400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ "Шын жүйрікте шаршау жоқ" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні мұғалімдеріне қажет. Сабақтан тыс қосымша сабақ ретінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сайыс тақырыбы: «Шын жүйрікте шаршау жоқ»

Сайыс мақсаты:

Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін байқау. Логикалық ойлауы мен танымдық қабілетін дамыта отырып пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру. Өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация

Сайыс кезеңдері:

1.Жүгіртпе сұрақтар

2. Білгенге маржан

3. Жұмбақтар мен ребустар

4. Білір болсаң тауып көр

5. «Компьютердің пайдасы мен зияны» -пікірсайыс

6. Қортынды

Барысы:

І кезең Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Шын жүйрікте шаршау жоқ» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Шын жүйрікте шаршау жоқ» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың кезеңдерімен таныстырып өтсем.

1.Жүгіртпе сұрақтар

2. Білгенге маржан

3. Жұмбақтар мен ребустар

4. Білір болсаң тауып көр

5. «Компьютердің пайдасы мен зияны» -пікір сайыс

6. Қортынды

Ал ендеше «Жүгіртпе сұрақтар» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап ия немесе жоқ деген жауап болады. .Бірінші айтылған жауап қана қабылданады хормен жауап бермейміз.Тәртіпке және ұйымшылдыққа да қараймыз. Әр топқа 10 сұрақтан береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

І командаға

1. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)

2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)

3. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ — та пайда болды.(ия)

5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)

6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)

7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)

8. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)

9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)

10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)

ІІ командаға

1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)

3. «Информатика» пәні ЭЕМ — нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)

4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)

6. ЭЕМ — нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

7. Процессор — ол компьютердің миы. (ия)

8. Пернетақта, сканер ДК — дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)

9. Принтер — ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)

10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

ІІ кезең. «Білгенге маржан»

Компьютерге байланысты мақалдар айтылады. Айтылған мақалды оқушылар өмірдегі мақалмен байланыстырады.

  1. Күлсең ескірген компьютерге күл (Күлсе кәріге күл)

  2. Антивирусы күштіні вирус ала алмайды (Досы көпті жау алмайды)

  3. Байт биттен құралады (теңге тиыннан құралады)

  4. Вирустан қорыққан, интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес)

ІІІ кезең Жұмбақтар мен ребустар

ІV кезең. «Білгір болсаң тауып көр»

1. Редакциялау дегеніміз не? (Редакциялау дегеніміз-өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету)

2. Көбейтілуге және басқа программаларға жұғуға қабілетті шағын компьютерлік программа қалай аталады? (Вирус)

3. Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы Microsoft компаниясының негізін қалаған кісі кім. (Билл Гейтс)

4.Microsoft Word мәтіндік редакторды қалай іске қосуға болады? (Пуск-Программы-MS Office-MS Word)

5. Графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған программа қалай аталады? (графикалық редактор)

6. Операциялық жүйелердің түрлерін ата? (Windows 95, Win 98, Win NT, Win 2000, Win xp)

V кезең Компьютердің зияны мен пайдасы.

Балалар А немесе Б ұяшығын таңдайды.

 А «компьютердің пайдалы»,

Б «компьютер зиян»

Алынған сөздер арқылы өз пікірлерін ортаға салады.

VІ кезең Қорытынды.

Жарыстың нәтижесін шығару. Оқушылардың белсенділігін атап,ұқыпты,білгір, жылдам,білімді топты марапаттау

Қазылар алқасы есептегенше біз бос отырмайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?
М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А

Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
















М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
990
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі