бар?(14)

3.31-ші мамыр қандай күн?(Репрессия құрбандарын еске алу күні)

4.2-ші рет Конституция елімізде қашан қабылданды?(1995ж 30тамызда)

5.Мұсылмандық жыл санау қалай аталады?(Хижра)

6.Жоңғарлардың билеушісі қалай аталады? (қонтайшы)

7. «Ленинградтық өренім» деп бүкіл кеңес халқын рухтандырған қай ақын?

(Ж.Жабаев)

8.Елордамыз қашан Астанаға көшірілді? (1997ж)

9.1883-1897жж кіші жүз көтерілісін кім басқарды? (С.Датұлы)

10.Қазақ киносы «Қыз Жібек» кинорежиссері (Ш. Айманов)

1-жүргізуші:

Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділ-қазылар алқасына сөз береміз.Ендеше сайысымыз аяқталды. Сайысымыздың нәтижесі белгілі болды. Сайысымыздың жеңімпазы Нұржігіт Амина болып анықталды.

2-жүргізуші:Тәуелсіздік!

Ұранымсың тіршілікте ұмытпас

Сен арқылы болды міне бар әлемде,

Атақ даңқын еліміздің шығарған,

Мен өзіңе тағзым етем бас иіп.

2-жүргізуші:Білімдарлар бәсекесі-ХХІ-ғасырда өз үлестеріңді табуларыңды тілейміз.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.04.2018
1051
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі