Материалдар / Сайыс сабақ Қызықты биология әлеміне саяхат 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ Қызықты биология әлеміне саяхат 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабақ Қызықты биология әлеміне саяхат атты интеллектуалды сайыс сабақ 7 сынып Оқушылардың танымдық көзқарасын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2022
1818
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 17.05.2022ж. Мұғалімнің аты-жөні: Бектемірова Ақтеңге

Тақырыбы: «Қызықты биология әлеміне саяхат» интеллектуалды сайыс сабақ

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артыру Оқушылардың білімдерін нығайта отырып, табиғатты сүюге, берекелі тіршілігін қорғауға баулу.

Отан сүйгіштікке тәрбиелей отырып, оқушыларды топпен жұмыс жүргізу арқылы бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:


Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Қызықты биология әлеміне саяхат» атты 7 сыныптар арасындағы биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Біздің бүгінгі сайысымыз ІІІ-топтаң, V-кезеңнен тұрады.



Ақыл – тон аңдығанға тозбайтұғын,

Білім – кен, қанша болса азбайтұғын,

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын –

деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын топтарымызды таныстырып өтейін: Қызғалдақ тобы. Бәйшешек тобы. Жауқазын тобы.

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

1. Биология пәнінің мұғалімі:Жантақбаева Назгүл

2. Ұйымдастырушы педагог: Нұрсұлу Матаевна

3. Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Түйешиева Қымбат

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам: Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

І кезең - «Қызықты сұрақтар». ІІ кезең «ОЙЛАН ТАП» ІІІ кезең – Терминдер аукционы IҮ кезең – «Полиглот - тіл өнері» Ү кезең - Бұл қай ғалым?



Тапқыр, білгір, дарынды,

Жарыс бар бүгін арынды,

Биология пәнін сүйсен сен

Ортаға сал барыңды –

деп, сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастайық.

I кезең. «Қызықты сұрақтар». Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.


1) Шай қайнатып шағала, Бәрін шайға шақырды. Келді тоғыз шағала, Неше шағала шай ішті? (10)

2) Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр, әр мысықтың қасында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (4)

3) Жаңбыр құйып тұр. Қарлығаш қандай ағашқа қонады? (Су ағашқа)

4) 1 кг тас ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? (Екеуі де тең)

5) Адам миының қабілеті қандай? Минутына 1000 сөз оқуға жетеді

6) Әлемдегі ең үлкен тірі ағза? Орегондағы алып бал саңырауқұлағы



ІІ кезең «ОЙЛАН ТАП» берілген суреттерге байланысты мақал –мәтел құрастыру керек. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі. 10 ұпаймен бағаланады.

ІІІ кезең – Терминдер аукционы. Бұл кезеңде оқушылар алған білімдерін ортаға салады. Өтілген тақырыптар бойынша термин сөздер оқылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

  1. Жасуша

  2. Қабық

  3. Жануар

  4. Тамыр

  5. Өкпе

  6. Бүйрек

  7. Элемент

  8. Фотосинтез

  9. Жапырақ

ІY-кезең «Полиглот - тіл өнері»  Бұл кезеңде әр топқа жұмбақ жасырылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

1.Ағашта жабысып тұрады

Тұмсығын алмай ұрады

Тоқылдақ – Дятел – Woodpecker

2. Мойны сұрақ белгісі

Бұл қандай көл құсы

Аққу – Лебед – Swans

3. Бұйра тұлымы желмен ойнайды

Қызыл мұрыны жерге бойлайды

Сәбіз – Морковь – Carrot

4.Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,

Пайдаланбас кісі де жоқ.

Су – Вода - Water

5. Отқа жанбас, суға батпас.

Мұз – Лёд - Ice

6. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең, жылатады.

Пияз – Лук- Onion

7. Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас.

Жұлдыз – Звезда - Star

8. Екі ағайынды, екеуі де бір үйде

Бірін-бірі көрмейді.

Көз – Глаза - Eyes

9. Күннің нұрын сүйемін,

Күнге басымды иемін.

Моншағым жоқ мойнымда,

Үлкен қақпақ киемін.

Күнбағыс – Подсолнух – Sunflower

Ү кезең – Бұл қай ғалым? Оқушылар мозайканы құрастыру арқылы ғалымдарды табады. 5 минут уақыт беріледі. 1-10 ұпай арасында беріледі.

  1. Менделеев

  2. К.Линней

  3. Ж.Б. Ламарк

Енді кезек марапаттау кезеңіне өтеді. Әділ қазы алқалары марапаттайды. Сонымен бүгінгі «Қызықты биология әлеміне саяхат» сайысы өз мәресіне жетті. Алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,

Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.

Ей болашақ саулығың өз қолыңда,

Уламасын тәніңді у, санаңды мұң.



Шуақты күндерде жолыққанша!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!